Екі облыстың аудандары меморандумға қол қойды

(Дауыстар: 1)
Екі облыстың аудандары меморандумға қол қойдыЖуырда Бесқарағай ауданында Павлодар облысы, Лебяжі ауданының ресми делегациясы болып қайтты. Кездесулер мен келіссөздердің нәтижесінде екі аудан арасында әлеуметтік және экономикалық салалардағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қонақтар Бесқарағай ауылындағы бірқатар білім беру және кәсіпкерлік нысандарын аралап көрді. Олар «Қазақстан жолы» атты облыста тұңғыш рет ашылған білім және тәрбие беру орталығының жұмысымен танысты. Керекулік меймандар, әсіресе, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында іске асырылған жобаларға асқан қызығушылық танытты, атап айтсақ, олар осы бағдарлама бойынша ашылған «Власов» автокөлік жөндеу стансасы мен «Шығыс» асханасының аяқ алысына жоғары баға берді.

Аудандық Достық үйіндегі дөңгелек үстел басында өткен кездесуде Бесқарағай және Лебяжі аудандарының атқарушы органдары жаңа байланыстар орнатудың тәсілдерін сөз етіп, әріптестіктің келешектегі бағыттарын талқыға салды.

– Бұл – менің Бесқарағай ауданына алғаш келуім, – деп атап өтті Лебяжі ауданының әкімі Айзада Құрманова. – Көршілес өңірдегі экономикалық әлеуеттің айтарлықтай зор екеніне көз жеткізіп отырмын, негізінен мұнда ауыл шаруашылығы мен суармалы егіншілік жақсы дамыпты. Бізде Бесқарағай ауданының «Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру, кәсіпкерлерге шағын несие беру жөніндегі мол тәжірибесін зерттеп-үйренуге деген шынайы ықылас пайда болды. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысынан үйренеріміз көп екен.

Келіссөздер барысында тараптар екі өңірде де бірлескен жәрмеңкелер ұйымдастыруға уағдаласты, оларда жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері саудаланатын болады. Сондай-ақ, қос аудан қарағайлы орманды өрттен және заңсыз ағаш кесушілерден күш жұмылдыра отырып қорғау туралы келісімге келді.

Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, аталмыш әріптестік Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары арасындағы өңір-аралық интеграцияның дамуына аз да болса өзінің септігін тигізбек.

Лебяжі ауданының Бесқарағайдағы күні аясында, сондай-ақ, қос өңірдің волейбол мен теннистен құрама командалары арасында жолдастық кездесулер болып өтті. Кешке таман Мәдениет үйінде көрші өңірдің өнерпаздары концерт қойды.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар