Зырян ауданында алтын мен түсті металлдың мол қоры болуы ықтимал

(Дауыстар: 1)
Зырян ауданында алтын мен түсті металлдың мол қоры болуы ықтималКелесі жылдан бастап Зырян ауданында алтын мен түсті металл кен қорын іздеу амалдары жүргізіледі. Геологиялық барлау жұмыстары бойынша жобалық құжаттамаларды жасауға мемлекеттен 181 млн. теңге қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, қазба байлықтарын іздестіру Ермиловск-Петровореченск, Игнашихинск және Мамонтовск-Шебнюшинск учаскелерінде жүзеге асырылады. Биыл мамандар жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеп бітті, келер жылдан іздеу қолға алынады. Әзірге, бұл жұмыстарға қанша қаржы бөлінетіні нақтыланбаған.

Бұған қоса «Қазцинк» ЖШС тарапынан Малеев кенішінің қапталында геологиялық барлау шаралары атқарылмақ. Қазіргі уақытта қажетті жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу әлі аяқталған жоқ. Аталмыш компания 2012-2015 жылдар аралығында геологиялық іздеу жұмыстарына 300 млн. теңге салуды жоспарлап қойды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар