Таулы Үлбіде арқанды жолдың құрылысы аяқталуға жақын

(Дауыстар: 1)
Таулы Үлбіде арқанды жолдың құрылысы аяқталуға жақынШҚ облысы орталығына жақын орналасқан Таулы Үлбіде екі кісі қатар отырып шығатын арқанды жолдың құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл нысан алдағы қыста іске қосылмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қажетті қондырғылар Алматы қаласының іргесіндегі Шымбұлақтан сатып әкелініп, құрылыс жұмыстары былтыр жазда басталған. Бұл жобаны іске асыруда жеке кәсіпкер, «Изумрудный Алтай» ЖШС директоры Алексадр Чиликинге жергілікті атқарушы билік қол ұшын беріпті.

Қазір онда тірек бағандарды реттеу, арқанды тарту және жүк ілу секілді аз-кем жұмыстар қалды. Бірақ нысанның нақты қолданысқа берілетін уақыты әлі белгіленбеген.

Жаңадан салынған арқанды жол шаңғымен сырғанауды ермек еткен адамдарды екі бірдей жотаның төбесіне жеткізеді. Оның бірінің ұзындығы 1300 метрді құраса, екіншісі - 1100 метр. Сонымен қатар, кәсіпкер келесі жылы тағы бір арқанды жолдың құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Спорт | Кілт сөдер: туризм

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар