ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Семей қаласы активімен кездесті

(Дауыстар: 1)
ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев  Семей қаласы активімен кездестіШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде айтқан сын-ескертпелері мен тапсырмаларын орындау бойынша Семей қаласы активімен кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.

Ағымдағы жылы 11-қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, Үкімет пен жергілікті органдардың жұмысына бірқатар сын айтып, нақты тапсырмалар жүктеген-ді. Осыған орай облыс орталығында селекторлық кеңес өтіп, қалалар мен аудандар әкімдеріне, басқарма басшыларына міндеттер бекітілді. Елбасы сынынан қорытынды шығару бойынша өңірдегі қалалар мен аудандарда жоспарланған алғашқы жиын Семейде өтті. Жиынға қала активі, облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері және бірқатар кәсіпорындар жетекшілері мен облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

– Өңірімізде үдемелі индустрия-лық-инновациялық бағдарламаға құны 600 млрд. теңгеден астам 32 жоба кірсе, оның ішінде 24 жоба іске қосылды. Қалғандары өз жұмысын толық қуатында жүргізе алмай отыр. Оның ішінде Семейде қолға алынған жобалардың сылбырлығы байқалады, – деді облыс әкімі.

ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев  Семей қаласы активімен кездестіОблыс басшысы қала әкімі Айбек Кәрімовтің Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі-
нен соң мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы сұрады.

Айбек Кәрімовтің айтуынша, Семейде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 14 жоба енген. Алайда, соңғы кезде кабель өндірісі зауытына қатысты мәселе туындап отыр. Өйткені, аталған өнімге сұраныс аз. «Қазақстан темір жолы» компаниясымен жасасқан келісімшарт та өнімнің өтімділігіне даңғыл жол аша қойған жоқ.

Биыл қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша 6 үй пайдалануға берілмек. Былтыр 75 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, ағымдағы жылы он айдың ішінде 50 мың шаршы метр үй салынды. Оның басым бөлігі – жеке тұрғын үйлер. Жыл соңына дейін тұрғындарға тағы 50 мың шаршы метр баспана беріледі. Аталған тұрғын үйлер «Энергетик» ауылында орналасқан.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы индексі 10 пайызға артты. Мал басы көбейіп, сақтау қоймалары іске қосылды. Канададан 1000 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Жалпы есепте «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша 3 жоба іске қосылды.

Интеграциялық байланыстар да өрістеп келеді. Семей қаласымен іргелес жатқан Абай, Жарма және Бородулиха аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерін қала халқына делдалсыз жеткізу бағытында фермерлерге қала орталығынан жер телімі беріліп, өнімдерді саудалауына мүмкіндік жасалуда. Бұл ретте өнім бағасы базардағы нарықтан 14-15 пайызға арзан болады. Семейде осы мақсатта 5 нысан салу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, көлік-логистикалық орталығын салуға ниет білдірген кәсіпкерлерге Алматы – Семей тас жолының бойынан жер телімі бөлінді. Қазіргі кезде аталған нысанның жобасы жасалуда.
Қаладағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру барысында бірқатар түйткілдер бар. Аймақ басшысы
қаладағы қоғамдық тәртіп сақшыла-рының қызметін күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімі қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаевқа Семей қаласының кешенді даму жоспарын әзірлеу жұмысындағы кемші-ліктерге байланысты бірқатар сын айтты.

Премьер-Министр Серік Ахметовтың Семейге келген іссапарында жүктеген тапсырмасына сәйкес кешенді жоспарға 10 қазанға дейін өзгеріс енгізілуі керек болатын. Алайда Ж.Елубаевтың айтуынша, бұл мәселе келер жылға қалдырылған екен.

– 2009 жылдан бастап жүргізілген Семей қаласының материалдық-техникалық базасын нығайту туралы кешенді даму жоспарына сәйкес қала қосымша қаржы алуы тиіс еді. Үкімет басшысы келген кезде Семей қаласының бірқатар мәселелері сөз болды. Жол, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралған осы жиында жоспарға енгізілуі тиіс өзгертулер мен толықтырулар бекітілуі керек болатын. Сонда тиісті министрліктерге Үкіметтің қаулысын көрсете отырып, қолдау күтіп отырған салаларға қосымша қаржы бөлгізуші едік. Үкімет басшысының бекіткен хаттамасына ешкім өзгеріс енгізген жоқ. Бұл хаттамада көрсетілген уақыттан кешіктік. Қазір Сенатта келер жылдың бюджеті қаралып жатыр. Аталған жоспар келер жылдың бюджетіне енгізілуі үшін үлгеруіміз тиіс болатын. Ал сіздер бұл мәселеде сылбырлық танытып, істі соңына дейін жеткізе алмадыңыздар. Жыл басындағы жақсы көрсеткіштер қазір төмендеп кеткені байқалады. Қала бойынша қосымша кіріс көздерін арттыру қажет, – деді облыс әкімі.


Думан Анаш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар