Шығысқа Чех Республикасының делегациясы келді

(Дауыстар: 1)
Шығысқа Чех Республикасының делегациясы келдіШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Чех Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Пршемысл Соботка бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Еуропадан жеткен делегация құрамында Чех Республикасының Қазақстандағы Елшісі Бедржих Копецки, Чех Парламенті Сенатының ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы және көлік комитетінің төрағасы Ян Хайда мен оның орынбасары Вероника Вреционова, аталған комитеттің мүшесі Карел Коритарж бар. Чехиядан келген мәртебелі меймандарды Шығыс өңіріне Парламент Сенатының депутаты Тал-ғатбек Абайділдин бастап келді.

Мәртебелі меймандардың облысымызға арнайы келгеніне ризашылығын білдірген өңір басшысы екі ел арасындағы байланыс уақыт өте нығайып келе жатқанын атап өтті.
Шығысқа Чех Республикасының делегациясы келді
Шығысқа Чех Республикасының делегациясы келді
Былтыр облыс орталығында Қазақстан мен Чехия елшілерінің қатысуымен үкіметаралық комиссия отырысы өткен болатын. Сондай-ақ, бірқатар шығысқазақстандықтар Чехияның Карло-Вары сынды курорттық қалаларында демалады. Яғни, осы арқылы туристік салаға қаржы құяды.

Облыс басшысы екіжақты экономикалық қарым-қатынастың тұрақты дамуы байқалатындығын, Пршемысл Соботка бастаған чех делегациясының келуі бұл үрдісті одан әрі жандандыра түсетініне назар аударды. Мәселен, «Азия Авто» зауыты құрылысының екінші кезеңін жүргізу, өндіріс көлемін ұлғайту екі ел арасындағы көлік құрастыру саласына жаңа серпін бермек.

– Бұл – менің Қазақстанға үшінші мәрте келуім. 1992 жылы алғаш келген кездегі сапарыммен салыстырғанда, Қазақстан саясат пен экономикада мүлде жаңа тұрпатты мемлекетке айналғанының куәсі болдым. Мен әр сапарымда астанадан бөлек бір өңірге баратынмын. Осы жолы Шығыс Қазақстан өңірін таңдадым. Және таңдауымыз дұрысқа шықты, – деді Пршемысл Соботка.

– Біз Қазақстанның төрт облысына ұсыныс жасап отырмыз. Өйткені, Чехияда ауыл шаруашылығындағы ұсақ теріні өңдейтін машина шығарылады. Тамақ өнеркәсібі бойынша сою цехтары мен сүт зауыттарының технологиясы бойынша ұсыныстарымыз бар. Астық өндірісінде де өзіміздің бай тәжірибемізді бөлісуге әзірміз, – деді Чех Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.

Чех Парламенті Сенатының ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы және көлік комитетінің төрағасы Ян Хайда облыс басшысына алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы тәжірибесімен таныстыруын өтініп, өз кезегінде чехтар тарапынан аталған салаға қажетті техника көрмесі ұйымдас-тырылатынын жеткізді. Бұл екі жақтағы кәсіпкерлерге де тиімді болатынын жеткізген мейман облыс Әкімін Чех Парламентінің Сенатына жұмыс сапарымен келуге шақырды.

Биыл 9 ай ішінде Шығыс Қазақстан облысы мен Чехия арасындағы сауда айналымы 47,3 млн. АҚШ долларын құрады (көрсетілген уақыттағы облыстың сыртқы тауар айналымындағы жалпы көлемнің 1,9 пайызы). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 есе өскенін көрсетеді.

Экспорт – 0,6 млн. АҚШ долларына өсті. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 6 есе өсімді көрсетеді. Импорт – 46,7 млн. АҚШ долларын құрады (облыстағы импорттық түсімнің жалпы көлемінің 4,7 пайызы). Бұл 19,5 есе өсім бар екенін байқатады.


Думан Анаш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар