Семейліктер алдағы уақытта ежелгі дүниеге саяхат жасайды

(Дауыстар: 1)
Семейліктер алдағы уақытта ежелгі дүниеге саяхат жасайдыСемей қаласындағы «Қазақстан-Салют» НПО» ЖШС аниматрионикстер дайындау және отшашу құралдары бойынша қызмет көрсететін болады. Аталған кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс басшысы Б.Сапарбаевқа бірқатар қызықты жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, Семей қаласының тұрғындары мен меймандары алдағы уақытта ежелгі дүниеге саяхаттай алады. Қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған кәсіпорын базасында динозавр, ихтиозавр, кинг-конг, алып қолтырауын, өрмекші сынды көне дүние дәуірінің жануарлары жасалған.

Кез келген адамды қызықтыратын алып жануарлар тірі мақұлық іспетті қозғалады. Ойын-сауықтық орталығы ретінде жасалған жобада мұз басу дәуірі, ғаламдық жылыну кезеңі де көрініс тапқан.

Семейліктер алдағы уақытта ежелгі дүниеге саяхат жасайдыАталған кәсіпорынның қызметін еліміздің барлық облысы мен жекелеген тұлғалар тұтына алады. Кәсіпорынға қажетті шикізат Қытайдан әкелінген. Креативті жоба ретінде көңілден шығатын осындай орталықтар облыстың өзге өңірлерінде де жүзеге асуы мүмкін. Өңір басшысы балалардың сүйікті демалыс орнына айналатын мұндай орталықтарды облыс орталығында да жүзеге асыруға болатындығын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар