Баланы қалай асырап (патронаттық тәрбиеге) алуға болады?

(Дауыстар: 1)
  • 20 ақпан 2012, 14:54 |
  • Пікірлер: 8
– Менің жасым 40-та. Мамандығым – есепші. Тұрмысқа шықпағанмын. Балалар үйінен
бала алсам деген ойым бар. Ол үшін қай органға баруым керек және қандай құжаттар қажет?

Гүлнар

Сауалға облыстық білім басқармасының бас маманы Динара Шаухина жауап береді:
– Баланы патронаттық тәрбиеге алуға ниет білдіруші тұлға жергілікті жердегі аудандық, қа-лалық білім беру бөлімдеріне барып, өтініш бе-руі тиіс. Егер тәрбиеге алушы тұлға заңды некеде болса, оның ерінің немесе әйелінің келісімі қоса тапсырылуы тиіс. Осы құжаттармен қоса олардың денсаулықтары туралы (психиатр, нарколог, тері-венерология аурулары, терапевт) дәрігерлердің анықтамалары, сотты болмағандығы туралы, тұрып жатқан баспанасының құжаттары, тұрғын үй, тұрмыстық жағдайы туралы акт құжаттары өткізіледі. Тәрбиеге алуға ниет білдірушінің өті-ніші қанағаттандырылған жағдайда ол қорғау-шылық органдарымен келісімшартқа отырады.
Патронаттық тәрбиеге алушыға балаларды тамақтандырып, киіндіргенге, тәрбиелегенге арнайы ақша бөлініп отырады. Мектеп жасына дейінгі бір баланы тамақтандырғанға 6 айлық, мектеп жасындағы бір балаға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша бөлінеді. Киімі мен аяқкиіміне, өзге де жабдықтарды сатып алуға да ай сайын 3 АЕК көлемінде қаржы бөлінеді. Оған қоса тәрбиеге алушыға заңмен бекітілген көлемде еңбекақы төленіп отырады. Осылардың бәрін қоса есептегенде бір баланы патронаттық тәрбиеге алған отбасына ай сайын жалпы жиынтығы 50 мың теңге мөлшерінде қаржы бөлінеді. Егер тәрбиеге алушының педагогтық мамандығы болса, тағы да қосымша төлем төленеді.
Патронаттық тәрбиеге алушының міндеті келісімшартта нақты көрсетілген. Ол келісім-шартта көрсетілгендей, жетім немесе ата-ана-сының қарауынсыз қалған баланы өз баласындай тәрбиелеп, бағып, өсіруі тиіс. Патронаттық тәрбиешілер арнайы оқу бағдарламасы бойынша оқытылып, тестілеуден өтеді.

Пікірлер:

Бауыржан | 19 желтоқсан 2012 17:03
Саламатсызба?Жумыстарыныз калай?Жумыстарынызга сатилик тилеймин!Асырап алган жагдайда отем акы кай жаска дейн толенеди.Мемлекеттен жогары окуга тусуне кандай женилдиктер карастырылган?
жанар | 24 ақпан 2013 22:45
менін атым жанар біз жолдасымыз екеуміз отбасы жағдайына байланысты балалар үйінен кішкентай 4 айлық сәби асырап алдық бізге өкімет тарапынан патрионаттық тәрбиеге алуыма байланысты баламызға қандай қаржылай басқада көмек бар және қай мекемеге жүгінсек болады рахмет
Куралай | 20 ақпан 2014 16:19
Салеметсиздер ма! Менің 4 балам бар. Жолдасым бар. Мен қыз бала асырап алғым келеді.
Бакыт | 19 маусым 2014 14:27
Менің бала асырап алғым келеді жасым 45-те. Толық қанды емес отбасына бала беріле ме, әлде берілмей ме? Қалай болады. Мен балам екеуміз ғана тұрамыз жолдасым бақилық болған. Жолдасы жоқ болса мен толық қанды отбасына кірмеймін бе?
Толкын | 25 маусым 2014 02:00
Менің жасым 45-те. Педагогпын, қыздарым бар, ұл бала асырап алғым келеді. Кімге, калай жолығып, қандай жолмен алуға болатыны туралы толық бағыт берілсе екен.
Бақыт | 21 ақпан 2015 23:16
Сәлеметсіздер ме? Менің жасым 46 да. Толыққанды жанұяға жатпаймын. Жолдасым жол апатынан қайтты.Бір ұлым бар 7-ші сыныпта оқиды. Қыз бала асырап алғым келеді. Барған жерімде сіз толыққанды емессіз берілмейді дейді. Бұл қаншалықты рас. Өзім жоғары білімді ұстазбын. Өтінем көмектесіңіздерші.
Айнұр | 2 мамыр 2016 16:39
Сәлеметсіздер ме! Менің жасым 40-та. Мамандығым - педагог. Тұрмыс құрмағанмын. Менің де бала асырап алғым келеді. Ол үшін не істеу керек? Тұрмыс құрмағандарға ондай мүмкіндіктер қарастырылған ба?
Жаннна | 27 шілде 2016 13:22
кыз бала асырап алгым келеди, кыздар хабарласындаршы телефон 87078906070
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар