Шығыста туризмді дамытуға инвесторларды тарту қажет

(Дауыстар: 1)
Шығыста туризмді дамытуға инвесторларды тарту қажетРеспубликалық туризм апталығы аясында өткізілген басқосуда Шығыс Қазақстандағы туризмнің дамуы мәселелері пысықталды. Жиында ШҚ облысы әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев бұл салаға мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі орталығының көмегімен инвесторларды тарту керектігін айтты.

Шығыс Қазақстан облысында өзге елдердің туристерін қызықтыратындай көптеген жобалар іске асуда. Соның бірі – Риддер қаласында бой көтеретін «Анатау» тау-шаңғы кешеннің құрылысы. Кешен алматылық Шымбұлақ пен ресейлік Шерегеш курорттары сынды миллиондаған туристерді қарсы алады деп жоспарланып отыр.

«Анатаудың» құрылысына шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет, ал бұл кешенге құйылған қаражат тек 15 жыл өткеннен кейін ғана өтелмек. Қазіргі таңда облыс әкімдігі жобаның құрылысына қажет қаржыландыру көздерін іздестіруде. Алайда мемлекетің құрылысқа қажетті қаражатты толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. Сол себепті жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі орталығының көмегімен инвесторларды тарту керектігін атап өтті.

Қатысушылар туризмді жетілдіру саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Соның бірі – екінші дәрежелі банктер беретін несиенің пайыздық ставкасының жоғарылығы.

«Даму» қорының менеджері Зарина Амангелдинованың айтуына қарағанда, бүгінде мемлекет жобаларға алынған несиенің пайыздық ставкасының жартысын төлей алады. Бірақ мұның өзіне салық салынатынын да ұмытпаған жөн.

ШҚО ақпараттық орталығы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар