Зайсанға газ берілді

(Дауыстар: 1)
Зайсанға газ берілдіШығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласының тұрғындары енді үйлерін газ көмегімен жылытатын болады. Бұл Сарыбұлақ-Майқапшағай ұзындығы 92,5 шақырымдық газ құбыры құрылысының нәтижесінде туындап отырған мүмкіндік.

8-қараша күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс іс-сапарымен Зайсан ауданына болып, автоматты газ тарату станциясының жұмысымен танысты.

Зайсанға газ берілдіӨткен жылы Зайсан ауданының аумағында табиғи газдың қоры табылған болатын. ШҚО әкімі Б.Сапарбаев газ құрылғысының жұмысымен танысып, үйін газбен жылыту жүйесіне қосқан Файзрахмановтар үйіне кіріп шықты. «Казтрансгаз Аймақ» АҚ мамандарының айтуынша, газ қондырғылары заманауи және қауіпсіз. Аппарат газ шығара бастаса, бірден сөніп қалады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі толық сақталған.

-Бүгінде Зайсан қаласы бойынша 470 үй газға қосылды. Келесі жылы 9 елді мекенде газ құбырына қосылу қарастырылған. Одан кейін газ Өскемен және Семей қалаларына әкелінеді. Қазірдің өзінде көліктерге арналған газ стансаларын салу қарастырылып жатыр. Бұл экономикалық жағынан ғана тиімді емес, экологиялық таза, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

ШҚО-дағы газбен жылытылатын бірінші мектеп - Зайсандағы Әуезов атындағы мектеп болды. Бұрындары жыл сайын мектеп көмір сатып алуға 5 млн 300 мың теңге жұмсаса, қазір 3 млн теңгеге жылытылатын болады. Оған қоса 6 адамның орнына 3 оператор жұмыс істейтін болады.

Зайсанға газ берілдіТұрғындар газдың қолданысқа берілуіне орай ұйымдастырылған "Алаудың жағылуы" салтанатында Зайсан қаласының тұрғындарын құттықтап, орталық алаңда бой көтерген ҚР Мемлекеттік символикасы композициясының ашылуына қатысты.

ШҚО ақпараттық орталығы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар