Өкпе ауруларына қарсы емдейтін диспансер уақытша жабылды

(Дауыстар: 1)
Өкпе ауруларына қарсы емдейтін диспансер уақытша жабылдыОблыстық төтенше жағдайлар департаменті өртпен күрес бөлімінің мамандары Өскемендегі облыстық туберкулезге қарсы емдеу диспансерінің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Бұлай етуге аталған диспансердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты бірталай ереже бұзушылықтар себеп болды, - дейді департаменттің бас маманы Азамат Қапышев. – Әлеуметтік маңызы бар нысан біздің ерекше бақылауымызда. Біз сот арқылы оның қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Өйткені, алда-жалда өрт шыға қалса, диспансерде емделіп жатқан 300-ден астам науқастың өміріне қауіп төнері сөзсіз. Емдеу мекемесінің терезелері металл торлармен қоршалмаған, автоматты өрт дабылқаққышпен, тіпті, қарапайым өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған.

Кешеден бастап облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен туберкулезге қарсы емдеу диспансерінің қызметін уақытша тоқтату жөніндегі сот шешімі заңды күшіне еніп, нысан жабылды.

Ал диспансердің басшылығы болса, орын алған заң бұзушылықтарды жою үшін оларға қажетті қаржы бөлінгенін және олар Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа сот шешімін кейінге қалдыруды сұрап, өтініш түсіргендерін айтып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар