«Айқын» жобасы Шығыс Қазақстанда 2014 жылдан бастап толығымен енгізіледі

(Дауыстар: 1)
«Айқын» жобасы Шығыс Қазақстанда 2014 жылдан бастап толығымен енгізіледіБас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасында «Айқын» қанатқақты жобасының мүмкіндіктерін жергілікті мемлекеттік органдар өкілдеріне кеңінен таныстырып, түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті. Оған облыс орталығындағы барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Айқын» жобасын Президент Әкімшілігі қолдап, оны республика көлемінде жаппай енгізу туралы шешім қабылдаған. Оны жүзеге асыру кезең-кезеңмен 2012-2014 жылдар аралығында жүргізілетін болады.

2013 жылдың 1 сәуірінен бастап жобаға Астана мен Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің аппараттары және облыстық басқармалар мен департаменттер қосылып, оларда бірегей нөмірлері бар талондарды беру қолданысқа енгізілді.

Ал 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірегей нөмірлері бар талондарды беруге облыстық және аудандық, қалалық әкімдіктердің аппараттары, облыстық мәслихаттар, орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары және басқа да мемлекеттік органдар кіріспек.

Енді 18 таңбалы бірегей нөмірлері бар талондарды қолдану жайына тоқталар болсақ, өтініш беруші өзінің өтінішін мемлекеттік органдарға тапсырған кезде өтінішті қабылдап алған кеңсе қызметкерінен 18 таңбалы сандық бірегей коды бар жеке талон алады. Мысалы, аталған 18 таңбалы сан біздің өңір бойынша былай болып келеді: 13 63 00 00 01400 00001. Тарқатып айтсақ, алғашқы екі жұп сан – тіркелген жылды, екінші жұп сан облыстың кодын, үшінші жұп сан – қаланы, төртінші жұп сан – ауданды, одан кейінгі бес сан – өтініш берілген мемлекеттік органды және соңғы бес сан өтініш берушінің реттік нөмірін білдіреді.

Осы берілген жеке нөмір бойынша өтініштің қарастырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпараттарды 8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (мобильді) нөмірлеріне және операторларға талон номерін айта отырып (тегін), талон нөмірімен 1012 (байланыстың барлық операторларына 15 теңге) нөміріне SMS хабарлама жіберіп және Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің http://service.pravstat.kz, сайтына кіріп, ондағы «Мемлекеттік органдарға жүгіну» бөлімін таңдап, талон нөмірін жазу арқылы біліп отыруға болады.

Егер бұл реттілік тәртібі бұзылған жағдайда өтініш беруші Бас прокуратураның Call-орталығына 115 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, біздің облысымызда жоба қолданысқа енгізілген 2013 жылдың 1 сәуірінен ағымдағы жылдың 12 қарашасына дейін жиыны 469 осындай талон азаматтарға берілген екен.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: электронды үкімет

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар