Жаман келін қайдан шығады?

(Дауыстар: 22)
  • 26 сәуір 2012, 17:35 |
  • Пікірлер: 73
Жаман келін қайдан шығады?

Қазақта «жақсы келін келін, жаман келін келсап» деген сөз бар. Әркім де әулетіне түскен келінінің жақсы болғанын қалайтыны сөзсіз. Десе де жаман келін қайдан шығады, осы? Келін жаман атанса, енесінің де жаман болғаны ғой онда? Қалай десек те ене мен келін арасындағы қарым-қатынас мәселесі қашаннан да өзекті мәселе екені шындық. Бүгін бұл тақырыпты біз де қаузап көруді жөн санадық.

– Мен үлкен махаббатпен күйеуге тиген едiм. Күйеуiмді жақсы көрдім. Бірақ сол үйдің табалдырығын аттағаннан-ақ енем маған жылы қабақ танытпады. Жақсы келін болуға тырысып, иілген сайын, қыздарымен қосылып мені кемсітіп, қорлап бақты. Тіпті енем күйеуімді де менің көзімше «сен сүмелексің, есексің, қолыңнан түк келмейді» деп балағаттап отыратын. Не керек, ақыры енем бізді ажыратып жіберді. Бақытымызға балта шапқанымен қоймай, «егер екеуің қайта кездессеңдер, қырам, жоям» дейтінін қайтерсің, – дейді Назым атты келіншек. – Ендi күйеуiм "үйленбеймiн" деп отыр. Үйленсе осы жағдай тағы да кайталанатынына сенiмдi. Ал менiң бүлінген тағдырымның жауапкершілігі кімде? Қазір өмірден қажып, түңіліп жүрмін.

Әрине, біз Назымды ақтаудан аулақпыз. Мүмкін Назымнан да көп қателік кеткен болар. Бірақ бүтіндей бір отбасының ойраны шықты емес пе? Кейбір мәліметтерге қарасақ, Қазақстанда шаңырақ көтерген әрбір төртінші некенің ғұмыры тым қысқа болады екен. Мысалы 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрса, олардың 40 982-сі ажырасып кетіпті. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда, 5 733-ке артық көрінеді. Сонда қалай? Барған жеріне қыздарымыз неге қадірсіз? Неге «тастай батып, судай сіңе алмай» жатыр? Байқағанымыз, келіншектердің көпшілігі Назым секілді ажырасуға басты себепкер ретінде енелерін кінәлап жатады. Сонда сол қыздардың бәрі сүттен ақ, судан таза ма? «Келінді аяғынан» дегендей, жаңа түскен келінге сын көзбен қарау қашаннан бар нәрсе. Халық арасында жиі айтылатын әнде де:
– Алдыменен өзіңнің енең сынар,
Емендей бол, бұл сынға емен шыдар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар,

– деген жолдар бар емес пе? Кейде қыздарымыздың енесімен керісіп жататын себебі осынау сынға әзір еместігі ме деп те ойлайсың іштей. Бірақ кез келген ененің алдына қойған мақсаты – келінді «келсап» етпей, тәрбиелеу болса керек. Қазақта келін мен ене арасындағы қарым-қатынас үлкен бір институт десе де болады. ТӘрбие, өнеге аларлық небір келіндер мен енелер бар. ¦лы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы зерделі ене Зере мен ұлағатты ана ¦лжанның ене мен келін ретіндегі қарым-қатынасының өзі қандай? Қазақта «Келін – қайын ененің топырағынан жаралады» деген сөз де бекер айтылмаса керек. Олай болса, келіннің жақсы болмағы ең Әуелі өз анасына, содан соң енесіне де байланысты.

Осы арада облыстық Жамбыл атындағы драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Шолпан Лақаеваның енесі жайлы Әңгімесін келтірсем артық бола қоймас.

– Келін болу біреуге жар ғана емес, бүкіл бір отбасының арғы, бергі жақын жұрағат, туған-туысқандарына тірек, сая, қамқоршы болу деген ұғымды білдіреді. Соның ыстығына күйіп, суығына тоңып барлық қызығын қуанып-бөлісу. Марқұм күйеуім Бақытжанның анасы, менің енем екеуміз ене мен келін жолын жақсы атқардық. Ол кісі өзіне тиісті нәрселерімен айналысты, ал мен келін ретінде өзіме қажетті шаруамен айналыстым. Біріміз жоқ болсақ, біріміз алмастырдық. Ол кісі ешқашан артық сөйлемейтін, біреудің артынан жамандамайтын, айтатынын бетке айтатын, тазалық пен тӘртіпті алдыңғы орынға қоятұғын адам еді. Менің істеген істерімнің бәрі ол кісіге ұнайтұғын да, соған риза болатын. Дәмдес болған 26 жыл ішінде бір ауыз сөзге келісіп көрген емеспіз. Есіме түскен бір нӘрселерді қозғап өтейін, кішкентайлы болғаннан соң балаға шұлық тоқи бастадым. Қысты күндері кешкісін енем екеуміз Әңгімелесіп, ол кісі жіп иіріп, мен тоқып, өткен-кеткенімізді сөз етіп, сырласатынбыз. Енемнің қонақ күткені де ерекше еді. Барлық нан өнімдерін түнімен отырып пісіреміз. Ол деген аппақ ұннан болуы және әдемі жасалып, дәмді болуы керек. Кейде тіпті татар ұлты тамақты жақсы дайындайды деп, соларға да тапсырыс беретін. Үстелдің мейлінше мол болып, жайнап тұруын қадағалайтын. Енем бір өзі Әйелдің жӘне ер адамның жүгін арқалады. Күз түсе бере ағаш, көмір, шөп, басқа нӘрселерді айтпағанда бәрі-бәрі осы кісінің мойнында еді ғой. Соның өзінде мойымай, шаршағанын білдірмей, әдеміленіп киініп, тықылдап басып жұмысына кетіп бара жататыны Әлі көз алдымда. Осының бӘрі мен үшін, менен кейінгілер үшін де үлкен сабақ, – дейді ол.

Иә, «қызым келіннен, ұлым елімнен ғибрат алып өседі» дейді халық даналығы. Ұлтымызды өсіретін де, өшіретін де – келіндер. «Келіні жақсының керегесі алтын». Ендеше келіндеріміздің әдепті, инабатты болғанын тілейік, ағайын!

Мейрамтай Иманғали
Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz
Айдар: Қоғам, Мәдениет | Кілт сөдер: келін

Пікірлер:

РайНа | 27 наурыз 2013 22:10
ия ене мен келін әрдайым сөз болатыны айдын анық...
РайНа | 27 наурыз 2013 22:13
ене оз орнын білсе, келін әрдайым келін болып қалады. ешқашан келінді қызындай көрмеген, көрмейді де. Өйткені ол келін)))
келин | 29 маусым 2013 01:40
Мен енемнин минези ушин мени жактырмаганы ушин баласын кызганганы ушин ажырастым. Осы енелер кезинде оздеринин де келин болгандыгын калай тез умытып кетеди? Алып отырган келинлери биреудин алпештеп осирген кызы. Ол да оз отауымды курсам екен деген н иетпен куйеуге шыгады. Жасы 30га жакындап озимен ози омир сурип уйренген кызды тарбиелеймин деу кате нарсе. Гулдин озин уйине акелгенде аялап осирмесен ол да солып калады. Кызы ретинде карап ман жайды жаймен тусиндирсе ешкандай келин карсы болмай одан сайын сине тусер еди тускен табалдырыгына. Сондыктан кудай енелерге акыл берсе екен деймин. Жетим калып жаткан немерелерин ойласа екен жане жаксылык жасаймын деп тек оз басын ойламай осирген улдарынын да болашагын ойласа екен. Бирак казирги енелер бул сайтка кирип муны окыса канеки.
Айым | 8 шілде 2013 23:49
"Ене деген кене" емеспе, менің енем не істесем де жақтырмайды, үнемі бала таппағанымды бетіме басып, кекетіп-муқатып одан қалса әке шешемді мазақ қылып қорлап отырады. Мен келін болғаныма 4 жыл болды еш балалары енемнің мінезінен онымен тұрғылары келмейді. Ал менің күйеуіммен сыйыспасада ол шешесін қимайды
анар | 6 тамыз 2013 14:08
Мен енеме келин болган куннен бастап асты устине тусип айттырмай истейтинмин бирак ол содан кутырып кетти. жаксылыкты тусинген жок. макал бар емес пе таспен урганды аспен ур деген. жок мен олай истей алмадым. ол мени тас пен урды мен оны кубалмен соктым.
анар | 6 тамыз 2013 14:09
Мен енеме.келин болган куннен бастап асты устине тусип айттырмай истейтинмин бирак ол соданкутырып кетти .жаксылыкты тусинген жок.макал бар емеспе таспен урганды аспен ур деген.жок мен олай истей алмадым.ол мени тас пен урды мен оны кубалмен соктым
Кыздарики | 7 тамыз 2013 20:50
Ене канша дегенмен енелiгiн корсетедi. Бiреудiн перзентi бiреуге жагушы ма едi. Бiрак енелер колындагы келiндерi озiнiн кызы сиякты бiреудiн аялап осiрген кызы екенiн умытпаса екен. Канша дегенмен келiндер омiрге сразу келiн болып келмеген гой, ол да кезiн емiн- еркiн оскен кыз болган. Осыны енелер де куйеулерi де умытпаса екен. Еркiндiкке не жетсiн шiркiiiн!
мадина | 19 тамыз 2013 18:18
Озим тазалыкты катты жаксы коремин. Уйдин тирлиги бир озимнен артылмады. Абысынымды жумыска шыгарып 6 айлык баласын да озим карап отырдым. Ешкимнин созин еки етпедим. Журттын барлыгы маган кызыгатын. Бирак енеме сонда да жакпадым. Атейилеп сылтау тауып маган тиисуин коймады. Баласын менен кызганды. Ози огей болатын. Бала котерип тумаган. Менин котергенимди де жактырмады. Неге ерте котердин деп те тиисти. Барлык нарсеге тыйым салып дегенин истетти. Торкиниммен араласуды да койдым. Барлык адамды маган карсы койды. Куйеуим екеумиздин болмемизге тунде де кирип алып бирденелер истеп отыра беретин. Уйыктамайтын. Акыры шыдай алмадым. Ишимдеги 6 айлык баламмен торкиниме кетип калып, осында босанып алдым. Мине балам жасына да толып калды. Бирак ешкайсысы дажы куйеуим де баласын бир коруге келмеди. Себеби анасынын созинен шыга алмай ауылда калып кеткен болатын. Бирак куйеуим але кунге маган звондап турады. Ишип алады. Сагындым. Коргим келеди. Кайта косылайык диди. Естуимше мамасы менинмен кездессе олемин деген екен. Неге ене булай истейди екен тусинбедим. Ози де кезинде келин болды емес пе? Отинемин сиздерден келин жаман, келиннин тарбиеси болмаган деп бар кинаны келинге тага бермениздерши. Бир комалак бир карын майды ширитеди демекши кейбир келиндердин кесиринен барлык келиндерге айыпсыз кина тага беруге болмайды гой. Сол отбасыны бакытты кыламын деп барган едим. Барине конип едим. Бирак сонда да ажырастырып тынды гой. Ал енди бакытты болып отырган шыгар баласын кушактап. Жек коремин енемди. Менин гана емес баламнын да букил омирин болашагын куртты емес пе. Не дейсиздер сиздер менин бул енеме. Жауап бериниздерши
Кайрат Акбота | 20 тамыз 2013 23:02
Кыздар, енелерин сендердин суйикти жарларыннын анасы. Бес саусак бирдей емес,сондыктан жамандауды догарындар. Сендердинде аналарын бар,ал женгелерин солай жамандап отса калай болады. Ол сендерге акыл айтып отырса,билмегенин билсин,уйренсин,оз бетимен кетпесин дегени. Сиырга тускен кун бузаугада туседи. Умытпандар. Казир енелерине канша жаксылык пен жамандык истесендер, ол миндетти турде Алланын калауымен бир кун болмаса бир куни алдына келеди.. Ойланындар кыздар жане барине бакыт тилеймин!
Гулжанат | 6 қыркүйек 2013 00:31
Ене ене емес кене! Осы соз расымен айтылган!
Жанар | 8 қыркүйек 2013 00:15
Енеге кызы болса болды, ал келинди кул деп санайды.
келин | 17 қыркүйек 2013 00:10
Жанар, дурыс айтасын.
Мария | 19 қыркүйек 2013 12:43
Бес саусақ бірдей емес біреудің келіні жақсы, біреудің енесі жақсы олай енелерді кіналамау керек әр ата-ана өз баладарының жақсы болғанын қалайды. Алайда қазіргі келіндердің көпшілігі қиындыққа шыдамайды, піс аузыма түс, ештеңеге бастарын ауыртпайды сәл қиындық болса ажырасам деп шығады түбі келгенде соның зардабын шегеді.
жемис | 4 қазан 2013 01:07
Мен енеммен 23 жыл бірге тұрамын. Енем жақсы. Кейде ұрысып алады, сондада шыдаймын балаларым үшін. Күйеуімді жақсы көрем, ол анасын сыйлайды. Біз баланың кенжесі болған соң, бірге тұрамыз ғой. Менің екі қыз, бір ұлым бар. Ұлым осындай жақсылықты құрметті маған да жасайды ғой. Келіндер, соны ойлау да керек. Кішкене ойланыңдар, айналайындар.
ЖЕМИС | 4 қазан 2013 02:02
Мария, сіз өте дұрыс айтасыз.
жемис | 4 қазан 2013 22:47
Мен енемнің күнде кешке екі аяғын, белін сылап, алтыншы күн сайын шомылдырамын. Анда-санда жақын жерде қайны апам тұрады. Мен мамамның аяғын сылайын деп келдім деп он-он бес минутқа келіп кетеді. Сонда менің 23 жыл еңбегімді жоққа шығарады. Соған ашуым келеді. Солай жасауға бола ма? Айтындаршы.
Молдир | 7 қазан 2013 11:26
Ене де өз анаң сияқты, меңінше, келіндерде бар проблема. Бір ұрысқанын сөз ететін келіндерге айтарым өз аналарыңыз да кезінде ұрысқан шығар. Сіздерді ол ене де сол аналарыңыз сияқты жаман болсын деп ұрыспайды. Егер шынында да жаман болса, ене кңшкене жұмсақтау болып алдаусырату керек. Және келіндердің ата-анасы қандай болса, сол келіннің өзі де сондай. Жақсы енені жаман деп жататын келіндер де бар. Сол секілді тәрбиеге байланысты ене мен келіннің қарым-қатынасы. Өз басым болашақта жақсы болсын жаман болсын, Ата-Енемнің бар болғанын қалаймын. Ата-ененің батасын алмаған келін бұл өмірде жаман болмаса жақсы болғанын есітпеппін. Жаман келін алған талім-тарбиесінен шығады. Қазір ата-әжелерңмздің болғаны жақсы. Ата-әженің тәрбиесін алған баланын жаман болып өскенін көрмедім өз басым. Сол секілді болашақтағы балаларымның ата-әжесі болғаны өте жақсы.
нургул | 8 қазан 2013 04:02
мен сиздин пикиринизге толыгымен келисемин,казирги келиндер енеси Бір сөз айтса долданып, киім жинап кетіп қалад. Өйткені анасы солай тәрбиелеген. Қайтіп келсе қосыла жамандап отырад. Қыздар шүкіршілік етіңдер, енелеріңнің болғанына. Менің енем қайтыс болды, маған өте қиын. Әйтеуір баласына ақылын айтад, ол ана ешқашан баласына жамандық ойламайды. Сіздер де ене болып, келінің сіздер сияқты болса қайтесіздер?! Орнына қойып көріңдерші. Біреуге кінә арту оңай.
Қадиша | 9 қазан 2013 14:46
Бар кінәні енеге немесе толығымен келінге артып қойған дұрыс емес. Ол әр адамның көрген-білгендігіне, түсінігіне байланысты нәрсе. Мысалы, менің бір құрбымның келіні қолында бір күн де тұрған жоқ. Ұлы үйленбей тұрып болашақ келін басқа қалада жұмыс істеп жатқан болатын. Құрбым "қойшы, қазір жастардың барлығы өсем-өнемін деп Астанада жүрген жоқ па, одан да ұлымды да сонда жіберейін. Ол да біреудің қызы емес пе, өзі білімді, қатарынан қалмай қалаған жұмысын істесін. Құдайға шүкір, қолымда кіші ұлым бар ғой. Кішісі қолымызда болар" деп қасына ұлын қосып жіберді. Басында бәрі жақсы сияқты болған. Келінімен апта сайын телефонмен сөйлесіп, қал-жағдайын сұрасып тұратын. Жас отбасы пәтер жалдап тұрады. Құрбым "тұрып жатқан үйі тар, өздері жас қосылған, тар жерді тамаша қылып несіне барамын. Демалысқа шыққанда өздері келіп кетсе де жарар" деп 2 жылдың ішінде бір барған емес. Ал келіннің шешесі 2 жылға жетпей-ақ 5-6 рет барып келді, жұмыссыз отырған әйел ғой. Бірақ құрбымның сабырлылығы соншалықты, оған да еш ренжіген емес. Барса, қызын сағынған болар дейді де қояды. Өзінің қызы жоқ. Келін түсіргенде қуанғанын көрсең: "қызым да осы, келінім де осы" деп. Өзі ашылып айта бермейді, бірақ, менің ойымша бар мәселе құдағиында болып тұрған сияқты. Осы жақында құрбымның қайнысының ұлы қайтыс болып, ұзақ жол жүріп келді. Барып қайтқанша өзі ауырып, мазасы болмай, келген соң 3-4 күннен кейін ғана есін жинады. Бірақ келіні "Мама, аман-есен барып келдіңіздер ме, ауырып қалған жоқсыз ба?" деген сияқты бір ауыз телефон соғып ата-енесінің қал-жағдайын сұрамапты. Содан кейін барып жаңағы құрбым келген соң 4-ші күні келініне телефон соғып: "саған қандай тәрбие бергенін қайдам, неге бірауыз телефон соғып біздің қал-жағдайымызды сұрамайсың. Біз ұзақ жолға, 16-ға да толмаған жас баланың өліміне барып келген жоқпыз ба? Қазақта "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады" деген сөз бар. Он жерден жылан болсам да мен де інімнен шығар едім ғой" депті. Келіні сол сөзді көтере алмай "менің қандай тәрбие алғанымда не жұмысыңыз бар? Енді сізбен тіпті сөйлеспеймін" деп телефонды өшіре салыпты. Міне, содан бері екі ай өтті. Құрбым "мен бар өмірімді осы екі ұлыма арнап едім. барынша жақсы тәрбие беруге, білім беруге тырысып едім. Құдайдың мені не үшін бұл жазалағаны екен, біздің болашағымыз, біздің жалғасымыз, бар үмітіміз осы екі ұл мен солардың отбасы емес пе? Құдайдан берсең ақылды келін бер деп сұрап едім" деп өте жабырқап жүр. "Жас болып, өз кінәсін мойындап келін телефон соқпаса, мен неге бірінші болып телефон соғуым керек. Өткен-кеткен адамның бәрінен жиған-терген тәттімді жіберіп отырсам, өздері келгенде тіпті арқалатып жіберем, сөйлескен сайын өзіңді күтіп жүр, дұрыс тамақтаныңдар деп айтып отырсам, одан артық не керек? Өздері келгенде келін екен деп бір рет ас әзірлеткен де емеспін, қойшы, қайсыбірін айтайын" деп өте налып жүр. Бұған не дейсіздер?
Клара | 9 қазан 2013 16:35
Келіншектер, қатты кетпеңдер, ол да ана. Баламның басы көрге емес, төрге сүрелсін деп барлық аналар өз балапандарын ойлайды. Неге енем үйтті-бүйтті дей бересіндер. Баласының ажырасқан деген атқа қалғанын қандай ана қалайд дейсіңдер, өздерің ойлаңдаршы. Келешекте өз балдарыңның ажырасып, екінші рет үйленіп жүргенін қалайсыңдар ма?! Сол сияқты ол да сенің екінші анаң ғой. Естеріңді жиыңдар, еш уақытта енелеріңді жамандамаңдар. Шешесін көріп қызын ал деген қазақта мақал бар. Өз аналарыңды жақсы көрсеңдер, барған жерлеріңде аналарыңның жақсы атын шығарындар. Ол сен жақсы болсаң аналарыңа алғыс айтып отрад енелерің, оздерине тікелей айтпаса да, ішінен айтады. Мен де келінмін бір үйдің 10 жылға жуық болды. Аллам тіл-көзден сақтасын. Енеммен ұрспақ түгілі қатты сойлемеппіз әлі күнге дейін. Әрине дұрыс істемеген кезім болад, сонда енем мынауың дұрыс емес былай істе деп айтатын. Ондай-мұндайға мән бере бермеңдер. Шын мәнінде енелерің де аналарыдай қабылдай алалмай жатқан өздерің.
Жанна | 12 қазан 2013 00:28
Мен екі ұл тәрбиелнген анамын. Кіші ұлымды сум ажал алып кетті. Қазір екі жыл болды үлкен ұлым бізбен бірге тұрады. Әйелі, екі баласы бар. Менің жаралы жанымды емдейтін екі немерем. Мына өмірдің басыма салған дерті жанымды жеп барады. Келініммен түсінушілік жоқ. Айына бір рет ұсйтайтын ауыруы бар. Аяқ астыннан жын ұрғандай ала сұрады. Өзі басынан бөлек тұрғаннан сондайы бар еді. Әже-атасынан балаларды қызғанады. Не ішіп, не жейін демейді. Тапқан терген ақшамды соларға берем. Мен өзім 47 демін, немерелеріме жан беруге әзірмін. Менің қайғымды түсініп көшіп келді, рахмет. Қалада ұлымның үйі де бар. Ешкімнен кем емес. Артық сөз де айтпаймын не істейсің, не қоясың демеймін. Әке-шешесіне арызданып, мені жексұрын істеді. Кім бастайды, кім кінәлі, неге бұлай деп әке-шешесі сұраудың орнына менімен қырлысады. Тәрбиесін түсіне алмадым.
Камила | 12 қазан 2013 00:34
Клара, тәрбиелі бала екенсің. Алладан саған нұр жаусын. Ене ол да сенің анаң. Қандай ана тәрбиелеген, бас иемін.
Индира | 12 қараша 2013 20:46
Мен ойлаймын ене ол сенің екінші анаң, құрметтеп сыйлаған дұрыс.
айгул | 18 қараша 2013 22:50
Мен Алла қаласа тұрмысқа шықсам ба дейім, бірақ қорқам. Жігітім өзі мамасының мінезі қыйындау екенін айтқан. Және ол бір үйленген ажырасқан. Ақыл айтыңыздаршы.
11111 | 20 қараша 2013 16:15
Аха, мамасына барады да?!
Айгул | 23 қараша 2013 17:41
Менің мамам келіндерін қыздарындай көрет. Ал бізге ешқашан енем деп айтпаңдар ол сендердің аналарың дейтін.
тоже келин | 7 желтоқсан 2013 03:25
саламатсындар ма ардакты келиншектер, аяулы енелер мен аналар! Мен бир уйдын жалгыз баласына бир жыл бурын турмыска шыктым. Аке шешем барлык кадемды жасап узатып берды. Бирак куйеуым жумыс бабына карай осы жазда калага кеткен. Мен аягым ауыр болып жазда кызды болдым. Кырыкынан шыкканша ауылда болып кузде куйеуымнын касына келгенмын. Ангиме мынада: енем кызымды бир жаска толганда ауылга алып кетем дейды. Казыр кызым бесыншы айга кетти. Мен оларды тусинем немере багып, кызыгын коргысы келетын шыгар. Бырак мен узылды кесылды бергым келмейды. Себебы 1ден кишкентай емшектегы бала танымайтын адамнын колында калай турады? Ол анасын сагынып издейдыго, психологиялык ауырып калуы мумкын. Бул жерде енем озынын жан рахатын ойлайтынын байкадым. Екыншыден ауыл ит олген жер, жолы нашар, тым алыс. Алла сактасын тун ортасында квзуы котерылып ауырып калса ше? Ауру айтып келмейдыгой. Сондай жагдайда не истемекшы...? Ушыншыден енем мугалым, онын устине аягы ауырады. Давлениесы бар. Ол торт бес жастагы саби емеско. Бир жаста нагыз "глаз до глаз" болатын кезы. Тортыншыден атам бар. Ол кунине жок дегенде екы пачка темекиден тартады, ауызы жотелден жабылмайды. Ал кишкентай баланын окпесы тез кабылдагыш назык болып келедыго. Мыне осылай не истейтыеымды билмей журмин. Куйеуым бергысы келеды. Онымен бетке бет келгым келмейды. Бирак жанагы жогарыдагы нарселерды ойласам денем туршыгеды... Коркам... Акыл берыныздер! Меныкы дурыс па? Бурыс па?
Анаргуль | 26 желтоқсан 2013 16:53
мен енемди жеееек коремин!!! тили жаман енеден кудай сактасын!!! кип кишкентай ерке, суйкимсиз кызымен салыстырып, сол кыздан улги ал. оскесин сени тарбиелейди деп сойлейтин бир бетпак катын!!! атамды жалко! атамды батпандай карызна батырып баримиздин берекетимизди кашырды!!! мен де жек коретинине сенимдимин! бирак мен актриса болуга тырысам уйде. ондай да омир шаршатады екен, бари мейиримдиликпен болмагасын!!!
аудармашы | 28 желтоқсан 2013 15:10
Ене бәрібір анаңдай болмайды, бәріне көніп жүрмін, үйдегі бүлінген нәрсеге дейін менен көреді! ең жақсысы жұмыста жүргенің жақсы,оның аузы бір жабылмайды, анаған бір, мынаған бір сөйлей береді, мен шаршадым!
жазира | 29 желтоқсан 2013 17:14
мен 17 жасымда алып кашудын курбаны болдым жаксы корген жигитим бола тура калып коидым уят жибермеди небир белестерден оттим коп жаннын ортасы катты шаршаитынмын 12 жыл дегенде абысынды болдым олар коп турмады 1балалы болып уи салып болек кетти мен бакандаи 14жыл турып болек шыктым ене он жерден кызымгои деп маимылдана берсин саган барибир кызындаи карамаиды мен бирге турганда уяттыгы жок иш кимди алам деп аита алмаитынмын коилек алгандарга со кезде кожы куртка алгандарга кызыгатынмын торкиним кашыкта кызына болек каркиды барибир ене келин келин 4баламен 2 бболме времянкге болек шыктым барлыгын отирик истеп соилеиди али кунге деин менин истегенимди жаксы кореди уинин жумысын 2жыл бурын келин келди оны жумыска коиды заман солаи ол ту жумыс истеимидеп мияулаи береди ози улгирими жок енем мени шакырмаи не истиди сосын сылтау аитып бармаимын келинин бар емеспа деп казир 23жыл болды уиленгенимизге есиме туссе кеибир жаилар жаман жек корип кетемин
женискул | 4 қаңтар 2014 22:54
салеметсиздерме! мен жигитиммен 2 жыл журдим, ол бир уйдин жалгыз улы. 2011 жылы кузде отбасын курдык. 19 жасымда турмыска шыктым.бир жылдан сон кызды болдык. ажем, атам, енем, кайнсинилим, кайнбикем куйеум кызым 8 адам боп 3 болмели патерде турамыз. баримиз тату татти турамыз. ата енем жаман кисилер емес. енемнин енесиде бар. ол киси казир 80 де артык создери жок. 2013 жылы кайнбикем турмыска шыкты. ар уйдин тарбиеси ар турлы болады екен. куеум 22 жаста бала сиякты жумыстан келеди туни бойы "дота " ма сол ойынды ойнайды жыным устайд. тунде футбол корип баска болмеде уйыктап калатын. сосын озим бирге корип баска болмеде уйыктап калмауга уйреттим. "дота " деген ойыннын кесиринен 2 рет катты урыстык сонын биреунде ол мени урды. бирак осы уакытка дейн аке шешеме звандап бир де бир рет жалоб жасап кормеппин. ата анам ушин барине конем. паленшенн кызы баласымен байдан кайтып келипти деген атак бергим келмиди. 2 жылдегенде ауылыма бир рет барып келдим онын озинде 3 кунге уй ишимен (ажемнин баскасынын баримен) отбасыммен карагандынын бир каласында турамын. ал озимнин ата анам кызылорданын бир ауылында турады. енди салыстыр кориниздер. келин боп орамалымды тагып, салемимди салып келген конакты жылы карсы алып тамак шайын берип шыгарып саламын. 3 жылга кетип барады келин болганыма бирак курбыларыммен кездесип бир кыдырган емеспин. даже туыскандарыма мереке болмаса бармайм. куймнин достарынын бари бойдак класынан биринши уйленген. сондыктан ол да мени озимен коп еритпейди.бир таза ауага алып шыгайын кыдырып кайтайык деген жок. озине айтсам кайн синилиммен шык дид.ал кейде жынданып кете жаздаймын. ар адамнын ишине сактаган сыры болады оны биреумен болискиси келип турады. курбыларыммен аралсканымды каламайды. биреуси ажыраскан биреуси шылым тартат соган еликтеп кетема деп коркады. сондыктан кыздар келиншектер 3 куннен кейн тозакка да уйренесин диди. ата ене деген манги жасамайды гой, шыдандар дегим келеди. луние ушин акша уйшин урыспандар. карсы солемендер олар ешкашан оны котере алмайды. балалары канша жерден карсы солеседе олардыкы байкалмайд ал келин карсы сойлесе коргенсиз деген аттакка каласындар. ал менин куйеум бала сиякты али компютерде ойын ойнайд мына жактагы адам шыкырып жатырма ангиме айтып жатырма оны кызыктырмайды. айкалап жиберед боктап жиберед. оган бари бир. менде соган конип журмин гой. койш бир куни болмасын бир куни кояр деп. осынын аркасында мени каламайтын, адам жок куйемнин туыскандары олип турады мен дегенде уйге келси неге келмейсин деп.келиндер барган жеринде бакытты болам деп емес бакытты кыламын дер бар. жана жылдарынмен!!!!!!!!!!!!!
назым | 7 қаңтар 2014 00:41
Мен де енеден азап шеккен жанмын. Баласын қызғанып ақыры ажырастық қой. Жолдасым милицияда жұмыс жасады, таңғы 4-те келеді, сол уақытта енем келіп не істеп жатырсыңдар деп маза бермейді. Қазір қызым бар, ата-анаммен біргемін, тағдырым осылай менің.
айнаш | 15 қаңтар 2014 13:23
оздерынде ене боларсындар сонда бары алдарына келеды ене не, шешелерындей олда боска жамандамандар бары оздерыннен,кай бала шешесын жек кореды,айелынен шешесы керек улдарга,айел табылады,шешеге ешкым жетпейды,айелдерыннын бос создерын тындамандар,ер азаматтар,аналарынды сыйландар
Марал | 21 қаңтар 2014 15:43
Менде анамын. Турмыска шыкканыма 10 жылдай болды. 2 ул, 1 кыз тарбиелеп отырмын. Жолдасым да жаксы адам. Ананын аты аты. Омipдiн жаксы да, киындыгы да катар журедi. Сондыктан барiне байсалдылык таныту керек. "БИТКЕ ОКПЕЛЕП, ТОНЫНДЫ ОТКА ЖАКПА", -деген бар емес пе?! Бугiн келiн болсан, ертенгi кунiнде ене атанасын, болашакты да ойлап кою керек кой. Менiн озiм жогары бiлiмдi адаммын. Бiрак казiр тагдырдын талкегiне ушырап, 2 жанбасынан журе алмай калган жолдасымнын анасын карап отырмын. Суына тусipiп, кip конын жуып, асын уакытымен берiп, даретiн алдырып, карап отырмын. Кейдe озiнiн отырганы жанына бататын шыгар сойлеп кояды. Бiрак мен ман бермеймiн. Касына барып, жанбастарын сылап-сипап жаткызып кетем. Коп сойлей берменiз боска шаршап каласыз деймiн жайлап жымиып. Олда бей-жай жата кетедi. Казip 3 айдай болды атам да наукастанып калды. Ол кiciге де малга озiм карап, дарi-дармегiн берiп. Колымнан келген жаксылымды аянып жаткам жок. "Сыйласаныз карiндi, жарылкаймыз барiндi" дегендей. Жастыктп бейнет корсем де, балдарыма улгi ана болайыншы деп тырысып журмiн. Ата-енемнiн жастары енем 76да. Атам 81 де. Менен коргендi балдарым талiм алса деймiн. Омip киын екен деп, жалгыз баласынан умiт кутiп отырган ата-анасына да карау ул мен келiнге мiндет деп санаймын. Осы кунге жеткiзiп, улым деп токкен терлерiн аяк асты етуге болмайды. Жандарындагы жар боп журген жолдастарыныз аспаннан тускен жок. Ананын енбегi, жемici. Жарларыннын конiлдерiне каяк салмандаршы кыздар. Осы кунге жетектеп жеткiзген аналарына карсы коймауга тырысыныздаршы. Барiмiзде бiр ананын перзентiмiз. Акылга келейiк. Менде еш жамандык кормедiм демеймiн. Талайды кордiм. Бipaк анасы гой. Касымдагы азаматым енемнiн жемici, сенiп келген тугыры. Сол себептi анамыздын алдындагы каразымызды отеу, бiздiн мiндетiмiз деп бiлемiн. Азамат туздiн адамы, ал айел адам уйыткы, соны умытпаганымыз жон. Мен жолдасыма бip кун мазалаган емеспiн. Шамам келгенiнше, оган тиесiлi шаруаны да жасай беремiн. Анасы ауырганда да салмак салган жокпын. Кайны апаоарымда уйде келiнiмiз бар, анамыз сенiмдi колда деп, келгенде куанып кетедi. Енем 6 кыз, 1 ул тарбиелеген анагой. Турмыста. Бip кайны апам бар колымда. Жумыска танертен кетiп, кеш келедi. Улкен улым 2сынып, ортаншысы 1 сыныпта окиды. Ен кiшi кызым 1жас 5 ай. Уленi атасынын улы, ортаншысы ажесiнiн улы. Кiшici aзipге озiмiздiki. Келiнлерге айтатыным барi озiмiзге байланысты. Ал, енелер, бiздiн екiншi анамыз. Бiз солардын улдарына келiп отырмыз
Марал 30 жаста | 21 қаңтар 2014 16:05
Кейбipeyлер айдастырып та кордi. Озiн сулу кызсын, жогаргы бiлiмдicн неге уйде отырсын. Ол кемпiрден саган кандай жаксылык келер дейсiн, барiн тастап жумыска шыгып кетпейсiн бе? Барi-бip сенi жаксы демейдi- деп жатады. Мммммммм - деп, кыстырмай журе беремiн. Атана не icтесен алдына сол келедi дегендей. Онлай арандатушы создерге кулак аспаймын. Улкен кiсiлер картайды гой жаксылыктарды корiп калсын деп жана уй салып алдык. Жолдасым жумыста. Мен бала шагамнын тарбиесiне караймын. Ата-анасына караймын. Малда балдарга керек нарсе гой. Мен балдарымды калай ойласам, олда сондай ана гой. Жасаган жаксы icтерiмдi Аллаh к корсе, балдарыма берсiн деймiн зейнетiн. Жалгыз боп оскен акелерiне колганат болгай деп тiлеп журмiн. Жаксы болайык. Келiндерге соз келтipмейiк. Жаксы келiн атанып, журе берейik.
гулдаурен | 29 қаңтар 2014 22:20
мммм...менин жигитим бар 4 жыл журген. мамасын танимын. мен болашакта енемнин кандай киси болатынын билмимин арине бырак не болсада конуге тырысамын. ененин аты ене, келиннин аты келингой не десекте. Мен келин боп туссем бар арманым ол кисилерге немере сыйлап оз миндетимди адеми ерке наз минезиммен аткару. Ата ене риза болса менимше куйеуинда бакытты болар еди деп ойлаймын. уймдеда женгем бар....оте керемет. мее женгемди катты жаксы корем. енесимен созге келиспей калган кезин корген емеспин шукир. Барин болашак корсетеди арине, бырак ол кисилердиде жамандай берудин кажети жок. егер сен жаксы болсан булай оз ененнин жамандыгын жария кылмас един ишинде сактармедин балким.
Балжан | 5 ақпан 2014 20:19
Мен енемді өте жек көрем. Бетіңе жақсы әңгіме айтқанымен ішінде көп нәрсе бар. Бетіме айтпағанымен қызы екеуі жамандаумен өсек айтады. Жалпы алғанда жақсы адам емес. Қызы бар Құдайдан қайтқан, өлсе қара жер қабылдамайтын шығар. Аллам бар төреші. Жалпы айтарым қазіргі енелердің көбі жақсы емес келіндерімен. Күндеп өз балаларын жақтайды, әсіресе Оңтүстіктің оңбағыр енелері.
Биби | 15 сәуір 2014 12:04
Қазақта "Жақсы үйге тускен келін - келін, жаман үйге түскен келін - келсап" деген мақал бар. Сондықтан бөтен отбасында өзінше тәрбие алған қызды өз баласындай яғни оған бірден сен келінсің деп қарамай қызындай көру - ол ененің міндеті деп білем. Келінді тәрбиелеп келін қылуда, ащы тілін тығып келсап ететін де ол енелер. Өйткені ененің жасы үлкен, оның көрген білгені көп, сондықтан жап-жас келіннің ақылымен салыстырмау керек. Жас адамда әрине қателік болады. Соның бәріне түсіністікпен қарап, келіннің бабын табу ол ененің ақылының жетуіне байланысты. Оған ақылы жетпеді демек, бар кінә енеден деген сөз. Кейбір енелер келіннің бойынан мін іздеп отырады. Ол дұрыс емес. Өйткені мінсіз адам болмайды. тіпті мінсіз адам жер бетінде жоқ та шығар. Сондықтан адамның мінін айта берсе, адам қатігезге айналады деген де сөз бар. Өте өрескел қателіктер болмаса, мін іздей берудің қажеті жоқ.
Жетішатыр | 17 сәуір 2014 15:51
Мақалыңыздың басы ауырлау басталыпты! Екі жастың арасына есі кеткен түседі демекші, енелердің де түрлісі болады. Бірақ, келіннің жаман болуы енеге байланысы аз. Жалпы Жаман келін деген қандай келін? Келіннің жақсы болуы, келін болғанға дейінгі өмірінде алған, жинаған тәрбиесіне байланысты! Болды осы ғана!
Мамлакат | 17 сәуір 2014 23:34
Қымбатты қыздарым, келіндер! Әркім өзінің ісіне есеп бере білсе, яғни, кемшілігін дер кезінде түсінсе, ешқандай келіспеушілік болмайды. Сосын келін өзін келін ретінде, ене өзін ене ретінде ұстаса нұр үстіне нұр болар еді. Қашан да сыйластық керек, түсіністік керек, әйтпесе, ымыраға келу мүмкін емес. Тағы бір айтарым-қателеспейтін пенде жоқ, бірақ қатеңді түсініп, келісімге келу керек. Мұндай кезде кешірімшіл болудың үлкен мәні бар, Плламыздың өзі кешірімді адамды қолдайды емес пе?.. Сондықтан да келіндерім, отбастарыңның ұйтқысы болып, күйеуіңнің сүйіктісі болып, шаңырақтың мәні мен сәнін келтіретін де, кетіретін де-өздерің екендеріңді есте ұстаңдар дегім келеді.
Қаламқас | 20 сәуір 2014 00:44
Жаратқан бір жаман мен бір жақсыны, бір ақылды мен бір ақымақты, бір мықты мен бір әлсізді жолықтырады. Дүниеде тепе теңдікті ұстап тұру үшін. Егер сен ақылды болсаң ақылдылығыңды, көреген болсаң көрегендігіңді, мықты болсаң төзімділігіңді көрсетуің керек. Және ең бастысы кемшілікті әр адам бірінші өз бойынан іздеу керек.
ЖАНСАЯ | 17 маусым 2014 17:30
Менің де тұрмысқа шыққаныма 13 жыл болыпты. Біз бөлек тұрамыз. Енемді жек көрем, ылғи да қыздарын мақтап отырады. Ал қыздары салақ, біздің істеген тірліктерімізге недовольный болып отырады. Қанша жұмыстарын істеп ақшалай көмектессем де жақтырмай, екінші келінді мақтап отырады. Біз үш абысынбыз, мен үлкенімін. Үшінші келіні қасқыр сияқты ақырып отырады. Оның аузын аштырмайды. Мен ғана үндемей жүре беремін, сосын мені басынады. Ал екінші келіні олармен араласпай, өз үйіне ешкімді келтірмей, басынан сөз асырмайды.
Айка | 8 шілде 2014 00:29
Мария, мен сізбен толықтай келісемін. Келін бірінші өз орнын біліп, келін екенін ұмытпау керек.
аудармашы | 5 желтоқсан 2014 16:23
Бүкіл үйдің тірлігі, жарық, жылу, азық-түлігі менің мойнымда болса да, енемнің сен не істеп жатырсың? Дегеніне қалай қарайсыздар, мен күйіп біттім...
Ажар | 24 желтоқсан 2014 21:53
мадина, сенің енең жынды кемпір екен! Өгей баласы болса, өзі шыққысы келетін шығар.
келін | 12 ақпан 2015 13:44
Иә, тек мен емес екен ғой... менің енем өте жаман адам (жамандама деп айтпай-ақ қойыңдар, басқаға айталмағасын осында жазып жынымды шығарып отырмын... негізі осы бәрін сыйла, сыпайы бол деген қазақшылық тәрбиенің опығы көп,, егер мен орысша тәрбиеленген, әлде ә десе мә дейтін адам болсам, маңыма да жоламас та, мойныма да мінбес те еді ешкім..), О баста мен күйеуіме тұрмыс құрғанда (ол екінші рет үйленген, біріншісін енеміз қуып жіберген) олар басқа облыста, бір ауылда тұратын... кемпір мен шал ғана (олар көп балалы негізі), сол кезде ақ белгілі болып тұрған екен ғой ешкімге сыйыспағаны.. мен кредит алып жер алдым (кішкене баспана салдық - үлкендеу 1 бөлме), атам мен енем қолымызға келді.. шығыңдар.., анасы жақсының өзі жаман болады деп ойламаймын.. Айналайындар менің күнімді ешкімге бермесін.., түрі түнерген, аузынан ұрыстан басқа шықпайтын, сазарғандардан сақ болыңдар.., олар қан ішерлер, (энергетический вампирлер)... өзім туралы білмеймін не айтарымды,, тек сөзім жоқ. сау болыңдар.
келін | 12 ақпан 2015 13:48
Балжан, толық келісем.
келін | 12 ақпан 2015 13:51
Айналайын Гүлдәурен бақытты бол айналайын әрине, бірақ осы сөздеріңді күйеуге тигеннен кейін осы сайтта жазғайсың.
888 | 16 ақпан 2015 09:18
Менің енем айналайын, бақытты бол, рақмет сөздерін білмейді, тек маған емес, ешкімге ондай сөздерді айтпайды, қатыгез. Атам байғұс мұндай қақпасқа қайдан тап болды екен. Атам әйтеуір, алғысын айтып, батасын беріп жүреді. Енем өте жаман адам, ешкімге сыймайды, ешкімнің ала жібін аттамай жүрген адам едім, қайдан ғана тап болды екен маңдайыма.
Асел | 21 ақпан 2015 23:47
Менің енем өте жақсы адам Аллаға шүкір.
Айдана | 17 наурыз 2015 14:34
Жоғарыда өз енелері жайында жазып отырған келіндердің басынан өткендерін оқып шықтым. Мен де бір шаңырақтың келінімін. Отауласқаныма 3 жыл болды. 2 баламыз бар.Күйеуім өте дуас адам. Енеме еш жақпадым. Үнемі жұбайым маған бірдеңе алып берсе ұрыс-керіс басталады. Тек қана өзі əпергенін ғана кигенімді қалайды. Осы жақында күйеуім қымбат зат алып беріп еді, күйеуіме енем де, қайынсіңлім де телефонмен хабарласып ауызына келгендерін айтып, ұрысып тастады. Қайынсіңлім неге араласады екен, отауы бөлек қой. Сонда қорқып өмір сүруіміз керек пе? Төркінім алыста. Төркініме де барамын деп еш үн шығармаппын. 1,5 жыл дегенде енем барып қайт деген соң ғана барып қайттым. Келін болып түскенімде енемді анамдай көруге тырыстым... ал енем бір жылы қабақ танытпады. Суып та кетеді екенсің. 2 балада да көмектеспеген. Алда не болады екен деп ұайымдаймын...
Ғабит | 2 сәуір 2015 07:48
Енелерді жамандап жаза бергенше өздерінды тузесендершы кыздарау одан да өз шешелерынды жамандамайсындарма дұрыстап тәрбие бералмаганына
Айдана | 6 сәуір 2015 10:22
Ғабит,ер адам болғандықтан, жат отбасыға келін болып түсу, сол ортаға сіңіп кетуге тырысып баққаныңда соның ақталмауы, өзіңнің басыңа ешқашан келмейді, сол себепті түсінбессің!
Мерей | 6 сәуір 2015 10:26
Ғабит, ата-анам келін болудың салт-дəстүрін бəрін үйретті, бірақ енең баласын сенен қызғанады, содан сені жаман көреді, не істесең де жақпайсың соған дайын бол демепті
Салтанат | 13 сәуір 2015 15:14
Ер адам - тек өзінің қызы жылап күйеуден қайтып келгенде тусінеді.
Гулми | 25 ақпан 2016 21:38
Ене мен кайын апке жаман бизди ажыратып жиберди оларды каргыс сатсын ешкашан жолдары болмасын
Арай | 27 ақпан 2016 05:33
Саламатсиздерме мен енем мен 3 жыл болт турганыма мен не истесем де енем унатпайтын енем ози колынан тук келмеит тек китап окыса болды уй шаруасын омир истемеген тек мектеп ден журе берген мен ар истеген шаруама кирисет билмеседе мен енеме унамаса озин истеип ал леим колынан ештеме келмеит бир нарсе истесеин барин куртасын деим тыныш отыра алмайсын деим тыныш отырыш деим сондада енем маган уй ден кет деген емес мен енем жек копем ол сойлесе жыным кеип турат мен енеме ештене истетпимеин не жегиси келеит соны истеип берем мен уй кеинжесине шыктым бир кызым бар уй де кайыг синилеим бар сонын еки баласы бар енем кайын синилеим болек шыгармай касында устап отыр кобинесе сол балар ушиен урысамыз кудай каласа жазда болек шыгамыз отагасым ози анасын тастап болек шыгат анасы бари бир кадирин билмеит улынын
Молдир | 14 наурыз 2016 00:27
ИЯ КЫЗДАР ДУРЫС АЙТАСЫНДАР БЕС САУСАК БИРДЕЙ ЕМЕС.
ЕНДИ МЕНИН ЖАЙЫМДЫ АЙТАЙЫН СИЗДЕРГЕ УНАЙДЫ ДЕП ОЙЛАМАЙМЫН.
МЕНИН ЕНЕМЕ КЕЛЕТИН БОЛСАК,ЕНЕМДИ КАНША ЖАКСЫ ЖАКА ТАРТСАМДА ТАРТЫЛМАЙ КОЙДЫ.МАГАН УНАМАЙТЫН АДЕТТЕРИ! ТЕМЕКИ ШЕГУ ТУТИНИН БУРКЫРАТЫП МУРНЫННАН ШЫГАРЫП КЕЛИННИН КОЗИНШЕ.2 БАСЫНА ОРАМАЛ ТАКПАУ ЖАСЫ 60 ТА ОМЫРАУЫН КОРСЕТИП АЛБА ЖУЛБА КИИМДЕР ТРИКО ШАЛБАРЛАР КИИП АЛУ,КЫЗДАРЫ УЙГЕ КОНАККА КЕЛСЕ (кайын апкелер)кыздарымен косылып талпа болып далага шыгып кетип темеки шегип келу кызы анам деп анасы кызм деп уялып турган жок айтаберсен жиркеништи нарселери коп,Алладан бир шукиршилик кылатыным жолдасымнын соларга тартпагандыгы Аллага шукир
Ляз | 27 наурыз 2016 10:07
оздери тіліңді шығарады.
мен осыдан 6 жыл бурын келін болып тускенде барлыгы жаксы
болатын, проблеманың бәрі бала туған сон басталды 1 жылда
сон. Қыз тудың ул тумадың деп қайн атам маған айтпағаны
жоқ, ал сол дұрыс па. айтсаң жамандағандай боласың, одан
кейн 2-ши кызымды босандым, сонда атам тагы қыз тудын
деп қарамай қолына устамай қойды. әркімнің басында әйтеуі
бір проблема, жамандағаның емес, ішің куйіп кетеді екен
Ляз | 27 наурыз 2016 10:15
оздери тіліңді шығарады.
мен осыдан 6 жыл бурын келін болып тускенде барлыгы жаксы
болатын, проблеманың бәрі бала туған сон басталды 1 жылда
сон. Қыз тудың ул тумадың деп қайн атам маған айтпағаны
жоқ, ал сол дұрыс па. айтсаң жамандағандай боласың, одан
кейн 2-ши кызымды босандым, сонда атам тагы қыз тудын
деп қарамай қолына устамай қойды. әркімнің басында әйтеуі
бір проблема, жамандағаның емес, ішің куйіп кетеді екен
Сымбат | 30 наурыз 2016 00:47
Салем. Мен озимнин қайын синилим жайында айткым келеди. Уйленгенимизге бираз жыл болды. Ата анам барган жерде не деседе ундеме сеники дурыс дей сал деп уйретти. Сол кулагымда калып кеткен. Али сондай мын. Ундемеген сайын басыма шыкты. Енеммен ара катынасымыз жаксы. Бирак арамызды суытып жиберетин кайын синилим бар. Куйеуим екемиздин арамызга да тусти. Шыдап ак келем. Куйеуим жалгыз ул отбасында. Мен енди шыдап тура алмаймын десем озин бил дейди. Бирак сен кетсен мен де баска жаққа жумыс бабымен кетем аке шешемди тастап дейди. Куйеуимди жаксы корем. Бирак онымен бирге болу ушин мен кайын синилимнин корлыгына шыдауым керек. Олай ары карай жалгаса берсе мен ауру болатын турим бар. Онсызда сонгы кезде журегим сыр берип жур. Кейбири енесине жакпай журсе мен кайын синилиме отырсам опак турсам сопак болдым. Ози турмыс құратын жастан асып барады. Не ози уйленип бакытты болуга тырыспайды.не басканын бакытын коре алмайды. Бирдене болса мама анау буйтти суйтти деп мени енеме жек кориништи етеді. Ен соракысы сол аке шешенин алдында сойлеуди жаксы кореди. Ол кезде байкус аке шешеси ундемейди. Аке шеше турып бала сойлеуден без деген соз бар емеспе....еее бирак ол кисилерге де бари бир. Өздерімен өздері ешкимде жумысы жок. Кыздар тыюдын орнына сеники дурыс деп отырады. Бир рет енеме айттым. Кызына кой деп айтшы деп. Сол кездеги естиген жауабым:оныки дурыс. Озим билем ка у кезде оган кой деп айту керектигин деди. Басым катып жур. Не истесем болады? Екінші балаға аягым ауыр. Кенес бериндерши. Мени тындагандарына рахмет.
Атым Амангул | 15 сәуір 2016 05:03
Енен алтын болса багын жанган.ал оньаган болса куиеуин колдамаса сорын и ажырасыпт или мумкин болса болек туру керек шыгар!?....
Атым Амангул | 15 сәуір 2016 05:06
Мени енем бплагатап урс да куиеуим карап турады ер адам колдамаса онда ол ким болганы жарына
Сауле | 21 мамыр 2016 16:26
Ассаламагалейкум баршанызга енемен келин жаксы турсын десек неге сол ене оз кызына емес кеп откан келинди киналанысы келеди мен мысал ретинде айтып жатырмын. Мен оз омиримнен айтып жатырмын келиндер инабатты болса екен дейди келсап емес ал сол келсап кылуга итермелеп жаткан сол бизден неше жыл омир корген адамдар оз кыздары кайтып кеп отса оз кызын дурыс санап. Ал келин айтып турасын сойлесе кинали. Ол кызыда биреудин келини болды шыдайалмай тирликке акырында енем жаман байым жургиш урады деп ажырасты. Ал дал сол омирди мен еки есе корип жатырм мен сондада кой деп шыдап журген адаммын балдарым ушин,казир болекпин ойткени оз немерелерин емес кызынан туганды асырайды ал сонда менин балдарым оз кандары шетке кап уйсиз омир суру керекпа деп ойлайм айтпесем енешкам бир ул бир кыз туган кызын жалыз дейди ал менин куйеуимде баласы гой жалгыз. Мен айтайын деген себебим тек келинен гана емес сол ене боп жаткан енелерде ойланса деймин олда менин кызым сиякти бир пенденин кызы гой деп тек оздерин дурыс демей.Бирдей корсе бизде жаман козбен карамаймыз жас болсакта ойланамыз.Жаксылык жасап жатыр гой деп.Мени де ажырастырмакшы болган Назым кусап бирак Алланын калауы мен жане озим олардын от саганына карамай кери карай олармен кырсыгып омир сурдим. Бирак бир окинетиним он жыл боп жатыр уйим жок еки улым бар ушиншимизди кутип журмиз Алла калас осы жакында келеди сол кв кинап тур.Бирак Алламнан умит узбейм аркашан колдап бир куни болмаса бир куни оганда жеткизер деп. Айтарым келинен ак емес жаман нарсени баскаларданда издеген дурыс ау деймин. Ия айтарсыздар кинани озинен издемейди екен деп ия мен кинам бар ойткени мен тике сойлеп коям артистикке самай олай коб адамга жакпайды екен.
Сауле | 21 мамыр 2016 16:52
Ассаламагалейкум баршанызга енемен келин жаксы турсын десек неге сол ене оз кызына емес кеп откан келинди киналанысы келеди мен мысал ретинде айтып жатырмын. Мен оз омиримнен айтып жатырмын келиндер инабатты болса екен дейди келсап емес ал сол келсап кылуга итермелеп жаткан сол бизден неше жыл омир корген адамдар оз кыздары кайтып кеп отса оз кызын дурыс санап. Ал келин айтып турасын сойлесе кинали. Ол кызыда биреудин келини болды шыдайалмай тирликке акырында енем жаман байым жургиш урады деп ажырасты. Ал дал сол омирди мен еки есе корип жатырм мен сондада кой деп шыдап журген адаммын балдарым ушин,казир болекпин ойткени оз немерелерин емес кызынан туганды асырайды ал сонда менин балдарым оз кандары шетке кап уйсиз омир суру керекпа деп ойлайм айтпесем енешкам бир ул бир кыз туган кызын жалыз дейди ал менин куйеуимде баласы гой жалгыз. Мен айтайын деген себебим тек келинен гана емес сол ене боп жаткан енелерде ойланса деймин олда менин кызым сиякти бир пенденин кызы гой деп тек оздерин дурыс демей.Бирдей корсе бизде жаман козбен карамаймыз жас болсакта ойланамыз.Жаксылык жасап жатыр гой деп.Мени де ажырастырмакшы болган Назым кусап бирак Алланын калауы мен жане озим олардын от саганына карамай кери карай олармен кырсыгып омир сурдим. Бирак бир окинетиним он жыл боп жатыр уйим жок еки улым бар ушиншимизди кутип журмиз Алла калас осы жакында келеди сол кв кинап тур.Бирак Алламнан умит узбейм аркашан колдап бир куни болмаса бир куни оганда жеткизер деп. Айтарым келинен ак емес жаман нарсени баскаларданда издеген дурыс ау деймин. Ия айтарсыздар кинани озинен издемейди екен деп ия мен кинам бар ойткени мен тике сойлеп коям артистикке самай олай коб адамга жакпайды екен. Айдана,
Айжан | 8 маусым 2016 18:37
Мен келиндерге айтарым,: ешкашан енелеринди жамандамандар, ж амандык кумандар, оданда тиршиликтеринди билип, коркем минезди , карапайым келин болындар. Кинаны бир адамнын издемендер, соз куалап, кеуделеринди котермендер
Айжан | 8 маусым 2016 18:43
Мен келиндерге айтарым,: ешкашан енелеринди жамандамандар, ж амандык кумандар, оданда тиршиликтеринди билип, коркем минезди , карапайым келин болындар. Кинаны бир адамнын издемендер, соз куалап, кеуделеринди котермендер
Жанна | 14 маусым 2016 02:05
Сәлеметсіздер ме қыздар!Мен 22 жылдан бері енеммен тұрып келем,жасым 42 де.76 жастағы енем әлі кунге акшаны ози устайды.Көрген азабым шаш етектен келеді.Өзім енемін,1 немерем бар.Өзімнің көргенімді келінге көрсетпеймін деп келем,бірақ келінім қадірімді білмей келеді.Жақсылығым алдымнар шықпады.Алла тек қалған екі ұлыма адамгершілігі мол қыз кезіктірсін деп тілеймін.Енем де келініңнің түрін қара салақ деп кекетеді де отырады.Шаршадым!
Айна | 21 маусым 2016 13:43
Келиндер мен енелер
Дикон | 13 шілде 2016 05:27
Кыз-келиншектер Аллакем баримизге сабырлык берсин.Акка кудай жак дейди,ашуымызды акылмен женейик.Мен де ата енемнен коп киындык корип келемин,бирак мен шыдауга тырысамын балаларым акесиз оспеу ушин.
Толкын | 20 шілде 2016 00:00
Ене енелігін істейді деген созді естігенде куліп едім. Рас екен ау!
Толкын | 20 шілде 2016 00:01
Ене енелігін істейді деген созді естігенде куліп едім.
Рас екен ау!
Айгерим | 28 шілде 2016 16:50
Уйленгеннен сон бари керемет болып кететин сиякты коринеди, бирак бари биз ойлагандай болмайды.Уйленгенимизге 3 жыл болды, 2 баламызды кутип журмиз.Енеммен шыда жаным шыдамен журмин. Кейде омир суру сондай киын боп коринеди.Бир рет кетип калган кезим де болган.Куйеуим минези тым жуас, енем каскыр тур десе турады отыр десе отырады, отагасы ретинде шешим кабылдай алмайды, анасы жеке усак туйек нарсемизге дейин араласады, туыстарыммен арластаргысы келмейди, тырнак астынан кир издеп, ызындап отыру канынна синген, тили пышактын жузиндей!!Кетип калуды али ойлаймын!!!Балаларымды да ойлаймын.Жалгыз ул, кенже баласына деген кара шанырагына туган инисин отбасымен киргизип койган, озимизде баспана жок, 7-8 жыл бойы жиналган пенсиясынан 1 тиын татырмайды,не немересине 1 зат аперген емес, тек менин миымды жеумен келеди.Алгашкы жылдары неше турли соз айтып, урмакшы да болган, создер суйектен отсе де ундемей сыксындап жылап отырушы едим, кейинги кезде менде де тил шыга бастады, ундемеген сайын басыма шыгып, айтатын создери де откир болып кетти, келин емес кулындай карайды.Шаршап кеттим,,,,,,
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар