Аягөзде аймақтық индустрияландыру картасына енген бес жоба жүзеге асырылып жатыр

(Дауыстар: 1)
Аягөзде аймақтық индустрияландыру картасына енген бес жоба жүзеге асырылып жатырОблыстық ақпараттық орталықта Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жер көлемі жағынан ең ірі ауданның әкімі Нұрбол Нұрғалиев журналистерге үстіміздегі жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары жайында кеңінен баяндап берді.

Қазіргі күні үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ауданда Ақтоғай кен орны салынып жатыр. Болашағы зор, қуатты кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істесе, үш мыңнан астам адам жұмыс орнымен қамтылады.

Сондай-ақ, аймақтық индустрияландыру картасына енген бес жоба да сәтті жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында «Жартылай вагон люктерінің қақпақтарын дайындауды өндіріске енгізу жобасы» да іске асып, 84 жұмыс орны ашылды. Ал «Тамшылатып суару технологиясын енгізу және 500 тонналық картоп сақтау қоймасының құрылысы» жобасы жыл аяғына дейін толық қуатқа көшірілмек. Сонымен қатар, Аягөз кірпіш зауытының, «Тасқара алтын өндіру фабрикасының» құрылысы мен жүн өндірісін дамытуға арналған жобалар бойынша да жұмыстар ілгерілеп келеді.

Аягөз негізінен мал шаруашылығына бағытталған аудан. Брифингте аудан әкімі Аягөз қаласындағы ет комбинатын қайта қалпына келтіріп, өндіріс орнын ашу мүмкіндігін де сөз етті.

Десе де, ауданда әлі түйінін таппаған мәселелер де жетерлік. 5 миллион гектарға жуық жері бар ауданда осы байлықты кәдеге асыру жағы ақсап жатыр. Бүгінгі күні жайылымдық жердің 32 пайызы ғана пайдаланылуда. Сондықтан да ауданда мал шаруашылығын мықтап қолға алу қажет.

Балабақша мәселесі де әлі түпкілікті шешімін тапқан жоқ. Ауданда бақшаға бару үшін кезекте 573 бала тұр. Аудан бойынша жыл сайын қылмыс көбейіп отыр. Қылмыстың бетін ашу, керісінше, азайып кетіпті. Бұған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санының аздығы да себеп болуда. Аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев қылмысты ашуда жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу қажеттігін де ерекше атап айтты. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен видеобақылау жүйесін орнату үшін 58 миллион теңге қаржы бөлінген.

Жол жағдайы да мәз емес. Жалпы, аудан бойынша 1179 шақырым жол болса, оның 500-і – республикалық, 215-і – облыстық, 454-і – аудандық маңызы бар жолдар. Әсіресе, Аягөз қаласындағы Өскемен – Алматы тас жолы өтетін Қабанбай батыр көшесімен жүретін көлік ағыны көп болғандықтан, қатты тозып кетті. Биыл бұл жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 400 миллион теңге бөлінген.
Аягөз қаласындағы тозығы жеткен тұрғын үйлер де жергілікті биліктің бас ауруына айналып отырған сыңайлы. Қаладағы 127 тұрғын үй өткен ғасырдың елуінші жылдарында салыныпты. Қазіргі күні қаладағы ескі тұрғын үйлерді «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеу қолға алынып жатыр.
Аудан әкімі қазандықтардың да жекенің қолында екенін тілге тиек етті. Десе де, жергілікті билік олардың қысқа әзірлігі жақсы екеніне сенімді. Көмір қоры да жеткілікті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар