Өскемен Өскемен ауа райы +9 oC
Семей Семей ауа райы +14 oC

Ақырзаман: ақиқат па, аңыз ба?

(Дауыстар: 30)
  • 26 наурыз 2012, 15:25 |
  • Пікірлер: 225
Ақырзаман: ақиқат па, аңыз ба?Ақырзаман. Атының өзі әрі-сәрі күйге түсіретін, соңғы мың жылдан астам уақыттан бері ауық-ауық адамзатты үрей құшағына орап, дүрліктіріп келе жатқан ақырзаманның келетіні, анығырағы болатыны туралы алыпқашты әңгіме соңғы он жылдан бері тоқтаусыз әңгіме өзегіне айналып келеді. Биыл тіпті үдеп тұр. Себебі ағымдағы жылдың аяғында ақырзаман анық келеді екен-мыс.

Бұл әңгіме жәй әңгіме күйінде қалмай, дүниежүзінің көптеген көріпкелдері мен ғалымдарының, дін өкілдерінің, саясаткерлері мен қайраткерлерінің арасындағы таусылып бітпес пікірталас, дауға айналған тақырып болып отыр. Голливуд киногерлері түсірген ақырзаман туралы фильм де отқа май құя түскендей болды. Сонымен, шынында да ақырзаман таяп келе жатыр ма? Оның 2012 жылдың аяғында болатыны қаншалықты ақиқат?

Жалпы ақырзаман деген не өзі? Оны шынымен де жер бетіндегі тіршіліктің, тіпті жер планетасының тып-типыл жойылып кетуі деп түсінуге бола ма?

Нострадамусқа сенеміз бе, Ньютонға ма?

Жер бетіндегі тіршілікті, тіпті планетаның өзін тып-типыл жойып жіберетін алапат күштің әсерінен болатын ақырзаман туралы әуелі діни кітаптарда баяндалған және оның белгілері келтірілген. Мәселен, пайғамбардың хадисте-рінде ақырзаманның кіші белгілері ретінде ең алдымен Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуі аталған. Себебі Мұхаммедтен (ғ.с.) соң басқа пайғамбар келмейді. Одан соң бала әкеге бұйрық беретін заман болады, қылмыс, сатқындық, зұлымдық көбейіп, ішімдікке әуестік артады, жалған пайғамбарлар шығады, кәпірлер мен мұсылмандар соғысады, байлардың саны артады, құдайға қарағандар, иманды адамдар азайып, олар айналадағы күнәкарлықты көрген соң Алла тағалаға жақындай түседі делінген. Ақырзаманның кіші белгілерінің барлығы түгелдей орындалды дейді ғалымдар. Үлкен жеті белгілерінің де біразы орындалып қойған. Енді Мәдінің келуі, күннің батыстан шығатыны, сөйлейтін Таббатул ара атты жер жануарының шығуы, жер бетіне Тажалдың келуі, Исаның (ғ.с.) түсуі, жер шарын көк түтін басуы, бірі – Батыста, бірі – Шығыста, үшіншісі – Араб түбегінде жер сілкінуі, Яжұқ, Мажүж атты алып халықтың пайда болуы, Құран аяттарының ғайып болып, иманды адамдардың түгесіліп, барлық мұсылмандар көз жұмып, Қағбаның көкке көтеріліп, Иеменнен басталған өрт жер бетін жабатыны сияқты белгілері қалып тұр екен. Ақырзаман болғанда жер бетінде мұсылман қалмайды, оны көрмейді делінеді хадисте.

Ал осы заман ғалымдары ақырзаманды жер бетінде болатын табиғи өзгерістермен байланыстырады. Мәселен, күннің қатты ысуы немесе сууы. Америкалық ғалымдардың пайымдауынша, 2012 жылы күн белсенділігінің артуына байланысты электронды толқын жердегі барлық электр қуатын жойып жіберуі мүмкін. Тағы бір ғалымдар 2012 жылы 21-желтоқсанда күн жүйесіндегі планеталар тізбегі қалыптасады. Соның ретімен басқа да планеталар сап түзеп, нәтижесінде әлем бір кезеңнен екінші кезеңге алмасады дейді.

Ақырзаман туралы болжам жасаушылар ежелгі заман өркениетінің таңғажайып жетістігі болып саналатын ежелгі майя күнтізбесіне де сілтеме жасайды. Ол күнтізбе асқан дәлдігімен таңғалдырады және 2012 жылмен аяқталады екен. Майялықтардың көзқарасы бойынша әлем соған дейін төрт рет өзгерген, яғни, төрт дәуірді бастан кешкен. Олардың барлығы да «табиғи өзгерістер» нәтижесінде өзгерген немесе жойылған. Біз өмір сүріп отырған кезең – оның бесіншісі. Әйгілі физик Исаак Ньютон да 2012 жылдың ар жақ-бер жағында дәуір алмасуы болады деген болжам жасаған екен. Ньютон құпиясы аталатын сол еңбек қазір Израильдің ұлттық кітапханасында құпия сейфте сақталып отырған көрінеді. Ежелгі шумерліктер де аспан әлемінде тағы бір планета бар деп білген. Ол жерге жақындағанда жер бетінде табиғи өзгерістер болып тұрады екен. Ғалымдар соңғы жылдарда бұрын белгісіз бір планетаның пайда болып, жерге жақындай бастағанын байқаған. Ал әйгілі көріпкел Ванга мен орта ғасырдағы Нострадамустың ақырзаман жөніндегі пікірлері екі ұшты.

Жалпы көріпкелдер мен болжаушылыр ақырзаманның болатын уақыты туралы бірыңғай пікірде емес. Оның көбінде 2012 жыл аталғанымен, алғашында кейбіреулері осыдан мың жыл бұрынғы уақытты, одан соң 1033, 1248, 1603, 1658, 1910, 1962 жылдарды көрсетіпті. Енді бір болжаушылар ақырзаманның болатын уақыты ретінде 2000, 2011, 2014, 2016, 2018, 2020 жылдарды атапты. Тіпті британдық ғалымдар ақырзаманның хронологиясын жасап шығыпты. Онда алдын ала болжанса да, болмай қалған ақырзаман жылдары енген. Мәселен, алғаш рет осыдан мың жыл бұрын Еуропаны үрей билеген. Адамдар күнделікті жұмыстарын тастап, шіркеуге барып тығылған. Кейбіреулер мүліктерін кедей-кепшікке таратып, құдайдан жаса-ған күнәлары үшін кешірім сұрап, жалбарынған. Аквитанияға жауған қызыл жаңбыр мен Англия-ға түскен метеорит еуропалықтарды одан әрі дүрліктірген.

Қазақы түсінігіміз қандай?

Ақырзаман туралы айтқанда, алдымен ауызға бала кезімізден естіп өскен аңыз-әңгімелер мен дана билеріміз, данышпан ойшылдарымыз айтып кеткен болжам-дар, нақыл сөздер еске түседі. Мә-селен, олар «Белдеусіз үй болады, белгісізден би болады, сиыр пұл болады», «Қар суы теріс ағады», «Ақырзаман болғанда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар» деген сияқты болып келеді. Бір нәрсені қиынсынып немесе түңіліп отырған адамға басқалардың «заманақырды төндірмей отыр» деп жататыны да есте. «Ақырзаман болғанда жер бетін топан су қаптап, тек қайығы барлар ғана аман қалады екен, ал басқалары балық болып кетеді екен» деген сияқты қорқынышты әңгімелерді үлкендердің балаларға айтып оты-ратынын ұмытқанымыз жоқ. Жас бала бір нәрсеге зеректік танытып, ойының ұшқырлығын аңғартса, үлкендердің «Ақырзаманның баласы деген – осы. Бәрін іштен оқып, біліп туады» деп жататыны да ойымызда. Біз бұл жерде ойға оралып, тіл ұшына ілінгендерін ғана сөз етіп отырмыз. Әйтпесе ақырзаман туралы қазақы түсінік жөнінде таңды таңға ұрып сөз етуге болады. Мәселен, «Мен жасырақ кезімде ауыл ақсақалдарының әңгімесіне көп құлақ қоюшы едім. Әсіресе, ескіше де, жаңаша да (орысша) сауатты, өз заманының білімді адамы болған Заманбек Кенжин деген ақсақал ақырзаман туралы әңгіме айта келіп, оның барлығын ғасырлар тоғысында міндетті түрде небір үлкен өзгерістер болатындығымен түсіндіретін. Осы ойын негіздей келіп ақсақал 1890 жылдардан бастап Совет өкіметінің орнауына байланысты оқиғаларды тілге тиек ететін» дейді бүгінде өзі де жетпіс екіге келген, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында тұрған Кеңесбек Ахметқалиев ақсақал.

– Сондықтан ақырзаман дегенді дүниенің құрып, бітуі деп теріс түсіндірмей, ғасырлар тоғысындағы белгілі бір өзгерістердің болуы мүмкін деп қана білу керек, – дейді ардагер.

Ұлу жайлы жыл болады

Қоян жылын шығарып салып, Ұлу жылын қарсы алар тұста қазақстандық көріпкелдер, оның ішінде жұлдызшылар, құмалақшы-лар да қалың жұртты алаңдатып отырған ақырзаман туралы болжам жасап, өз пікірлерін білдірген болатын. Әлі де айтып жатыр. Олардың дені биылғы жыл адамзатқа, оның ішінде қазақстандықтарға ешқан-дай қауіп төніп тұрған жоқ дегенге саяды.

Көріпкел Мұхтар қажы Сейденов, Қазақстанның құрметті кәсіби халық емшісі, жауырыншы Айсұлу Әмзеева да ақырзаман туралы сөз-дердің бәрі бос қауесет екендігін айтып, елді дүрліктіруге, халықтың үрейін ұшыруға болмайды деген пікірде. Биыл өмірге сәбилер көп келіп, демографиялық ахуалымыз жақсара түседі. Мемлекетімізге іштен де, сырттан да келер қауіп жоқ дейді. Ғалымдар да ақырза-ман дегенді тек бір дәуірдің екінші бір неғұрлым жетілген, дамыған дәуірмен алмасуы деп түсіну керек деп түсіндіреді.
Тақырыпты түйіндей келгенде осынау жарық дүние, діни түсінік бойынша жалған дүние қанша-лықты мәңгілік болса, ақырзаман туралы аңыздың да соншалықты мәңгілік екені ләзім. «Тумақ бар жерде, өлмек бар» екенін ескерсек, бәрі де жалғыз Жаратушының қолында екенін қайталаудан басқа амал жоқ.


Дін өкілдері не дейді?

Нұрлан қажы Асанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы:

– Біз қазір өмір сүріп отырған кезеңді адамзат баласының бастан кешіп отырған кезекті бір дәуірі деп есептесек, ақырзаман дегеніміз соның аяқталатыны болып шығады. Шындығына келгенде діни ұғымдағы соңғы сәт – қиямет-қайым. Оның екі түрі бар. Біріншісі, дүниенің тоқтауы. Екіншісі, адамның дүниеден өтуі. Ақырзаманды мұсылман көрмейді. Ал оның қашан болатыны – бір Аллаға ғана аян. Ислам ғұламалары көне кітаптарға сілтеме жасай отырып, жер бетінде болуы мүмкін табиғи өзгерістер Тажалдың келуіне байланысты туындайды деген пікір айтады. Әр дінде әрқилы айтылғанымен, Тажалдың келуі туралы барлық қасиетті кітаптарда бар. Жалпы пайғамбардың хадистерінде ақырзаман белгілері туралы толығымен баяндалған. Егер әр оқиғаға Құран аяттарымен сипаттама беретін болсақ, оның дәл келіп жатқанына күмән келтірмейміз. Тіпті Ислам дінінің келуінің өзі ақырзаманның белгісі ретінде түсіндіріледі. Жалпы ислам дініне дейін де адам баласына Алладан бірнеше елші жіберілгендігін білеміз. Олар арқылы да ақырзаманның болатыны туралы ескертілген. Бірақ соңғы түскен қасиетті Құран кәрімді ешкім өзгерте алған жоқ. Ол өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Оны Алла тағала өзі қорғап, қорғаштайды. Ол жаратушымыздың адамзатқа берген уәдесі болатын. Сол сияқты ақырзаманның келуі де жаратушымыздың берген бір уәдесі екенін ұмытпаған жөн.

Көріпкелдер не дейді?

Назарбек Қожамсейіт, жұлдызшы:

– Негізінен алғанда, елді селт еткізіп, сенсациялық хабарларды таратуға құмар кейбір шетелдік ақпарат құралдарының соңғы кездері ақырзаман «жасағыш» болып алғаны жасырын емес. Қазіргі таңда кейбір көріпкелдер «2012 жылдың 21-желтоқсанында ақырзаман болады» деп елді дүрліктіріп жүр. Тіпті америкалық Голливуд киноөндірісі түсірген «2012» атты фильмдегі сюжеттер және ежелгі Майя өркениетінде өмір сүрген тайпалардың жасаған күнтізбесінің 2012 жылы 21-желтоқсанда аяқталуы халықты үрейлендіріп отыр. Алайда аталған жайттардың логикалық қисыны бар ма? Әлемді дүрліктірген бұл болжамды өз басым шешіп көруге тырыстым. Тарих тереңіне кеткен көне заманда Майя өркениеті болған. Қазір ғалымдар бұл өркениетке 5200 жыл болғанын айтуда. Майя күнтізбесі, расында, 2012 жылдың 21-желтоқсанымен бітеді. Бірақ бұл «әлемде ақырзаман орнайды» дегенді білдірмесе керек. Ежелгі өркениетті зерттеген ғалымдардың айтуынша, майялықтар ақырзаман турасында еш нәрсе демеген. Мая өркениеті тұсында да жер сілкіністері, күннің тұтылуы болып тұрған. Ал ақырзаманның қашан болатыны бір Аллаға ғана аян. Сондықтан халықтың көңіліне қаяу түсіріп, жақсылыққа деген үмітін сөндіруге болмайды. Осы орайда менің айтарым, биылғы жыл адамзат үшін жаңа кезеңнің бастауы болатынына сенім мол. 2012 жылы жақсылыққа құштар, ақжүрек, кеңпейілді азаматтардың асығы алшысынан түседі. Керісінше, пейілі тар, табиғатты ластап, үнемі жаман нәрсе ойлап жүретін бейбақтар биылғы жылдың үлесінен құр қалуы мүмкін. Бәлкім, қасиетті кітаптарда айтылған «Алтын заман» кезеңі осы 2012 жылдан ары қарай орнайтын шығар. Майя күнтізбесінің 2012 жылы 21-желтоқсанда тәмамдалуы әлемде жаңа өмір сүру стандартын қалыптастыруы ықтимал. Бұйыртса, оны да көре жатармыз.

«Жақсы сөз – жарым ырыс». Адамдарға шөкімдей болса да, жылы сөз қажет. 2012 жылды «Рухани тазару жылы» деп атар едім. Сондықтан Ұлу жылында жақсылыққа бастайтын ұлы өзгерістер көп болады деп кәміл сенемін.

Ертөстік Тасболатов, құмалақшы:

– Мен ақырзаман туралы әңгімені бала жастан естіп келемін. Қазір жасым елу алтыға келді. Әлі сол сөз. Жалпы ақырзаманды құмалақ арқылы немесе жұлдызға қарап болжауға болмайды. Ол тек Алланың ісі. Бәрі бір жаратушының ғана қолында.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz
Айдар: Қоғам

Пікірлер:

роза | 16 маусым 2012 01:53
Барлығы өтірік ақырзаман болмайды, адамдарды алдау, үрейлерін ұшыру, уайым-қайғы шексің деп айтат
Айгерім | 17 маусым 2012 00:21
Барін де бір АЛЛА біледі,Ақырзаманның қашан болатынын жер бетіндегң бір де бір пенде білмейді, біле алмайды да... Бір АЛЛАға сеніп жүрегін таза ұстап, тілін кәлимаға келтірген жандар үшін ешбір болжам қорқынышты емес
рамыбек | 19 қараша 2012 21:24
акырзаман болама аитындар болса не истеисындер .
tleuken | 20 қараша 2012 10:18
ақырзаман болмайды агаын аландамандар тек заман озгереди
Гулнар Хамитқызы | 22 қараша 2012 12:01
Оны әркім жанынан ойлап шығарған ұрпақтарымыз өмір сүру керек біз аллатағаланың бергенін көрдік нор өмір сүрдік енді жас ұрпақтарымыз қиналмасын.
Енді заман емес адам өзгереді, заманды өзгертетін адамдар оларда қанағат жоқ. Адам әрқашан шүкіршілік етпейді.
Жазира Ұзақбаева | 22 қараша 2012 12:06
Ақырзаманға жартылай сенемін. Әрине балаларымның болашағы үшін, болмасын деп тілеймін.
нұрлаш | 24 қараша 2012 16:00
болмайды, ешкім құдай еемс
ақжан | 25 қараша 2012 22:30
бір алланың өзі сақтасын, еш нәрседе болмасын
гулмайдан | 25 қараша 2012 23:29
алла тагала колдап елимиз тыныш, журтымыз аман болсын, акыр заман деген бос соз деп ойлаймын
фко 201 | 26 қараша 2012 00:48
агайын адаспайык бул болжамды ешким дал айта алмайды ол тек бир алланын колында сондыктан уайымдаманыздар не болсада болганын корермиз БИР АЛЛАГА СЕНЕЙИК
арман | 26 қараша 2012 00:49
БИР АЛЛА БИЛЕТ БАРИН, БАСЫМЫЗГА НЕ ЖАЗСА СОНЫ КОРЕМИЗДА, АЛЛА ТАГАЛАДАН БОЛМАУЫН ТИЛЕЙМИЗ!!!!
Ерке | 26 қараша 2012 04:02
Иә, Халайық! Естигенге сенбе, көзіңмен көргенге сен демейме атам қазақ. Бәрі бір Аллаға аян! Сондықтан дүрлігіудін қажеті жоқ деп ойлаймын!
маржан | 26 қараша 2012 09:02
Шынымен де бари бир алланын колында гой. Халыкты омир суру желаниясын кашырмай тынъш журсин осыны шыгарган адамдар.
жансая | 26 қараша 2012 12:51
осы АҚЫР ЗАМАН БОЛАДЫ дегенді шығарып жария қылып жүрген адамдарды яғны КӨРІКПЕЛ ҚҰМАЛАҚШЫ БАЛГЕР ТӘУІП ЕМШІ сымақтарды олім жазасына қию керек !сондай адамадар бұл өмірде қалай тұрад тамақтарынан қалай ас өтедітегі осылар барып ҚҰДАЙДАН барып ойбай ақыр заман болады деген хабар алып келген дей!!!!!!одонда қорықпайма бір ҚҰДАЙДАН!!!Мен сенбеймін ЕМШІГЕДЕ ҚҰМАЛАҚШЫҒАДА ТӘУІПШІГЕ ДЕ Т.Б.на Не болсада бәрі ҚҰДАЙДЫН қолында оданда иманымызға келейік ел не айтты десе сол болуы керек пе болса болажатар болмаса болмайды!не керек елді дүрліктіріп ұялмайма АҚЫРЗАМАН болады деп айтқанға!!!!!!!!!!!!Көппен көрген ұлы той!!!!!!
Альмира | 26 қараша 2012 17:25
Бәрі бір Аллаға аян! Барлығы жақсы болсын!
Нурлан | 26 қараша 2012 17:51
Бәріде бір АЛЛАның қолында!!! Адамзат халқы өсіп өне берсін!!! Ондай алып қашпа аңыз әңгімегі сенбеңіздер!!! Әр адам баласының денсаулығы мықты болып, жұмыстарыңыз алға басып, әр атқан таң қуанышты болсын!!!
Фариза | 26 қараша 2012 19:52
Айдын койшиш
перизат | 26 қараша 2012 23:09
мен сенбеймин бирак куранда акырзаман жума куни делинген 21 желтоксан жума кунине келип тур биракта ол баска жума шыгар ким билсин
гули | 26 қараша 2012 23:46
Салеметсиздерме, бул отирик арине,бирак осы маселе кайдан шыкты. Демек болуы да мумкинк коремиз енди, бул тек жаратушы АЛЛАнын гана колында Алла деп таубемизге келеик Алла деп тилек тилеик елимиз журтымыз аман болсын деп
Пенде | 27 қараша 2012 03:05
Ей адамдар, ешкімнiң құлағына 21 желтоқсан ақырзаман болады деп Құдай сыбырлаған жоқ. Бiр АЛЛАННЫҢ құдіретімен бұйрығымен болатын жағдай болғандада.Болжам жасаудың озіде күнә делiнгенғой, бұл жағдайды айтқан адамдарға жаза қолдану керекқой, себебi кейбiреулер осыны естiп неше түрлі қылмысқа баруы мүмкiн. Сондықтан АЛЛАНЫН ҚҰЛДАРЫ түзу жолдан таймай БIР АЛЛАҒА СЕНIҢIЗДЕР!
АКМАРАЛ | 27 қараша 2012 17:16
ПЛАНЕТАНЫН КУМЫ СЕНДЕРДИН АУЫЗДАРЫНА КУЙЫЛСЫН, БУЛ АЙТКАНДАРДЫН АКЫР ЗАМАННЫН БОЛАТЫНЫ ОТИРИК ЕЛДИ ДУРЛІКТІРМЕН.
айжан | 28 қараша 2012 12:56
баринде 7шелпек пісіріп,АЛЛАДАН жаксылык тілеп,сыйыныңдар, сонда АЛЛАДА адамзатқа көмектеседі
Әсемгүл | 28 қараша 2012 15:41
Акырзаман болады мен оған сенемін себебі мен өз көзіммен табиғаттағы өзгерістерді көрдім Бұл шындық!Маған қорқынышты! Сондықтан осы уақытқа дейін бір-бірімізді қадірлейік! recourse
майгул | 28 қараша 2012 15:57
қазақстанда болмайды ал шет елдерде болуы мүмкін болып та жатыргой боладыы дей берсе болады.жаксы сөэ жарым ырыс жаксыга жорыса болмайды али бул алемде жаксы адамдар баргой солардың кушімен ақырзаман орнамай турады.алла барин де корип тургой оны өзі біледі. еріккен тойган адамдар сандырактай береді тек жаксылык жасай берсеңдер бейбітшілік болады елімізде.
шынар | 28 қараша 2012 19:42
ештенеге сенбик халкым алла болса ештене болмас
Дамир | 28 қараша 2012 20:10
Қорықпаңдар бәрі бір Алланың қолында Бірақ қазіргі заманда адамдар шеттен шығып кетті ақырзаман келмесін десек дұрыс жлға түсейік ағайын
Айко | 28 қараша 2012 20:12
Акырзаман баягыда басталып кетти,казирги жастардын журс турысы бари бари кыздардын бузылуы осынын бари акырзаманнын бастамасы
Айша | 28 қараша 2012 22:41
Ақыр заман болмайды бір адамдардын айткан сөздеріне сенбейік БІР АЛЛАНЫН қолында ешқандай қорқыныш болмасын не болсада баріміз бекен болайық 21 ші ЖЕЛТОҚСАННАН жақсылық күтейік smile
Айша | 29 қараша 2012 10:33
акырзаман болмаиды ол тек халык арасына иртки салушы жаман ойлы пенделердин иси бауырлар бари де бир кудайдын колында
аиткали | 29 қараша 2012 13:59
аига ушип кетемин хахахахахахах
Gani_dos | 29 қараша 2012 18:38
Егер болса кімге болсадааман қалмайды. Бірак оз басым ақырзаман туралы бұл пікірмен мүлде келіспеймін. no бәрі бір жаратушы Алланың қолында!!!
айнур | 29 қараша 2012 20:32
адамдар акырзаманнын болуы не болмауы бари АЛЛАнын колында....осынын барин таратп жургендер жаратушыдан коркпайтн болар.....барлык тиршиликти жараткан бир АЛЛА,оны жоятн да бир АЛЛА....юиз тек онын кулдарымыз......пешенемизге жазганды коремиз....
Ляззат | 30 қараша 2012 00:07
Бари бир АЛЛАНЫН колында! казир акырзаманнын киши белгилери болып жатыр уже.....
муслимка | 30 қараша 2012 00:10
когда иса пайгамбар келеді.....и вот сол кезде акырзаман болады..........
монти | 30 қараша 2012 12:25
Бари бир Алланын колында !!! Иншаллах жамандыктан коргап Алла тагала тек жаксы жаркын кундерди насип етсин!!!
АСПЕНОВ ЕЛДОС | 30 қараша 2012 12:50
АКЫРЗАМАН БОЛМАЙДЫ ОДАН КОРЫКПАНЫЗДАР
АСПЕНОВ ЕЛДОС | 30 қараша 2012 12:54
АЛЛА САКТАСЫН! акырзан деген адам оттапты
Гулдана Е. | 30 қараша 2012 14:00
Иа, бәрi бір Алланың қолында. Тек жақсы лық күтейік, ағайын!
ЖАННА | 30 қараша 2012 15:14
Менің ойымша ақырзаман болмайды. Себебі тарихқа көз жіберсек Нұх пеайғамбар заманында дүниені жаппай топан су басқаны баршаңызға мәлім. Сол замандағы Алланың пайғамбарға берген уәдесі бар екен. Көкке кемпір қосақ шыққанда менің уәдемиді еске алыңдар деген екен. Дүниені жаппай төңкенріс болмайтынын ескерткен. Байқасаңыздар нөсерлі жаңбырдан соң жайдары күн шығып түрлі түсті кемпір қосақ аспанның ажарын кіргізеіді. Демек Уәде Құдай аты деп мақалдатып ақ сөйлеп жүрміз ғой. Келешекте дүниеде не боларын Тәңірден басқа ешкім білмейді. Атың шықпаса жер өрте деп ұран сап жүрген сәуегейлерге айтарым сөздің де таразыланатынын ұмытпағайсыздар!
имаш | 30 қараша 2012 16:24
АҚЫР ЗАМАН БОЛМАЙДЫ!!! АЛЛАҺ ТАҒАЛАДАН ҚОРҚЫҢАР
АБМН | 30 қараша 2012 17:06
Бәрін бір аллаға тапсырдық, Не болса да жұртпен бірге көреміз
динара | 30 қараша 2012 17:10
ақыр заман болмайды. коп оттамандар. беталды сөйлемендерш.
мөлдір | 30 қараша 2012 17:14
ақырзаман болмайды. барін бір алла біледі
Indira | 30 қараша 2012 21:16
Assalauma aleikum musilman bauirlar,sabir saktanizdar.Bari de bir Alla tagalaga malim.akir zaman kawan keletinin Alladan baska ewkim bilmidi
Айгерим | 30 қараша 2012 21:40
Табиғатқа байланысты ғалымдардың бір болжамы бар 21 желтоқсанда " Планеталар тізбегі" болад деген.
Гулим | 30 қараша 2012 23:57
Акыр заман болмайды. Бир Алланын колында. Планеталар бир сапка турады. Бар болганы осы.
Дана | 1 желтоқсан 2012 20:35
акырзаман болмасын, болсада жаксылыгымен болсын. Болса биылгы жас тулектер УБТ-дан кутылатын болдыго
Аружан | 1 желтоқсан 2012 22:29
Ақырзаман болад деп жүрген қайсы а. Осыдан қолыма туссинш сол кезде ақыр заман болады оған. am
Жанна | 2 желтоқсан 2012 00:31
мен акыр заман болады дегенге сенбеймин О АЛЛА ондай сумдыктан сактаныз recourse
Алтын | 2 желтоқсан 2012 16:50
Ақыр заман дегенге сенбеймін. Оны бір алла біледі. Бірақ біздің қоғамда арамтамақ жемқорлар көбейіп кетті. Сол азаматтар ойланып, тәубасына келсе екен. Себебі арам ақша сіздің болашақ ұрпағыңызға кесел болады. Ақыр заман деген сол. Адамдар құлқынның құлы болып, қанағатсыздық жайлап барады, алланың ақ жолымен жүруді ұмытып барады, солар ойланса екен.
Гүлназ | 2 желтоқсан 2012 21:54
Алладан басқа құдай жоқ! Мен бұған келіспеймін! Ешқандай қорқудың қажеті жоқ ,бәріміз бұрынғыдай өмір сүре береміз!40 жыл қырғын болса да ажалы келген өледі деген атам қазақ ! Тек жақсы сөз айтайықшы ағайын, өсекке ермейік!
Айнұр | 3 желтоқсан 2012 00:18
Ақыр заман дегеніміз менің ойымша қазіргі болып жатқан жаман жағдайлар, адамдардың бұзылуы, балағат сөйлеуі, жаман ойлар мен қылмыстар. Болашақ үшін қорқам, барлығына жастар кінәлі дейді, оларға үлгі көрсеткен кімдер? Қазіргі заманның қарттарының жетісіп тұрғаны шамалы, ауыздарынан ұрыс, жаман сөздерден басқа ештеңе шықпайды. БАРЛЫҒЫНА күйе жаққаннан аулақпын, артық кетсем кешірерсіздер.
камалбаи | 3 желтоқсан 2012 08:15
ақырзаман болмайды жақсы тілек тілеу керек адамдар бір аллаға сыйыну керек
Райгул | 3 желтоқсан 2012 13:10
Ақырзаман болмасыншы Өтінемін. Балаларым үшін
Бәрі бір Алланың қолында.
Жупар | 3 желтоқсан 2012 14:20
Мен ақырзаман болады дегенге сенбеймін,бірақта елдің дүрліккен алыпқашпа сөзінен қорқамын, өйткені бала-шағамыз әлі де аяғынан тік тұрған жоқ, мен балаларым үшін қорқамын. Болған жағдайда қолдан не келеді,көппен бірге көреміз де, бәрі бір АЛЛАның қолында
Фарида | 3 желтоқсан 2012 14:52
Жаманды болады, болады деп шақырудың қажеті жоқ,тек жақсы сөз айтып жақсылыққа жорып, АЛЛА тағалаға сеніп тілеу тілеуіміз керек, сонда ғана өмірің жақсылыққа толы болады.
Жайнара | 4 желтоқсан 2012 11:45
аиналайын халкым не истеимиз не деген маскара адамдарды коркытпасандаршы мен бала шагамды ойлаймын sad
Баги | 4 желтоқсан 2012 11:49
Айналайындар не деген маскара базардагы барлық свечаны алып дайындалган несі свеча жандарын сактап калатндай кай кайдагыны шығарып,ондайларынды койындар әлі 1000 жыл өмір сүреміз деп Жайнараны куантып кояиын
аида | 4 желтоқсан 2012 16:00
Ақыр заман болмайды барі Бір АЛЛАНЫҢ ҚОЛЫНДА.ҚОРЫҚПАҢЫЗДАР.
нако | 4 желтоқсан 2012 22:39
қумаңдаршы болмайды болса кореміз енді басқа не истей аламыз.
Жадыра Нұрлан | 4 желтоқсан 2012 22:59
Я алла тағалам барлық мұсылман халқын сақтасын. Барша мұсылман халқы бәле - жәледен аман қылсын. Сендерге көп рахмет барша мұсылман бауырларым сендердің жақсы - жақсы сөздеріңнен соң мына жалған өмірге деген көзқарасымыз өзгерді. Әрқашанда барша мұсылман ағайындар, бауырлар жаратушымыздан тек аманшылық, еліміз, барша мұсылман халқы аман болсын деп тілейік аллам тек бізді колдасын.
ризабек | 5 желтоқсан 2012 01:26
Ақырзаман деген бола ма, болмай ол тек алланың еншісінде.Болмағай деп тілейік жақсы сөз жарым ырыс деген, тек алда уаұыттан жақсылықтар тілейік. Еліміз гүлденіп, халқымыздың жағдайы жақсы болғай. Қазақстан елінің аты әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің біріне ілігіп, бай, қуатты ел болайық. Алланың нұры жауғай. Әлемде Қазақстан еліндей тыныштық орнасын.
Aynimxayat | 5 желтоқсан 2012 15:20
JOldastar-au nege osigan bola bas katirip korkasizdar? Menin de dostarim 21de uyimizge keyemiz-olsek ake-wewemizdin aldinda oleik dep otyr, kazirden bir-birimen kuwaktasip ,kewirim surasip jatyr wink Men olarga tan kalip kulem.Tak chto sizderde senbenizder!Munin bari bos sandirak!Bul jalgan kawan paida bolip kawan kaita joyilip ketuin bir ALLA gana biledi go.Sattilik senderge uayimdamandar ali-ak uzak omir suremiz
Айнымхаят | 5 желтоқсан 2012 15:39
Шет елдиктер киноларды шыгарганы соншалык адам кайсы бирин корип улгереди, сол ушин олар жанаша багытта оз бизнестерин жургизу ушин 2012ни ойлап тапты да адамдардын назарын соган аударды, натижесинде сол кинолар коптеген пайда акелип жатыр. Мен ол кинолардын 1нешеуин корип тастадым, менде ешбир сезим болган да жок. Буны - БИЗНЕС дейди бауырлар. Оданда болашак туралы тын ойларды бизде шыгарайык жузеге асырайык американдыктар секилди. Ал осы акырзаман дегенге сенип журген журагат 2012 ж 31 желтоксанды куана-куана карсы алайык жане 22-23 желтоксанда тилдескенше аман сау болындар!
Ақниет | 5 желтоқсан 2012 16:01
НЕ болды халхым-ау.......... Алланың бар екені енді естеріңе түсті ме, жанжарың тәтті болғаны ма сонда, сенднрдің байлықтарың бір тиын, рухани байлық жина дүниенің соңына кетпей, Алла алам десе жаныңды қазір ақ алады.. иманға кел, адам алғанша жаныңды Жаратқан өзіңді Аллаң алсын...............
Дина | 5 желтоқсан 2012 18:13
Сәлеметсіздерме? Ақырзаманның түбірде бір болатыны рас! Ол тек қай уақытта, қай күні болары бір Аллаға ғана аян. Жер бетінде адамзат жаман іс әрекеттерге барып, лас тірліктермен көп айналысса ақырзаман жақындай түседі. Ал адамзаттың пейілі дұрысталып, иманды жылы жүректі болып жақсы іс әрекеттер жасаса ақырзаман алыстай түседі деп үлкен апа - әжелеріміздің айтқан сөздері ойыма оралып отыр. Алла жүректеріңізге иман ұялатсын!
EkOnYa | 5 желтоқсан 2012 20:07
Ақырзаман деген созді шығарған кім?????????? кім болсада АЛЛА-дан қорықпайды екен кешірініздер бұлай айтып отырғаным үшін, бірак расыменде неге олай шыгарады?! хехе)) ақырзаман болады дейді бірак кашан???????21-і.. деп барі шулап жүр тіпті менің достарым 21.12.12 деп реп шыгарып жүр сұмдык-ай))) Ей халайык онын бәрі тек қана бір АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ колында)) дұрыспа??? ғалымдар 21-і болады деп аныктады делік ол дал казір болып кетуіде мумкін ҚҰДАЙ сактасын бірак)сондада достар жоні жок сойлей бермейік сендерден отінерім сол)тек бір АЛЛА ТАҒАЛАҒА сенейік)))) 05.12.12 жыл сағат 20:06)))
EkOnYa | 5 желтоқсан 2012 20:09
не болсада бірге коремізго)))) ИА кұдіреті күшті АЛЛА ондай жамандыктан сактай кор))
EkOnYa | 5 желтоқсан 2012 20:11
не болсада аке-шешеміз, бауырларымыз, достарымыз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілейік)))))
халима | 5 желтоқсан 2012 20:55
Акырзаман болмайды барша адамзатка айтарым сабырлык сактап тек бір аллға сеніңіздер. Ниеттеріңіз ардайым түзу болсын smile
Елмурат | 5 желтоқсан 2012 21:09
Бунын бари бос далбаса !Акыр заман айтып келмейди !барлыгын истеп отырган адамдар дуниени ластауы зорлык зомбылык адамдардын арекети !ар нарсенин сурауы бар дейдигойбари бир Алланын колында алса ажалыннан кашып кутыла алмассын!!!!
гулмайра | 5 желтоқсан 2012 22:33
бари бир алланын колында даурыкпаныздар ен бастысы ниеттериниз тузу пейилдериниз ак болса болды
Мадина | 5 желтоқсан 2012 23:17
Алла тагалам барша мусылманды ондай сумдыктан сактасын,мен акыр заманнын болатыннына сенбеймин. Мен ойлаймын олай ойлайтын адамдар аллага сенбейтин адамдар деп. Алла тагаланын ози айткан барлык жагдайда адам баласы сабырлы болуы керек деп. Сол ушин сабыр сактап ондай осектерге сенбейк.
Акнура | 5 желтоқсан 2012 23:29
түбі баратын жеріміз, ешкімде маңгілік емес тек Алладан басқа, Ақырзаманнан несіне қорқасыңдар! Басымызға салғанын көрерміз да
Мөлдір психолог | 6 желтоқсан 2012 11:06
Затмение болса екен деп ойлаймын,кәзір алладан емес адамнан қорқатын заман болдығой.Кішкене бір өзгеріс болып,адамдар аман қалғандарына тәубәсін айтып,намазға бет бұрып,ауыздарына әрдайым алласын айтып жүрсе екен,жандары қиналғанда ғана құдайларына сиынбай.
Жанар | 6 желтоқсан 2012 11:58
мен ойлаймын жер бетінде бірде бір мұсылман жан қалмаған жағдайда
Гулжахан | 6 желтоқсан 2012 20:43
Я Аллам жамандықтан сақтаныз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсыншы. Ақыр заман деген жаман сөзден істен аулақ болайықшы: Еліміз енді өсіп енді өркендеп келе жатжканда жамандыққа акеменізші. Елімізде көптенген иманды адамдар баргой сондай имандылар көбие берсін. АЛЛАҺ жалғыз АЛЛАҺ біреу соған сенейік тәубә етейік. АЛЛАМ осы айткан сөздеріме құлақ салып қабылғыла көр. ӘМИН, ӘМИН қабыл болсын. Барша мұсылман қауым сабырлы және төзімді болайық жамандардын айтқан сөздеріне құлақ аспайық. Жақсылыққа жорып амандықты тілейік. Жүрегімізге ИМАН ұяласыңшы: Барша мұсылман қауым. Сәждеге басымызды тигізіп АЛЛАНЫҢ Ұлы жолына түсейікші мұсылман қауым.
Аселька | 6 желтоқсан 2012 21:31
акыр заман болмайды мен сенбеймин! бари жаксы болды, Тек АЛЛАга сенейк!!! smile
Балшекер | 6 желтоқсан 2012 22:07
Алладан баска ешким де корипкел гулама емес Тек кана Аллага снейик агайын Журегинде иманы бар адам тек АЛЛАГА гана сенсин Акыр заман болмайды
Ғалымжан | 7 желтоқсан 2012 00:06
адам өзін сендіру арқылы соған итермелейді негізі сенім болу керек, өмірге деген құштарлық керек сол кезде ғана ақырзаман болмайды. Американдықтар, Англиялықтар не болды кино да тусіріп жатыр небір бағдарламалар да беріп жатыр ақыр аяғында соған сенгендіктен топан су басып отқа оранып жатыр. Тек қана сенім керек болмайды ақырзаман, АЛЛА өзі берген жанын қай кезде керек болса сол кезде алады ешкімнен сұрамайды, сақтансаң сақтаймын деген АЛЛАМ жақсы сөз жарым ырыс, так что бауырлар еш нәрсеге алаңдамау керек болған нарсені көппен бірге көреміз дағы.
нурик | 7 желтоқсан 2012 00:38
ешқандацда ақыр заман болмайды еш дүрлікпеңдер ағайын
Айнур | 7 желтоқсан 2012 10:45
ештеңе болмайды жақсы зат ойлайық
Салтанат | 7 желтоқсан 2012 11:36
Халайық! Лайым айтқандарың келсин. Бирақ өз басым балаларым үшин уайым жеп жүрмін. Ишим бир нарсени сезетин сияқты. Типти бир құбылыстың болатынын. Аллам палесинен сактасын! Ағайын сол үшин тілімізді кәлимаға келтирип, иманға бет түзеп, қыздарымыз өз абыройына ие болып, ұлдарымыз өз намыстарын жерге таптамай, бала әкеге едиреңдемей, қыз шешеге бездеңдемей, біреуге қиянат қылмай, момынның ақысын жемей, ала жипти аттамай құдайға купірлік келтірмесек АЛЛА бизди арқашан аман сақтайды деп сенейік. ОЙЛАНАЙЫҚ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМ!
ИНДИРА | 7 желтоқсан 2012 12:07
САЛЕМЕТСИЗДЕР МЕ?! Сиздердин пикирлеринизди кордим,естидим! Ия, ешким олгиси келмейди! неге сонша олимнен коркасыздар! туптин тубинде олемиз гой! Адамдар бул омирде конак екенин умытып та кетеди! Акыр заман тура осы жылы болдады дегенге мен де сенбеймин! Бирак туптин тубинде болатыны анык емс па?! Ешкашан оздеринизге сенимди болып не болады, не болмайды деп дуп басып айтуга болмайды! Алла бар, Алла корип тур, тек Алладан куналарынызды кеширип, жакындарызды жанатты насип етсин деп тилениздер!
ардақ | 7 желтоқсан 2012 12:53
ақыр заман болу-болмауы бір алланын колында
жанатбек | 7 желтоқсан 2012 13:06
бола ма болмай ма бизге оның қатысы жоқ тек бір Аллаға сенейік
Ерлан | 7 желтоқсан 2012 14:53
Бір Алла ғана біледі.Сандырақтай бермеңдер
айгүл | 7 желтоқсан 2012 15:26
ақырзаман болмайды деп ойлаймын алланың қолында бәрі
меруерт | 7 желтоқсан 2012 16:15
Мен ақырзаманның болатынына сенемін ол болыпта жатыр кей елдерді су шайып жатқан жоқпа сол себепті менің пікірім былай қашан және қалай қай кезде болатынын бір Аллаға ғана аян сол себепті әліде болса кеш емес калимаға келіндер иман келтіріңдер сауапты іс істеңдер
Талгат | 7 желтоқсан 2012 17:24
Ол өтірік Казактар сенбендер бір аллага сеніндер алладан баска танір жок
ERDAULET | 7 желтоқсан 2012 18:15
AKIR ZAMAN BOLMAIDI... DEP OILAIMIN
Ботакөз | 7 желтоқсан 2012 18:29
Құдай сақтасын,ақырзаман болады деп айтқан адамның өз басына көрінсін
САЛТАНАТ | 7 желтоқсан 2012 21:56
акырзаман болсын-болмасын,,,,,неге бурын болмаган табиги апаттар болып жатыр????неге Алла деген жазулар коп шыгып кетти,,соны оилауымыз керек осынын барин адамдар оз колымен жасап,сонын жемисин корип жатырык емеспе??????мен 50-50 деген оидамын,,,,осы болып жаткан кубылыстар жаксы емес,,,ойланындар адамдар!!!!!!!!!!!
Бека | 7 желтоқсан 2012 23:07
ҚУАЛАМАНДАР ҚАЗАҚТАР.
БИРЕУ МАСАЙЫП ОТЫРЫП АЙТА САЛҒАН СӨЗ ҒОЙ ОЛ.
УАЙЫМДАМАНДАР wink
досым | 7 желтоқсан 2012 23:17
........................................................................
................................................
аянат жалгасбаева | 8 желтоқсан 2012 00:11
бір алла білер коорыкпандар
Маржан | 8 желтоқсан 2012 01:19
Ақырзаман болмайды,жақсы нәрсе ойлау керек сонда ешнәрсе болмайды.Көп тілегі көл дегендей жақсылықты ғана ойлайық
Майра | 8 желтоқсан 2012 01:26
Қазақстанда барі жақсы болады,қорқатын ештеңе жоқ
Жанар | 8 желтоқсан 2012 01:39
Ондай өсектерге сенбең баяғыда 2000,2011де болады деп еді болдыма,2012дегені сондай өсектрдің бірі гой,бұрынғы ата бабаларымыз тасаттық жасап қауіп қатердің алдын алған. Құдай сақтасын бетін аулақ қылсын,халқымыз аман жерімізде тыныштық болсын.Аман болайық!!!Оны ешкім білмейді тек бір алла ғана аян.
zulfia | 8 желтоқсан 2012 16:39
ақыр заман болады барша жұртққа аяан гои no
нурбек | 8 желтоқсан 2012 19:46
корыкпандар акыр заман казыр болмайды онын бары отырык
Акжунис | 8 желтоқсан 2012 20:53
Барлык мусылмандарга алла тагала жар болсын.иа кұдіреті күшті алла акырзаманнан сактай коринизші.
ЕРБОЛ | 8 желтоқсан 2012 23:06
АЛЛАГА СЕНДЕР ЕЛДЕР АИТА БЕРЕДИ
бота | 8 желтоқсан 2012 23:26
Гулнар Хамитқызы,
Гулнар Хамитқызы,
Гулнар Хамитқызы,
Гулнар Хамитқызы,
АБМН,
Ботагоз | 8 желтоқсан 2012 23:28
айтып журген адамнын басына акыр заман келсин.ешкандайда акыр заман болмайды 100%гарантия
ммм | 8 желтоқсан 2012 23:31
сол созди айтуга корыксандаршы, angry
белгісіз адам | 9 желтоқсан 2012 01:40
бір Аллахтан басқа ешкім білмейді өз басым сенбеймін
Абуталипкизи АЯУЛЫМ | 9 желтоқсан 2012 12:13
акырзаман ешкашан болмайды,болган кунде де болады деген адамнын басында болады, tongue
Асел,Айнур | 9 желтоқсан 2012 17:06
wink оны кім шығарып жургенін білмейміз бірак акырзаман болмайды.......оган сенбеніздер............оны кім білет барин бір алла гана біледіго коріпкел,кұмалакшы т.б сенбеніздер барида отирик"болса халыкпен бізда олерміз корыкпандар дүрлігудің кажеті жок tongue wink winked smile fellow lol what
Алмат | 9 желтоқсан 2012 19:11
кудайдын ози сактасын акырзаман азир болмайды али алда талай киындыктар бар
ерасыл | 9 желтоқсан 2012 21:36
ақырзаман 21желтоқсан күні ақырззаман болама am
ержан | 9 желтоқсан 2012 22:41
ақыр заман болмайды. Бір аллаға сыйынып , алланы медет тұтайық. Алайда жаман әдеттерден арылып, тілімізді калимаға келтіріп, істеген күналарымыз үшін алладан кешірім с ұрайық. Алла мейірімді.
Алмат | 9 желтоқсан 2012 23:11
Бір аллағана біледі бұл әңгіме әлемді дүрліктіру үшін жасалған біреудің ойыны
Алма | 9 желтоқсан 2012 23:25
Бәрі бір Алланың қолында!
Нуржекен | 10 желтоқсан 2012 00:01
заман озгермейдй адамдардын коз карасы озгереди
Бақытбекұлы Назарбай | 10 желтоқсан 2012 09:17
мұнкун болат мұнкун болмайды оны бір аллақ біледі laughing
Перизат | 10 желтоқсан 2012 12:47
роза,
роза,
Ерлан,
Сіздің пікіріңіз
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Шілде 2014    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031