Облыс басшысы семейлік журналистермен жүздесті

(Дауыстар: 1)
Облыс басшысы семейлік журналистермен жүздестіШығыс Қазақстан облысының әкімі Семей шаһарындағы тарихи-өлкетану мұражайындажергілікті баспасөз өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Республикалық, облыстық және қалалық БАҚ өкілдерімен еркін сұхбат алаңы барысында өңір басшысы Елбасының облыстың алдына қойып отырған негізгі міндеті – экономикалық өсімді сақтау әрі ұлғайту болып табылатынын жеткізді. Бұл үшін барлық кәсіпорындар өзінің толық қуатында жұмыс істеуі және жаңадан өндіріс ошақтары құрылуы қажет. Семейде кейбір тұралап қалған кәсіпорындар бүгінде жергілікті биліктің қолдауымен қайта жандана бастады. Мәселен, тері өңдеу комбинаты іске қосылды. Осы және өзге де облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған өңір басшысы республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше тас жолдар жөнделіп жатқанын атап өтті. Оның ішінде Семей – Шар, Шар – Қалбатау, Үржар – Бақты, Үржар – Алакөл, Зырян, Рахман қайнарына баратын жолдар бар.

«Литер» газетінің тілшісі Екатерина Гуляева Семейдегі «Өндіріс» индустриялық аймағының жағдайы жөнінде сұрады, сондай-ақ, қытайлық көкөніс өсірушілерге арналған жер телімінің бөлінуі туралы білгісі келетінін жеткізді.

– Семейдегі индустриялық аймақтың дамуы қалыпты. Бұл аумаққа үш зауыт салынады. Аталған бағытты дамыта түсуіміз керек. Алайда, индустриялық аймаққа кәсіпорындар жаңа бизнес орындарын орналастыру үшін көрсетілетін жеңілдіктер, кәсіпкерлер қаржысын тарту тетіктері жолға қойылмай отыр. Түркияның индустриялық аймақты дамыту тәжірибесінен сабақ алуымыз қажет. Онда 250 нысан орналасқан. Кәсіпкерлерді индустриялық аймақ шеңберінде салық төлеміндегі жеңілдіктер қызықтырады. Осыған орай Үкіметке индустриялық аймақпен жұмыс істеуге байланысты заңнамалық базаны жетілдіру туралы ұсыныс енгіздік, – деді Бердібек Сапарбаев.

Екінші мәселеге орай өңір басшысы облыс аумағында жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 350 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер бар екенін айтты.

– Жыл сайын біз жерді игеру көлемін бес пайызға арттырып келеміз. Дегенмен, барлығын бірден игеру мүмкін емес. Сондық-тан, мен бірлескен өндіріс құру негізінде бос жер телімдерін шетелдік инвесторлардың қолдауымен пайдалану жөнінде ұсыныс енгіздім, – деді облыс әкімі.

Тілшілер қауымы өңірлік масс-медианы заманауи бағытта дамыту мәселелерін кө-терді. Мәселен, жекеменшік телеарналар атқарушы биліктен сандық тарату жүйесіне көшіруге қолдау білдіруді сұраса, мерзімді баспасөз өкілдері басылымды тарату жүйесінің қиындық келтіріп отырғанын жеткізді. Бұл ретте «Қазпошта» қызметі өте қымбат тұратындығы сөз болды. Сонымен қатар, «Спектр» газетінің редакторы Маргарита Калачян тілшілердің әлеуметтік ахуалын көтеру туралы ұсыныс айтты. Облыс басшысының айтуынша, алдағы уақытта Өскеменде шығармашылық үйін салу жоспарланып отыр. «Семей таңы» газеті бас редакторының орынбасары Ләззат Шарапиева отандық патриотизмді дамыту бағытындағы іс-шаралар ел көңілінен шығып отырғанын айтып, алғысын білдірді. Аймақ басшысы бұл бағытта «Туған жерге – тағзым», «Туған ел – алтын бесігім» акциялары, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» сынды ірі жобалар нәтижелі болып отырғанын атап өтті.

Ардагер журналист Дәулет Сейсенұлы тарихи-өлкетану мұражайының бүгінгі ахуалы сын көтермейтінін, көптеген бірегей жәдігерлердің ғимарат аумағының жетіспеушілігінен қоймада жатқандығын жеткізді. Облыс басшысы қазіргі кезде «Қазақмыс» жетекшілігімен мұражайға көрші ғимаратты қайтарымсыз беру туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабардар етті.
«ТВК-6» телеарнасының тілшісі Вера Кропачева ЖЭО-1 аумағына орнатылған турбинаның көптен бері жұмыс істемей тұрғандығын жеткізді. Облыс басшысы турбинаның зауыттан ақаумен шығарылғаны анықталғанын, оны іске қосу қауіпті екенін атап өтті. Қазіргі кезде турбина шығарылған зауыттың өкілдері келіп, мән-жайды анықтап жатыр.

Думан Анаш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар