Өскеменде кітапхана оқырмандары жарықты үнемдеп үйренді (+сурет)

(Дауыстар: 1)
Өскеменде кітапхана оқырмандары жарықты үнемдеп үйренді (+сурет)А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада «Энергия үнемдеу – менің шешімім!» ұранымен Дүниежүзілік энергия үнемдеу күніне арналған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Акцияның үйлестірушісі Н.Полякованың айтуынша, кітапхана қызметкерлері әртүрлі жас пен әлеуметтік топтағы адамдар үшін қызықты да пайдалы түрлі іс-шаралар циклін әзірлепті. Мысалы, кішкентай оқырмандар «Қалдық кәрзеңкесінен - кереметтер» байқауына қайталама шикізаттан жасалған жұмыстарын ұсынып, сонымен бірге «Өскелең ұрпақ – энергия үнемдеуді қолдайды!» атты суреттер мен плакаттар байқауына қатысты. Access мектебіне қатысушы жастар болса ағылшын тілінде "My Eco Family" шығармасын жазды. Байқаудың белсенді қатысушылары сыйлықтармен марапатталды. Ал «алтын» жастағы қонақтар баян әуенімен би билеп, көңілдерін көтерді.

Өскеменде кітапхана оқырмандары жарықты үнемдеп үйренді (+сурет)Өскеменде кітапхана оқырмандары жарықты үнемдеп үйренді (+сурет)Өскеменде кітапхана оқырмандары жарықты үнемдеп үйренді (+сурет)

Мәжіліс залында өткен «Үйде үнемдейміз – елде үнемдейміз!» дөңгелек үстеліне PR-менеджер Светлана Нищенко бастаған АES компания тобының өкілдері, "Усть-Каменогорск Электрик" ЖШС-нің атқарушы директоры Заур Кенесбаев және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері мен магистранттары, политехникалық колледждің болашақ энергетиктері қатысты. Кездесуге қатысушылар ақша мен ресурстарды үнемдеу жөнінде қарапайым кеңестер алып, энергия үнемдейтін шамдардың пайдасы мен зияны, экологтар ұсынған бейне, энергия үнемдейтін жаңа технологиялық құралдармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар