Өскемен Өскемен ауа райы +20 oC
Семей Семей ауа райы +19 oC

Жаңа маусым Оралхан Бөкейдің шығармасымен ашылмақ

(Дауыстар: 1)
Жаңа маусым Оралхан Бөкейдің шығармасымен ашылмақӨскемендегі Жамбыл атындағы облыстық драма театр ұжымы он төртінші маусымның ашылу салтанатына дайындық үстінде. Биылғы маусым Оралхан Бөкейдің «Мынау аппақ дүние» атты бір актілі лирикалық драмасымен ашылмақшы, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Театр ұжымына драматургтің шығармалары етене таныс. Ел болып еске алып, құрмет тұтатын, ақиық ақын, белгілі жазушы драматург, Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай қойылатын қойылымға ерекше мән беріліп отыр. Өнердегі тәжірибе алмасу мақсатында, Семейдегі Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, режиссер Бауыржан Түлеков шақырылып, дайындық жұмысы басталып кетті.

Қазір Бауыржан Түлеков жаңа спектакльдің актерлар құрамы мен көркемдік жағын әзірлеп жатыр. Жамбыл драма театрының қазақ труппасы халықаралық бәйгелерде топ жарып жүрген талантты өнерпаздар екендігі баршаға аян. Оралхан Бөкейдің «Мынау аппақ дүние» повесін сахнаға лайықтап жазып шыққан Ербол Жуасбектің айтуынша, жазушының кез келген туындысы сахнаға сұранып тұрғандай.

Естеріңізге сала кетейік, «Мынау аппақ дүние» повесінде Шыңғыстай ауылына күнбағыс өсіруге келген неміс қызы Луиза мен оқушы Нұрланның бала махаббаты, Қожақ есімді шопыр жігіттің ауыр тағдыры, соғыстан кейінгі ауыл тұрғындарының қоңырқай тіршілігі баяндалады.

Жамбыл драма театры баспасөз қызметінің хабарлауынша, спектакль 27-28-қыркүйек күндері қойылады. Тағы бір ескерте кететін жәйт, биыл ең көп билет сатып алған, театрдың ең белсенді көрермені келер маусымды жыл бойы тегін тамашалай алатын сертификатқа ие болады.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Шілде 2014    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031