Бесқарағайда құны 2 миллиард теңгеге жуық «Жаңбыр» жобасы қолға алынған

(Дауыстар: 1)
Бесқарағайда құны 2 миллиард теңгеге жуық «Жаңбыр» жобасы қолға алынғанӨскемендегі облыстық ақпарат орталығында Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан әкімі баспасөз мәслихаты барысында «Жаңбыр» жобасы туралы және өзге де бірқатар ірі бастамалар жайында кеңінен мағлұмат берді.

Кеңес одағы кезінде Бесқарағай өңірінде суармалы жерлер мол болатын, аймақ басшысының мұрындық болуымен аталмыш алқаптарды қайта жандандыру қолға алынуда. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 805 миллион теңгені құрайды.

Аудандағы «Арбиев» шаруа қожалығы 2 мың бас ірі қараға арнап бордақылау алаңын салып жатыр. 1990-1997 жылдары Бесқарағайдағы орманның 26 пайызы өртеніп кеткен болатын, қазір сол орманды қалпына келтіру бойынша ағаш көшеттерін өсіретін жылыжай салынуда.

Тағы бір мәселе – ағаш өңдеу. Осы ретте, аудан «Ертіс» корпорациясымен бірлесе отырып, «Экоотын» кәсіпорнын құрған. Ол ағаш қалдықтарынан биоотындық брикеттер жасаумен шұғылданатын болады. Сонымен қатар, ауданда пластикалық құбырлар жасайтын зауыт та іске кіріспек.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар