Өскемен Өскемен ауа райы −10 oC
Семей Семей ауа райы −11 oC

Қазақстан жұлдыздарының концерті Алматыда өтеді

(Дауыстар: 1)
Алматыда 5-6 сәуір күндері Республика сарайында Республикалық Ұланның 20 жылдығына арналған Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

Қазақстан жұлдыздарының концерті Алматыда өтедіОған Айман Мұсақожаева, Нұрлан Өнербаев, Арыстанбек Мұхамедияұлы, Мұрат Шалабаев, Досымжан Таңатаров, Ардақ Балажанова, Элмұра Жанабергенова, Клара Төленбаева мен «Белес», «Аламан», «Ғасыр» топтары сияқты түрлі өнер шеберлері қатысады.

Республикалық ұлан 1992 жылы 16-наурызда ҚР Президенті Жарлығымен Алматы облысы Қарасай ауданындағы Кроасный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде құрылды. 1995 жылдың 5 желтоқсанында Елбасы «Респуликалық ұлан туралы» Заң күші бар Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей ҚР Президентіне бағынатыны және ҚР Қарулы Күштері құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық ұлан Мемлекет басшысы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қараша 2014    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930