Шығыс Қазақстанда 677 қар тазалайтын техника сақадай сай тұр

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда 677 қар тазалайтын техника сақадай сай тұрӨскемендегі Республика алаңында «Қазақавтожол», «Облшығысжол», «Өскемен-Тәртіп» кәсіпорындары мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қар тазалайтын техникаларының көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көрме барысында облыс аумағында автогрейдері бар, құм сепкіші бар, құрама жол машиналары бар, ұзын саны 677 қар тазалайтын техника сақадай сай дайын тұрғанына көзіміз жетті.

Шығыс Қазақстанда 677 қар тазалайтын техника сақадай сай тұр– Біздің жақтың қысы қаһарлы болып келетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан қыс кезінде қиындық көрмеуіміз үшін лайықты техниканың болғаны шарт. Қазір бұл мақсатқа айтарлықтай мол қаражат бөлінуде. Және бұл орайда біз облысымыздағы кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен, жол және жедел жәрдем көрсету қызметтерімен, сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментімен келісімшарттар жасастық, – дейді облыс Әкімінің орынбасары Ерлан Текешов.

Облыс аумағында қарға қарсы арнайы бөгеттер бой көтеріп, ескерту белгілері әзірленіпті. Бұған қоса, жанар-жағармай мен көмірдің қажетті мөлшердегі қоры да сақтаулы тұр екен.

– Барлық техникамыз қысқа 100 пайыз дайын тұр. Биыл қар тазалайтын 30 жаңа техника сатып алдық. Сондай-ақ, ескі техниканың біразы күрделі жөндеуден өтіп, қажетті құралдармен жабдықталды, бірталай машинаға екінші қозғалтқыш орнатылды, – дейді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жұмаділов.
Ол қаһарлы қыс кезінде әсіресе, ДЭ-226 шнекороторлы қар тазалағышы таптырмас кө-мекші болатынын айтады. Бұл машина қарды жолдан 30 метрге дейін лақтыра алады. Оның үстіне 300 литрлік бакпен жабдықталған ДЭ-226 техникасы үш ауысым бойы қосымша жанармай құймай-ақ жұмыс істей алады.

Ал «Өскемен-Тәртіп» коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ерлан Әбенов облыс орталығын қардан арылту жұмыстарына арналған 143 техника даяр тұрғанын жеткізді. Оның айтуынша, кәсіпорын қарашаның 15-інен бастап, тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

–Көрмеге біздің департаменттен 23 техника қойылған. Олардың ішінде биыл сатылып алынған су жаңа машиналар да бар. Қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқаратын бұл әмбебап техниканың тигізер пайдасы зор болатынына сенімдіміз, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Әлібек Длимов.

Аталмыш көрмеден көргенімізді түйер болсақ, расымен де, облысымызда алдағы қабағы қату қыстан қысылмай шығудың барлық амалдары жасалыпты, қар тазалайтын да, адамдарды құтқаратын да техника күні ертең-ақ жұмысқа кірісіп кетуге әзір тұр.

Шығыс Қазақстанда 677 қар тазалайтын техника сақадай сай тұрКөрмемен танысқан аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев техниканың даярлығына оң бағасын беріп, тиісті мекемелерге қосымша тапсырмалар жүктеді.


Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар