Биыл 26 жас маман қызмет жолын Зайсанда бастады

(Дауыстар: 1)
Биыл  26 жас  маман қызмет жолын Зайсанда бастадыС.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бас ғимаратында Зайсан ауданы әкімі Алмас Оңдақанов бастаған аудандық білім, мәдениет, спорт бөлімдерінің басшылары, кәсіпорындардың жетекшілері және ауданнан шыққан елге танымал тұлғалар осы ауданның студенттерімен кездесуге келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл шараға Зайсан ауданындағы орта мектептерді бітіріп, бүгінде Өскеменнің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 445 зайсандық жас белсенділікпен қатысты. Шара басталмас бұрын жоғары оқу орны ғимаратының кең залында арнайы көрме ұйымдастырылып, Зайсан ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі келушілер назарына ұсынылды.

Кездесуде аудан әкімі Алмас Оңдақанов алдымен жиналғандарды Зайсан ауданының қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен таныстырды.

Аудан әкімінің айтуынша, ауданға дәрігерлер және мұғалімдермен қатар, тау-кен ісінің, мұнай, газ, туризм сала-сының мамандары қажет-ақ. Агроном, мал дәрігерлері жетіспейді. Әсіресе, мұнай және газ саласының мамандарын дайындауға әзірлікті мектептен бастаған жөн. Әзірге ауданға жұмыс іздеп келіп жатқан жастардың дені педагог мамандар. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясында 2011 жылы ауданға – 20, 2012 жылы – 22, биыл 26 жас маман келіп, еңбек жолын бастаса, олардың дені бағдарлама шеңберінде көтермеақы, жеңілдетілген несие алып, жағдайларын түзеуде.

Аудан басшысы А.Оңдақанов келесі ретте студент жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сұрақтардың дені ауданға барғанда мамандығым бойынша тұрақты жұмыс бола ма, баспана мәселесі шешіле ме деген мазмұнда болды. Әсіресе, ШҚМТУ-да оқитын жастарды ауданның тау-кен саласы, өндіріліп жатқан мұнайы мен газы қызықтыратыны байқалып қалды.
– Мен еңбек жолымды мамандығым бойынша Зайсан ауданында бастағым келеді. Егер жұмыс табылар болса, міндетті түрде өзімнің туған жеріме барамын, – дейді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 4 курс студенті, болашақ электрик маман Динара Құндыбаева.

Осы оқу орнының тағы бір 4-курс студенті, болашақ тау-кен ісінің маманы Мирас Серікұлы да ауданның жерасты пайдалы қазбаларын игеруге үлесін қосуды жоспарлап жүр екен.

Кездесуде соңғы курстарда оқып жүрген болашақ педагог жастар да аудан мектептеріндегі бос орындар туралы сұрастырды. Оларға аудандық білім бөлімінің басшысы С.Әбдіғалиева бос орындар жайында ақпараттар берді. Кездесуде жоғары оқу орнында үздік оқып жүрген бір топ жастар аудан әкімінің грамотасымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар