Шығыс Қазақстанда «Күршім» паромы айдынға шықты

(Дауыстар: 1)
  • 11 қараша 2013, 08:46 |
  • Пікірлер: 1
Шығыс Қазақстанда «Күршім» паромы айдынға шықтыКүршім ауданында күрделі жөндеуден өтіп, толық жаңарған бұрынғы «Енисей», қазіргі «Күршім» паромы айдынға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Паромды мемлекеттің меншігіне Жанарбек Білімбаев деген азамат қайтарып берген. Бұл жобаға араб ағайындар 80 млн. теңге бөліп, қаржылай көмек көрсеткен.

Шығыс Қазақстанда «Күршім» паромы айдынға шықты- Инвесторлар берген ақшамен паромды банктен кепілдіктен алып, облыстық бюджеттен бөлінген 117 млн. теңге ақшаға оны толықтай жөндеп шықтық. Бұйыртса, бұл су көлігі сіздердің игіліктеріңізге қызмет ететін болады. Әрине, сіздер үшін ең үлкен мәселе, ол – көпір салу. Қазір кәрістің бір компаниясымен тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, бәрі дұрыс болса, алдағы уақытта көпірдің салынатын күні де келетін шығар, – деген облыс әкімі БердібекСапарбаев болашақта Зайсанның көгілдір газы Күршімге де жеткізілетінін мәлім етті.

«Күршім» дизельді паромы 1964 жылы Ресейдің Тюмень қаласында шығарылыпты. Ол бір ретте алпыстан астам жеңіл көлікті арғы жағалауға жеткізе алады. Жүк көтеру мүмкіндігі – 185 тонна. Енді арылы-берілі өтетін ағайындар сыйымдылығы мол кемемен қауіпсіз қатынайтын болады.

– Бастан-аяқ жөнделді, барлық корпустық жұмыстар жүргізілді. Кеменің табаны ауыстырылып, электр қозғалтқышы жаңартылды. Алдымен тексеру амалдары жүргізіліп, паромның техникалық ақаулары анықталды. Негізгі жөндеу жұмыстарын биылғы наурыз айынан бастағанбыз, қыс түспей бітіріп алғанымызға қуанып отырмыз. Ендігі шаруа екінші «Ертіс» паромын жөндеуді қолға алмақпыз, – дейді «Гидросталь» ЖШС-інің директоры Анатолий Синицин.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Ардаиев Бақыт | 25 наурыз 2015 02:09
Ертіс өзеніне қашан көпір салынат?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар