Семейде «Шенеунік және кәсіпкер» акциясының қорытындысы шығарылды

(Дауыстар: 1)
Семейде «Шенеунік және кәсіпкер» акциясының қорытындысы шығарылдыСемей қаласында «Шенеунік және кәсіпкер» акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дөңгелек үстел барысында қала прокурорының көмекшісі Ә.Тортаев жиналғандарға акция барысында атқарылған іс-шаралар жайлы айтып, тиісті сұрақтарға жауап берді. Акция барысында сенім телефондарына кәсіпкерлерден түрлі сұрақтар бойынша 12 қоңырау шалынған.

Семей қаласында ағымдағы жылдың қазан айында басталған «Шенеунік және кәсіпкер» атты акция аясында прокуратура, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП, еңбек инспекциясы, төтенше жағдайлар, салық органдарынан құралған арнайы комиссия мүшелері кестеге сәйкес кәсіпкерлерді жеке қабылдап, өтініштерін қарады, кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауға байланысты тексерулер жүргізіп, кәсіпкерлікке немесе олардың қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамалар зерделеп, тиісті шаралар қолданды.

Бұл құрылған топтардың негізгі мақсаты кәсіпкерлердің кез-келген ауызша немесе жазбаша хабарламасы бойынша дереу оқиға орнына барып мән-жайды анықтау, шара қолдану, заң бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу болып табылады. «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы алдағы уақытта қала және қала маңындағы 14 ауылдық округте жалғасын таппақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар