Жазба ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

(Дауыстар: 3)
Жазба ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жеттіШҚ облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қолдауымен жас дарын – жазба ақындардың «Туған тілім – сарқылмайтын қазынам» атты облыстық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өңірде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен рухын асқақтату, ел ішінен қазақтың қара өлеңін ардақ тұтар дарынды жастарды іздеп табу және сол арқылы олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету мақсатын ұстанған мүшәйраның мәнді де тәрбие алатындай, жан-жақты болып өткенін баса айтқымыз келеді.

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазылар алқасының төрағасы Серік Ғабдуллаұлының айтуына қарағанда, оған қатысуға жалпы 30-дан астам үміткер тілек білдірген көрінеді. Ал арнайы екшеу-іріктеуден, яғни, бірінші кезеңнен олардың он екісі ғана ел алдында өлең оқуға жіберілген көрінеді. Сөйтіп, олар Өскемендегі Достық үйінде өздерінің тіл, діл туралы өлеңдерін оқыды.

Бұл мүшәйра ақынды ақын оятпаса болмайтынын, шеберлікке қоса шешендік ерекше қажет екенін байқатқан еді. Жас адамға қашан да талпыныс, жас ақынға іздену тән екені белгілі. Аталған мүшәйрада соның екеуін де байқадық. Мәселен, қазылардың құзіретті талабының биігінен көрінбесе де:
– Ана тілім – алтын ұя құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым... – деп, әдемі сыр төккен тарбағатайлық Мақпал Маратқызының жыр жолдары,
– Арда алаштың алтын тілін сан ғасыр,
Тұғырынан тайдырмасын жаратқан, – деп жыр-кірпіш қалаған Жандос Аманжолұлының ойлы тұжырымдары әрбір жүрекке бал-бұлақ болып құйылып жатса, Бағжан Елсінбекқызының:
– Құндыз бөрік бойжеткенбіз, құрбым-ау,
Күн қатпарлы ақ шымылдық тұр мынау.
Анам тақты ақ желекке Тілтұмар,
Тіліне ешкім салмасын деп қылбұрау, – деген пайымы тіптен ой-көрікке бөледі. Бұл жырпоз қыздың ел алдына шығарған«Тілтұмар» деген өлеңінің бір шумағы ғана еді.

Әрине, сайыс болған соң бәйгеге бірге қосылып, бірі озып, бірі қалып келетін жүйріктердей, кейбіреуінің татымсыздау жыр оқығаны да, қайсыбірінің «бәрекелді, жарайсың!» дегізгені де болмай қалған жоқ. Одан бір түйір ой түйіндесек, тамаша ойдан өрім өретіндер, тың тұжырым жасайтындар және теңеудің тәуірін таңдай алатындар алыста емес, арамызда жүргенін ап-анық байқағанымызды жасырғымыз жоқ.

Сонымен 12 ақын жыр-көмбеге алқынбай жетсе де, олардың ең жүйрігін қазылар анықтаған. Олар: ынталандыру сыйлығын місе тұтқан Жандос Аманжолұлы мен Дас-тан Кенжебекұлы (Бесқарағай ауданы), Қызырбек Дүргінбайұлы (3-орын), Қастербек Сайрауғазыұлы (2-орын) және Бағжан Елсінбекқызы (1-орын).

Ал Семей мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, өлеңдерінің мазмұны мен көркемдігі, ой жүйелілігі мен тереңдігі, тақырыпты қамтуы мен сөз қолданысы, ұйқасы мен өзектілігі жымдаса өрілген Бауыржан Игілік «Туған тілім – сарқылмайтын қазынам» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін жеңіп алды.


Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар