Су қоймалары коммуналды меншікке қайтарылуы тиіс

(Дауыстар: 1)
Су қоймалары коммуналды меншікке қайтарылуы тиісКішіүлбі су қоймасы мен Риддер су тоғаны коммуналдық меншікке қайтарылуы тиіс деген пікір айтады Риддер қаласының әкіміЖомарт Мұратов. Осыған орай жергілікті атқарушы билік бұл мәселені республикалық деңгейде шешу үшін облыс басшысына шығып, көмектесуін сұраған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Қазір аталған стратегиялық екі нысан «ЛК ГЭС» ЖШС-нің меншігінде. Біраз жылдар бойы Кішіүлбі су қоймасы мамандардың назарына ілігіп, жіті бақылауға алынған. Сарапшы мамандардың есебінше, ағаштан жасалған нысан ұзақ жылғы қолданыстан кейін тоза бастаған.

Кішіүлбі су қоймасы қазір аса қауіп төндірмегенімен, алдағы уақытта жөндеу жүргізбей болмайды. Алайда меншік иесінің бұл жұмыстарды атқаруға, оның техникалық ахуалын қалыпты дәрежеде ұстап тұруға әлеуеті жетпеуі мүмкін.

– Екі нысанды мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі тиісті хат облыс Әкіміне жолданған. Өйткені қала тұрғындары жеке бір компанияға тәуелді болмауы керек. Оның үстіне қажетті жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға серіктестіктің жағдайы жоқ, ал мемлекет бұл проблеманы шеше алады, - дейді Ридлер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар