ШҚ облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерудің 651 фактісі анықталды

(Дауыстар: 1)
ШҚ облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерудің 651 фактісі анықталдыКәсіпкерлерді орынсыз тексеру орын алмауы тиіс. Бұл туралы облыс әкімдігімен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе өткізілген облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының басшысы Р.Шідердиновтің мәліметіне сүйенер болсақ, ағымдағы жылы облыстың прокуратура органдары кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерудің 651 фактісін анықтаған. Соның ішінде 645 жоспарлы және 6 жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ, заңдылықты бұза отырып жүргізілген 194 тексеру белгілі болған. Аталған фактілер бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 47 ұсыныс, 11 наразылық енгізілген, тәртіптік жауапкершілікке 80 лауазымды тұлға және әкімшілік жауапкершілікке үш тұлға тартылған.

Оның сөзінше, мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді жоспарлау кезінде негізінен тәуекелді басқару жүйесінің шарттарын дұрыс қолданбау, оның ішінде баллдарды дұрыс есептемеу, кәсіпкердің тәуекел дәрежесін дұрыс анықтамау, алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу секілді заңбұзушылықтар жиі орын алады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда кәсіпкерлікті қорғау заңнамаларының сақталуы және кәсіпкерлік нысандарының құқықтарын бұзу фактілерін болдырмау және сол мақсатта жедел шара қолдану мақсатында прокуратура органдарында мобильді топтардың қызметі жұмыс істеуде. Кәсіпкерлер үшін «сенім телефоны» ұдайы қолданылады. Соған орай, 2013 жылдың өткен уақыттарында аталған мобильді топтың сенім телефонына 44 шағым келіп түссе, оның 27-сі расталған. Бұл шағымдар бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 10 ұсыныс, 8 заңсыз актіге қатысты 4 наразылық енгізілген.

Тәртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке үш тұлға тартылған. Мысалы, Үржар аудан-дық прокуратурасының сенім телефонына аудандағы Некрасовка ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері тарапынан заңсыз тексерулер болғандығы туралы кәсіпкердің арызы түскен. Мобильді топпен арызды тексеру барысында аталған мекеме қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің функцияларын иемдене отырып, кәсіпкердің жұмыс орнына заңсыз тексеру жасағаны анықталған.

Сонымен бірге прокуратура органдарымен мемлекеттік сатып алудың қатысушы ретінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұ-зылуын әшкерелеу мақсатында тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген олқылықтар мен қолданыстағы заңнама нормаларының өрескел бұзылғандығы белгілі болған. Жоғарыда аталған заңбұзушылықтарды жоюды қамтамасыз ету бойынша прокуратура органдарымен нақты шаралар қолданылған.

Облыстағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысын ойдағыдай үйлестіруде, оларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетуде, шағын несиелер беруде қандай жұмыстардың атқарылғандығы туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ш.Бұқтұғұтов баяндаса, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры И.Шацкий көп ретте кәсіпкерлердің алдынан кездесетін кедергілер жайында мәлімдеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының әкімі Т.Қасымжанов облыс орталығында кәсіпкерлікті қолдап, дамытуда атқарылған жұмыстар жайында ақпарат берді.

Облыс прокуроры Б.Тайымбетов кәсіпкерлердің жұмысын тексеруде өңірде ең көп заңбұзушылықтар орын алған қалалар мен аудандардағы прокурорлардың есебін тыңдап, оларға бұл істе мейлінше қатаңдық танытуды, заң бұзушыларды тиісті жазаға тартуды тапсырды. Олардан да жауапкершілік сұралатындығын ескертті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтылған мәселелердің бәрі де орынды екенін атап, мұндай бірлескен жиындарды, семинар-кеңестерді өткізуге уақыт табылатындығын, ең бастысы, бірлескен істің нақты нәтиже беретіндігін еске салды.


Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар