Шығыс ауылының тұрғындары үйлеріне кәдімгі пештерді орнатып жатыр

(Дауыстар: 1)
Шығыс ауылының тұрғындары үйлеріне кәдімгі пештерді орнатып жатырӨскеменнің түбіндегі оралман ағайындарға арналған Шығыс ауылының тұрғындары үйлерін жылылап, теплофондардың орнына қатты отынмен жанатын кәдімгі пештерді орнатуды қолға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір аталған елді мекенде салынған 463 баспананың 461-інде адамдар тұрып жатыр. Ағымдағы қыркүйек айынан бері әу бастағы мердігер мекеме «Бытстрой» ЖШС сапасыз салып кеткен 80 үйдің жөндеу жұмыстарын демеушілік көмек ретінде «Берел Құрылыс» ЖШС мойнына алып, аяқтауға жақын қалыпты.

«Құмаров және К» компаниясы тұрғызған 65 шаңырақтың жөндеуді қажет ететін бесеуін демеушілікке тартылған «Агем» ЖШС тас түйін қылып беріпті. Сол сияқты «777 және К» мердігер мекемесі де өзі салған жүз баспананың тең жартысында қосымша жөндеу жүргізуге міндеттеме алыпты.

– Сапасыз үйлерді жөндеуге, сыртын жылылап қаптауға, сондай-ақ, пеш салып беруге бюджеттен бір тиын ақша бөлінген жоқ. Бәрі демеуші компаниялардың қолдауымен істеліп жатыр. Глубокое ауданынан жылылайтын материалдар жеткізіліп, тұрғындар үйлерін өздері қаптап алуда. Сол секілді демеушілік көрсеткен «Имсталькон» ЖШС 20 пеш жасап, сыйға тартты. Оны біз ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтыл-ған отбасылардың, жалғызбасты аналардың үйлеріне тегін береміз. Ал жағдайы бар, мүмкіндігі жеткілікті отбасылар өз есептері-нен от жағатын пеш орнатып алуларына рұқсат, – деді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

Сондай-ақ, қала басшысы Жасұлан, 8 мекенжайындағы тұрғын үйде жылу берудің қосымша көзі ретінде пеш орнату бойынша 500 мың теңгеге қанатқақты жоба іске асырылғанын жеткізді. Сынақ нәтижесі сәтті болып, артынша Кербұға, 37, Бәйтерек, 24, 26, Жасұлан, 1, Алаш, 32/1 мекенжайларында орналасқан үйлердің иелері де өз қаражаттарына пеш салуға кірісіп кеткен. Бұның сыртында 114 отбасы URSA материалымен үйлерінің сыртын жылылап, қаптап алған.

– Пешті Қытайдан өз ақшамызға сатып алып қостық. Осында әкелгендегі жол және басқа шығындарды қоса есептегенде 300 мың теңгеге шықты. Қазір күн жылыда бір қалақ көмір салсақ үй іші қайнап кетеді. Батареялар қол тигізбейді. Қыста да суық бола қоймас деп ойлап отырмыз, – дейді Алаш көшесі, 32/1 үйдің тұрғыны Кәуен Жидахан.

Осыған дейін жұрт арасында «қағаз» үйлерге от жағу аса қауіпті деген сыңайда гу-гу әңгіме тараған. Алайда, бұл пікірді теріске шығарған мамандар қатты отынмен жанатын пештерді қолданғанда өрт қауіпсіздігі техникасы қатаң сақталатынын ескертті.
Шығыс ауылындағы қандастардың басын ауыртқан басты проблемалардың бірі – «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы қуат көзіне қарыз мәселесі де заңға сәйкес жөнімен шешілгенге ұқсайды. Жалпы сомасы 47 млн. теңгеге жуық қарыздың бүгінгі таңда 14 млн. теңгесін берешек иелері қайтарыпты. Қалған 33 млн. теңгені қайтарудың тегершіктері қарастырылып, борышкерлермен келісілген. Соған сәйкес тұрғындар қарыздарын біртіндеп өтеп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан барынша жағдай жасалып отыр. Жеке кәсіп ашамын деушілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, жұмыс істеуге ниеттілер еңбекпен қамтылуда.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар