Өскеменде «Достар іздеймін!» акциясы басталады

(Дауыстар: 1)
Өскеменде «Достар іздеймін!» акциясы басталадыЖыл сайын 13-қарашада ДДСҰ бастамасымен дүниежүзінде Халықаралық зағиптар күні аталып өтіледі. Осыған орай Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында 12-қарашада «Достар іздеймін!» акциясы басталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі кітапхананың баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні Қазақстанда 20 000-нан астам көз мүгедектері өмір сүруде. Өкінішке орай, олар үнемі мәдениет мекемелері қызметін пайдаланып, бейтаныс ортаға еркін бейімделіп, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіне бермейді. Міне, сондықтан кітапханада «Кедергісіз кітапхана» жобасы жұмыс істейді.

Нашар көретін адамдар үшін кітапхана мамандары ағылшын тілі, компьютер сауаттылығы мен қолөнер сабақтарын жүргізуде. Акция барысында кітапхананың Халықаралық ресурстар орталығында курсанттар ағылшын тілінде сәлемдесіп, өздері жайлы әңгімелеуге үйренеді. Ал, «ІТ-Отау» интеллект-орталығында әлеуметтік желіде қарым-қатынас жасап, Интернеттен дос іздеу жөнінде сабақтар жүргізіледі. Кітапхананың Шеберлер мектебі де шетте қалмайды, акцияға қатысушылар мұнда қайың қабығынан туыстарына арнап әртүрлі сыйлықтар жасайтын болады.

«Таяуда кітапханада нашар көретін және еститін жандарға арналған ыңғайлы да жайлы залдар ұйымдастырылады.
Кітапханашылардың басты мақсаты – курсанттар өміріне барынша әсер ететін сапалы білім беру. Яғни, білімді игере отырып, олардың өмірге деген құштарлығын арттыру», дейді шараны үйлестірушілердің бірі Сәуле Шынғалиева.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар