Шығыс Қазақстанда Индустрияландыру картасына енген жобалардың бірде-бірі тұралап қалған жоқ

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстанда Индустрияландыру картасына енген жобалардың  бірде-бірі тұралап қалған  жоқШҚ облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғытов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде шағын кәсіпкерлік саласындағы шырғалаңдарға, «Бизнестің жол картасы-2020», үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына қатысты айтылған сын-ескертпелерінен қорытынды шығарып, алға қойған тапсырмаларын орындауға орай БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сала басшысы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібі тұрақты даму үстінде екендігін айтты. Өткен тоғыз айдың ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10 пайызға өсіп, 743, 2 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша облыс елімізде төртінші орында келеді.

Облыстың өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласының дамуына аймақта жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасының тигізіп отырған көмегі көп. Бүгінгі күні Индустрияландыру картасына 60 жоба енгізіліп отыр. Биыл индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру есебінен
облыс бюджеті 35 млрд. теңгеге дейін толықпақ.

Бірақ ағымдағы жылы біздің облыста белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 457-ге кеміп кеткен. Ісі ілгерілеп келе жатқан белсенді кәсіпорындар қатары әсіресе, Аягөз ауданында көп тіркелген көрінеді. Семей, Риддер, Зырян, Бородулихада да өскені байқалады. Керісінше, Өскеменде, Жарма, Көкпекті аудандарында азайғаны байқалады.

Биыл сондай-ақ, Өскемен қаласы мен Үржар ауданында жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың бірнеше жүз адамға азайғандығы тіркелген.

– Біздің облыста Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың ішінде бірде-бір үмітсіз, тұралап қалған жоба жоқ. «Игеру», «Шығыс Сүт» кәсіпорындарының жобасы тәрізді екі-үш проблемалық жобалар бар, бірақ олардың жұмысын жүргізудің амалдары жасалып жатыр, – дейді басқарма басшысы.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржылай қолдау көрсету үшін биыл облыстан 60 өтінім беріліп, 4,1 млрд. теңгенің несиесі субсидияланыпты.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бөлінген 1,6 млрд. теңге қаржы толық игерілген. Кәсіпкерлерді субсидиямен қамтамасыз ету жағынан облыс республика бойынша алғанда екінші орында келеді.
Қазіргі күні несиенің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағытына аймақтың 19 өңірінің 16-сы қатысып отыр. Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай аудандарынан ешқандай жоба бекітілмеген. Аталған аудандардың кәсіпкерлерін бағдарлама туралы ақпараттандыру үшін үш ауданға шілде, қыркүйек, қазан айларында мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласы ауқымында сын тезіне алған енді бір мәселе – кәсіпкерлерге грант бөлудің жеткілікті деңгейде жүргізілмей отыруы. Облысқа республикалық бюджеттен осы мақсатта бөлінген қаржы көлемі толық игеріліп, қазіргі уақытта бизнесін жаңа бастаған тоғыз кәсіпкер мемлекеттік грант алып, кәсіп көзін тапқан. Әйткенмен, қайтарымсыз негізде көрсетіліп отырған қаржылай көмекке облыстың 14 ауданы мен қаласынан конкурстық комиссияға өтінім түспепті. Сол себепті қазір грантқа ие болған жобалар тек Өскемен қаласы мен Зырян, Глубокое аудандарында ғана жүзеге асырылып жатыр.

Келер жылы кәсібін жаңадан бастаған өңір кәсіпкерлеріне берілетін мемлекеттік грант көлемін ұлғайту жоспарлануда. Сондықтан өңір кәсіпкерлері Елбасы қадап айтқандай, алдағы жылы ұтымды жобаларын ұсынып, мемлекеттік қолдаудан құр қалмауы тиіс.


Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар