Облыс орталығында «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы өтті

(Дауыстар: 1)
Облыс орталығында «Жан жылуы»   қайырымдылық акциясы өттіОблыстық білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскеменде «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемендегі №19-орта мектепте ұйымдастырылған акцияға аз қамтылған отбасылардың осы білім ұясында оқитын балалары мен мүгедек балалардан құралған дарындылар жиналды. Олардың арасында оқу үздіктері, белсенділер, әр түрлі олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпаздары да бар. Солардың бірі – Варшава қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен халықаралық зияткерлік олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Калинко.

Акцияға қатысушылар балалардың оқу мен қоғамдық өмірдегі жетістіктерін айта келе оны ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. Ал әр оқушыға «Дарын» орталығының сыйлығы – қысқы киімдер жиынтығы табыс етілді. Әсіресе, мерекенің ең кішкентай қатысушысы, мектепалды сыныпта оқитын Андрей Герасимовтың «Сіздерге үлкен рахмет!» деген сөзі акцияны өткізушілерге деген алғыстың шынайысы еді.

Жалпы, қоңыр тірлік кешіп жүргендерді қолдау үшін ерекше іс жасаудың қажеті де жоқ екен-ау. Тек қайсыбір қиындау кезеңдерде қарапайым адамгершілік пен достық қарым-қатынас орнатылса, жеткілікті болатындай.

- Бүгін көмек алғандар ертеңгі күні жетіспеушіліктің қамытын киіп жүрген басқаларға қол ұшын береді. Дәл осы күнгідей кішкене ғана мейірім тамшысы содан барып бүкіл адамзаттық махаббатқа ұласатыны сөзсіз. Мұндай мейірімділік акциялары қазір облысымыздың барлық жерлерінде ерекше шуақты шара болып өтуде, - дейді «Дарын» орталығының маманы Бейбітгүл Базанқызы.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар