Бір тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 5 адамды көлік қағып кетті

(Дауыстар: 1)
Бір тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 5 адамды көлік қағып кеттіӨткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 5 адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық әкімшілік полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда 41 жастағы әйелді қағып, жасырынбақ болған жүргізуші жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ізі суымай қолға түсті. 50 жастағы жүргізуші келіншекті Өскемендегі №45 мектептің қасында қағып кеткен. Алайда жедел жәрдемге хабарламастан, 29 жастағы баласының көмегімен зардап шегушіні ауруханаға жеткізіп, өзі жасырынған. Қазір күдікті қолға түсіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өскемен қаласындағы Добролюбов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында белгісіз жүргізуші 20 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан жасырынған. Бойжеткен жолды жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өтіп бара жатқанда зардап шеккен. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жол апатына кінәлі деген күдікпен Тойота көлігінің жүргізушісі, 27 жастағы жігіт қолға түсті. Қазір осы оқиғаға қптысты әкімшілік іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Тапа-тал түсте облыс орталығында Ниссан көлігі тоқтап тұрған Бисс көлігіне соғылған. Кейін анықталғандай, шетелдік көліктің жүргізушісі тежегіштің істен шығуының салдарынан басқаруға ие бола алмай, тоқтап тұрған көлікке соғылып, артынан 30 жастағы жолаушыны қаққан.

Осы күні Өскеменнің түбіндегі Меновное кентінде 12 жастағы жасөспірім көлік доңғалақтарының астына түсті. Тойота көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жолаушылар өткелімен өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Әртүрлі жарақат алған оқушы ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір жаяу жүргінші зардап шеккен жол оқиғасы облыс орталығындағы Киров көшесінде тіркелді. 54 жастағы ер адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда шетелдік көліктің астына түсіп қалды. Бақытсыз оқиғаның салдарынан жүргіншінің сол аяғы сынып, дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар