ШҚО әкімі Шығыс ауылының қысқа дайындығын өз көзімен көріп қайтты

(Дауыстар: 1)
ШҚО әкімі Шығыс ауылының қысқа дайындығын өз көзімен көріп қайттыШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Өскеменнің іргесінен бой көтерген Шығыс ауылында болып, қандастардың алдағы қысқа дайындығын көзбен көрді. Жұртшылықпен жүздесіп, ағайындардың айтқан өтініш-тілектерін тыңдады., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Шығыс ауылының қысқа дайындығын өз көзімен көріп қайттыАуылды аралап, үйлердің жағдайымен танысып шыққан соң облыс әкімі мектептің акт залында тұрғындармен кездесті. Бұл жиынға облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов пен облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Рашид Жақыпов бастаған бірқатар лауазымды тұлғалар, жауапты орындардың басшылары да қатысты.

Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов ауыл тұрғындарының мұң-мұқтаждықтарын ескеріп, орын алған олқылықтарды жою мақсатында жүзеге асырылған міндеттердің нәтижесімен таныстырып, пештерді орнату, үйлерді жылылау секілді жұмыстардың барысынан ақпараттар берді.

ШҚО әкімі Шығыс ауылының қысқа дайындығын өз көзімен көріп қайтты– Қалалық әкімдіктің көмегімен Глубокое кентінен 150 текше метр минералды жылыту материалдары жеткізілді. Бүгінде осы материалдармен 118 үй қамтылды. Үш баланың анасы, 32 жастағы мүгедек Гүлжан Сәлімнің үйіне тегін пеш қойылды, – деп атап көрсеткен Темірбек Қасымжанов «Өскемен су арнасы» мекемесі тарапынан қамқорлық көмектер көрсетіліп жатқанын да тілге тиек етті.

Қала басшысының келтірген дерегіне сәйкес, «Өскемен су арнасы» басшылығы өзінің қарамағында істейтін ағайындардың жұмыскерлеріне қолдау ретінде жалпы сомасы 167 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріп, үйлерін жөндеуге қол ұшын созған.

ШҚО әкімі Шығыс ауылының қысқа дайындығын өз көзімен көріп қайттыАлайда, аймақ басшысы ауыл тұрғындарының өздері де еңбектеніп, әрекет етулері керектігін айтты.

– Мемлекет өзіне жүктелген міндетті орындап отыр. Үйлерді, мектеп пен балабақшаны салып берді, жолды төсеп, жарықты тартты. Жылумен, сумен қамтыды. Қолдан келгенше заң аясында жәрдем көрсетіліп жатыр. Енді қалғаны өздеріңізге байланысты. Тазалықты сақтау, үй-жайлардың маңын ретке келтіріп ұстау, көгалдандыру, осының бәрін сіздер істеулеріңіз керек. Бәрін мемлекеттің мойнына артып, қарап жатқан болмайды. Еңбек етпесе, ертең жастарымыз масылдыққа бой үйретуі мүмкін. Соны ойланайық, – деген облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қандастарды еңбекпен қамтуда ешқандай проблема туындамауы тиіс екендігін, бос жүргендер ұсынылған жұмыстан бас тартпауы қажеттігін айтты.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар