Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумы Шемонайхада өтеді

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумы Шемонайхада өтедіБүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік аясында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шемонаиха қаласында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Форум рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы ретінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы мақсаты мен міндеттерін өзге ұлт жастары арасында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясының одан әрі кеңеюіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Форумға мемлекеттік тілді меңгерген және оны қоғамдық өмір мен шығармашылықта белсенді қолданатын 18-30 жас аралығындағы өзге ұлт жастары қатысады.

Форум барысында мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен «дөңгелек үстел» басында кездеседі.

Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған шараға облыстық басқармалардың, жоғары оқу орындарының басшылары, аудан қала әкімдерінің орынбасарлары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, мемлекеттік емес ұйымдардың, этномәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Шемонаиха қаласындағы мемлекеттік органдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет етіп жүрген жастар шақырылып отыр.

Форумға қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы ой өрбітіп, қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Жастар форумына қатысушылардың Шығыс Қазақстан жастарына арнаған үндеуі қабылданады.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оны жастар ортасында насихаттау, қоғамды біріктіру үшін қазақ тілінің әлеуетін кеңінен пайдалану жөніндегі Елбасы белгілеген міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылған форум барысында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген жастар облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар