Отандық бизнесті қолдау мәселелері Өскеменде талқыланды

(Дауыстар: 1)
Отандық бизнесті қолдау мәселелері Өскеменде талқыландыШығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін семинар өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі департаменттің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Семинарға ШҚО кәсіпкерлері құқығын қорғау қауымдастығының, ШҚО шағын және орта бизнес қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, «Әділ» АҚ, «Май» АҚ, «Шығыс-сүт» АҚ, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Багратион Ұлан» ЖШС, «Ұлан ет консерві зауыты» ЖШС басшылары, сонымен қатар әділет департаменті қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – отандық бизнеске келелі мәселелерді талқылау және шешу арқылы қолдау көрсету, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылды.

Отандық бизнесті қолдау мәселелері Өскеменде талқыландыСеминар жұмысын департамент бастығының орынбасары А.Шүкелов ашты. Департаменттің аға инспекторы В.Толбаева өз баяндамасында департаменттің контрфактілік өнімдерді дайындау, тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін ашу және қылмыстардың алдын алу қызметі туралы айтып берді.

Соынмен қатар экономикалық және қаржылық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі өндіріс бөлімінің бастығы О.Оралбеков кәсіпкерлерге шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне негізсіз араласу жайттарын болдырмау мақсатында қаржы полициясы органдарының қызметкерлерімен кәсіпкерліктің әрекетін тексеру кезіндегі құқықтары туралы түсіндірді.

Семинар барысында шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға қаржы полициясының қызметкерлері жан-жақты жауап берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: қаржы полициясы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар