Премьер-Министр Шығыс Қазақстанды басқа облыстарға үлгі етті

(Дауыстар: 1)
Премьер-Министр Шығыс Қазақстанды басқа облыстарға үлгі еттіШығыс Қазақстан облысында атқарылып жатқан шаруалар өзге аймақтарға үлгі болуы керек. Бұл туралы Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық комиссияның мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жиын селекторлық режимде жүргізіліп, оған Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері шақырылды. ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев іссапармен Ресейде жүргендіктен, Үкімет басшысына аймағымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында есепті облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев берді.

Селекторлық кеңес барысында үш өңірдің жұмыспен қамтуға қатысты қолға алынған іс-шаралар кешені жайында есептері тыңдалып, алдағы жоспарларына талдау жасалды. Осы тұста Шығыс Қазақстан-ның өзге өңірлер арасында көш бас-тап келе жатқанын айқын аңғаруға болады.

– Соңғы үш жыл ішінде облысымызда аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылуына республикалық бюджеттен 27,5 миллиард теңге бөлініп, 37 мың адам жұмысқа тартылды. Аймағымызда еңбек на-рығының негізгі көрсеткіштері бо-йынша айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Соның арқасында Шығыс Қазақстан ел өңірлері арасында көшбасшылық орынға ие болды, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев. – Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындылары бойынша облысымызда жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеген. Еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз тұрғындардың саны 10 мың адамға азайған. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандардың да саны 20 пайызға кемігенін айта кету керек, – деді ол.

Ермек Көшербаев өз сөзінде үстіміздегі жылы Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірінші республикалық форумы болып өткенін ерекше назарға алды.

«Жұмыспен қамтудың жол карта-сы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 5 млрд. 303 млн. 900 мың теңге бөлінген. Бұл қаражатты игеру арқылы бір жарым мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туған-ды.

– Аймағымызда бюджеттен бөлінген қаражатты үлестірудің тың амалдары жасалды. Атап айтқанда, аталмыш қаржының қомақты бөлшегі облысымыздағы 50 тірек елді ме-кеннің дамуына жұмсалды. Соның арқасында бұл елді мекендердегі көптеген түйткілді мәселелер оң шешімін тапты. Барлығы 287 жоба жүзеге асырылып, 196 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұлардың 37-сі білім беру, жетеуі – денсаулық сақтау, 22-сі – әлеуметтік сала, 37-сі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары екенін атап өткен жөн, – деді Ермек Көшербаев.

Осы тұста селекторлық кеңеске қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенованың Шығыстағы тірек ауылдарда тындырылған шаруалар туралы айтқан пікірін, оларға берген жоғары бағасын ерекше айту керек.

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Ермек Көшербаев бағдарламаның екінші бағыты бойынша айта келе, облысымызда бизнес-құрылымдардың өкілдеріне ақысыз маман кеңесін беріп, жан-жақты қызмет көрсететін сервистік орталық ашылғанын жеткізді. Жалпы, еліміздің Шығысында 2011 жылы мұндай қызмет 505 адамға көрсетілсе, 2012 жылы олардың саны 1084-ке жеткен. Ал ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша орталық қызметіне 2695 адам жүгініпті. Бұл бағыттағы жұмыстың басты өзгешелігі кәсіпкерлерге берілетін несиенің пайыздық мөлшерін азайтуға қол жеткізу болып табылады.

Үшінші бағыт бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, оқыту және қайта оқыту арқылы еңбекке тарту мәселесіне қатысты да облысымызда айтарлықтай шаруа тындырылып келеді. Атап айтқанда, аймағымызда бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың ортақ базасы құрылған. Жұмыс күшін іздеген кәсіпкерлер мұндағы тізімдерден өзіне қажетті жұмысшыларды таба алса, жұмыс іздеушілер базаға түйіндемелерін тегін орналастыру мүм-кіндігіне ие болады.

Шығыс Қазақстанда 2010 жылдан бастап кадрлар даярлаудың дуальді жүйесі енгізіліп, нәтижелі жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты аймағымызда 92 мамандыққа басымдық беріліп отыр. Бағдарлама енгізілген уақыттан бері ең қажетті мамандықтар бойынша 15 мыңнан астам адам оқытылған.

– Үш жыл ішінде республикалық бюджеттен облысымызда жаңа тұрғын үйлерді салу мақсатына үш жарым миллиард теңге, инженерлік инфрақұрылым құрылысына 1,8 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі уақытта бұл қаражаттарға Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен аудандарда көппәтерлі және жеке тұрғын үйлер, жатақханалар салынуда. Жыл соңына дейін екі 60 пәтерлік және 70 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Шығыс Қазақстанда сонымен қатар, бірлесіп қаржыландыру арқылы салынып жатқан үйлер де бар. Яғни, құрылыс жұмыстарының 10 пайызы жұмыс берушінің есебінен қаржыландырылады, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының есебін мұқият тыңдаған Премьер-Министр Серік Ахметов Шығыс Қазақстанда жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан шаруаларға оң бағасын берді. Өз сөзінде Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы жағынан облысымыздың көрсеткіштері өзге өңірлердікінен әлдеқайда жоғары екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты бәсеңдетпеуді тапсырды. Есептерін біздің облыспен қатар жасаған Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының басшыларына Шығыстан үлгі алу керек екенін ескертіп, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар