Өскемен Өскемен ауа райы +8 oC
Семей Семей ауа райы +3 oC

О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» туындысын кітапхана сайтынан да оқуға болады

(Дауыстар: 7)
  • 26 сәуір 2012, 09:30 |
  • Пікірлер: 1
О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» туындысын кітапхана сайтынан да оқуға боладыЖ.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Бір ел - бір кітап» іс-шарасының биылғы жылға арналған ашылу салтанаты болды.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынова бастаған «Бір ел - бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті мүшелерінің шешімі бойынша биыл Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» кітабын оқу таңдалған болатын.

Шара барысында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ профессоры Серікқали Шарабасов Оралхан Бөкейдің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы әңгімеледі.

Жиылғандар «Оралхан - Алтайдың ақиығы» атты көрмені тамашалады. Мұнда «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» секілді шығармалар жинағы мен баспасөз беттеріне жарияланған Оралхан Бөкей жайлы естеліктер қойылған. Орыс тіліне аударылған шығармалары да бар. Көрме жыл бойына акция аяқталғанша жұмыс жасамақ.

Ғаламторда Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың сегіз жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан www. Zkolib. Kz арнайы сайты бар. Сайттағы «Бір ел - бір кітап» деген арнайы беттен аталмыш акция жөнінде кең мағлұмат алуға, сондай-ақ Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер оқуға болады. Оралхан шығармаларын көпшілікке насихаттау бағытында жыл бойына ұйымдастырылатын шаралар да көрсетілген. Сайтта биыл ел болып оқитын «Қайдасың, қасқа құлыным?» әңгімелер жинағының да электронды нұсқасы толық берілген.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат

Пікірлер:

мадина | 9 мамыр 2012 21:09
өте керемет казиргі кезде кітапты өте көп оқу керек
Сіздің пікіріңіз
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Сәуір 2014    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930