Өскеменде толық циклды жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталды

(Дауыстар: 1)
Өскеменде толық циклды жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталдыӨскеменде толық циклды жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа зауыттың өндіріс қуаты – жылына 120 мың көлік болады деп жоспарланып отыр. Автомобильдің қосалқы бөлшектерін, қажетті жабдықтарын дайындайтын бірнеше кешен қоса салынады. Зауытта 12 мың адам еңбек ететін болады. Зауыттың құрылысына қала іргесіндегі Согра кентінің жанынан 514 гектар жер бөлініп отыр. Жоғары технологиялық жоба облыс басшылығынан қолдау тауып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асырылады. Аталмыш жобаның 25 пайыз акциясын «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төлейді. Зауытты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатына Үкімет 6 млрд. теңге бөлмекші.

Өскеменде толық циклды жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталдыАлып құрылыстың ашылу салтанатында аймақ басшысы Б.Сапарбаев облыста келесі жылдан бастап машина жасау саласының мамандарын дайындайтын арнайы орталықтардың ашыла бастайтынын атап өтті. Себебі, біздің өңір машина жасау саласы дамыған аймаққа айналып келе жатыр. Семейде құрастырылатын автобустар, тракторлар, тағы басқа техникалар осыған дәлел. Бір сөзбен айтқанда, облысымызда заманауи машина жасау кластерінің қабырғасы қалану үстінде.


Өскеменде толық циклды жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталдыРесей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары Глеб Никитин өзінің құттықтау сөзінде екі елдің арасындағы сауда айналымы 15 пайызға өскенін айтты.

– Ең бастысы, біз инвестицияны болашағы айқын сенімді серіктестерге салып отырмыз. «АзияАвто» – Қазақстандағы авто-өндірістің көшін бастап тұрған компания. Онымен серіктес болу «АвтоВАЗ» үшін үлкен мақтаныш, – деді ресейлік бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, алдағы уақытта зауыт конвейерлерінен жаңа «Калина», «Гранта», «Рено» модельдері және басқа да көлік түржиындары шыға бастайды.

Еліміздегі Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау өз сөзінде бұл жоба «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылатынын айтты. Негізгі көмек зауытты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Салтанатты жиында «Азия–Авто Қазақстан» зауытының президенті Ержан Мандиев Ресей компаниясының басшыларымен екі келісімшарт жасасып, құжаттарға қол қойды. Дәстүрге сәйкес зауыттың символикалық алғашқы алтын кірпіштері қаланды. Жылға созылатын алып автомобиль зауытының құрылысы басталды.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар