Зырянда баспана құрылысын арттыру көзделіп отыр

(Дауыстар: 1)
Зырянда баспана құрылысын арттыру көзделіп отырКелесі жылы Зырян қаласында «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы аясында көпқабатты үш тұрғын үйдің құрылысын жүргізу қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Бұл күндері Зырян қаласында 600 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Қаланың тұрғын үй қорындағы 457 үйдің 48-і өткен ғасырдың 40-50 жылдарында салынған және әбден ескіргендіктен, тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың саны өсе түсетіні де белгілі болып отыр.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру бағытында алдымен №10 шағын аудандағы Рудный көшесінің бойын-
да 60 пәтерлік екі үй салынады. Сондай-ақ, тағы бір 105 пәтерлік тұрғын үй №2 шағын ауданның Комсомол көшесінде бой көтереді. Қазіргі кезде бұлардың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде. Құрылыс жұмыстары келер жылдары басталады.

Былтыр М.Горький көшесінің бойындағы 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл Космонавтар көшесіндегі 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жыл басынан бері ауданда 6121 шаршы метр тұрғын үй салынды.


Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар