Еліміздегі проблемалық жобалар қысқартылатын болады

(Дауыстар: 1)
Еліміздегі  проблемалық жобалар қысқартылатын боладыАлдағы уақытта еліміздегі бірқатар проблемалық жобалар қысқартылатын болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы дәстүрлі брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 11-қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетінің жұмысын сын тезіне алған еді. Индустриялық саясат жөнінде айта келіп Елбасы:

– Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар әлі де болса шикі. Бірқатар кәсіпкерліктер тауарларын өткізуде, шикізатты алуда, кадрмен қамтамасыз етуде қиындықтар көріп отыр. Бағдарламаны іске асырған уақыт ішінде тек бір ғана жоба бойынша 100 млн. теңгеге инновациялық грант берілді, – деген болатын.

– Президенттің тапсырмасына сай біз Индустрияландыру картасындағы жобаларды таңдау ережесін өзгерттік. 2012-2013 жылдары қолға алынған жобалар өте мұқият қаралатын болады. Жалпы, тұралап қалған проблемалы жобаларға келер болсақ, алғашында олардың саны 35 болған. Ал қазіргі уақытта соның 13-і ғана қалды. 21-і таратылып жіберілді, – деді Ә.Исекешев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы бірінші бесжылдықтың қателіктерін қайталамауы тиіс екенін де атап өткен болатын.

– Бірінші бесжылдықтың аяқталуына бір жыл қалды. Сондықтан да, 2013-2014 жылдарға арналған нақты жұмыс жоспарымыз бар. Біз оған қосарлап ҮИИД МБ екінші бесжылдық бағдарламасын жүзеге асыруды да қолға алдық, оны жүзеге асыру 2015 жылы басталмақ, – деді министр. – Екінші бесжылдық аясында Индустрияландыру картасының бағыттарына да өзгертулер енгізіледі. Олар аймақтық кәсіпкерлік пен жұмыс берудің даму картасына кіреді, – деді ол.

Брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары 2020 жылға дейін туризм саласында 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылатынын да атап өтті. Бүгінгі таңда ведомство Астана, Алматы қалалары және Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары маңында ұлттық туристік кластерлерді дамыту бойынша шаралар қолға алуда. Сондай-ақ, Кендірліде жағажай туризмін дамыту министрліктің жіті назарында.

– Президент барынша көп жұмыс орны мен экономикалық өсім беретін нақты бағдарламаларды жүзеге асыруға күш жұмсауды тапсырды. Туризм сол тізімге еніп, басым салалардың біріне айналады деген үміттеміз, – деп толықтырды ол.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар