Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 58 нысан пайдалануға берілуі тиіс

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 58 нысан пайдалануға берілуі тиісАғымдағы жылы Шығыс Қазақстанда 34,5 млрд. теңгеге 133 әлеуметтік маңызға ие нысан салынып жатыр. Олардың 58-і жыл аяғына дейін қолданысқа берілуге тиіс. Бұл жөнінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Төленбергенов облыстық ақпарат орталығында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде айтқан сын-ескертпелерінің аталмыш салаға қатысты тұстарының орындалу барысы туралы да айтылды. «Қолжетімді баспана-2020», «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» бағдарламаларының орындалу барысы ерекше назарда екенін айтқан Серік Төленбергенов осы бағыттағы шаруалардың түйткілді тұстары қалай шешіліп жатқанынан да ақпар берді.

«Қолжетімді баспана» бойынша 41 тұрғын үйдің құрылысына 9321,8 млн. теңге бөлінген. Сол үйлердің 22-сі жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Бүгінге дейін қолданысқа берілген баспананың көлемі 147 мың шаршы метрге жетсе керек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,5 пайыз артық. Бағдарлама қарқынын арттыру мақсатында және бір типті әлеуметтік нысандардың әр жерде әртүрлі шығынмен салынатыны жөнінде Елбасы айтқан ескертпелердің орнын толтыру үшін Семейде салынып біткен құрылыс материалдарының комбинатына ерекше көңіл бөліне бастаған. Мұндай комбинат жуықта облыс орталығында да қолданысқа беріледі.

Мемлекет басшысының типтік білім ошақтарына қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес құрылып, жұмысын бастаған. Бұл кеңес кез келген білім нысанын салмас бұрын ондағы халықтың өсім мөлшерін, келешегі мен орталықтардан қаншалықты шалғай жатқанын ескере отырып, жобаларға түзету енгізетін болады.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде 5 нысан бой көтерген. Жалпы, ағымдағы жылы 20 мектептің құрылысы басталып, оның 14-і мерзімінде аяқталып отыр. Жоспарланған бес денсаулық сақтау мекемесінің тек үшеуі қолданысқа берілген. Қалған екеуі 2014-2015 жылдары салынып бітуі тиіс. «350 денсаулық сақтау нысанының құрылысы» бағдарламасы бойынша 29 ауылдық дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Биылдың өзінде тоғыз амбулаторияның құрылысы жүріп жатса, келер жылы осындай 11 нысанның құрылысы басталмақ.

«Балапан» бағдарламасы бойынша салынған алты балабақша бүгінде ел игілігіне қызмет етуде.
Серік Төленбергенов мерзімінен кешіккен нысандардың бүгінгі жайына да тоқталды. Апаттық мектептерді ауыстыруы тиіс төрт нысан биыл аяқталмайтыны белгілі болып, іс сотқа тапсырылған. Үржар мен Күршім ауданының аумағындағы бұл мектептерге басқа мердігерлер тартылмақ.

Ал облыс орталығындағы қан орталығы мен Глубокое ауданындағы орталық аурухананың құрылысын құрдымға жіберген «Құмаров и К» компаниясы ықылассыз мердігерлер тізіміне ілініп, серіктестік басшысы қамауға алынған. Глубокое аудандық ауруханасының құрылысын аяқтау құқығына ие болған «Элхон» ЖШС нысанның жекелеген кешендерін биылғы жылдың аяғына дейін, қалған бөлігін келер жылдың басында пайдалануға беруі тиіс. Қазақ драма театрының құрылысы да келер жылы аяқталмақ. Бүгінде ол нысанға қатысты барлық кедергілер жойылған. Ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолға алынған Жеңіл атлетика манежі мен Жекпе-жек сарайының құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілсе, жабық бассейн кешені келер жылдың еншісіне қалып отыр.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар