Шемонайхада мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумы өтті

(Дауыстар: 1)
Шемонайхада мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумы өттіШемонайхада өткен мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумына облыс әкімі Б.Сапарбаев, арнайы келген белгілі қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Османова қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Беделді қонақ Асылы Османованы жастарға құрметпен таныстырған облыс басшысы:
– Әр мемлекеттің болашағы оның тіліне байланысты. Бұдан 22 жыл бұрын Тәуелсіздік алған еліміздің алғашқы заңдарының бірі де осы мемлекеттік тіл болатын. Қазақ тілі біздің елімізде тұрып жатқан барлық ұлтты біріктіреді, жақындастырады. Елдің ілгері басуы осы бірліктің, тұрақтылықтың арқасы екенін естен шығармауымыз керек. Қазір барлық жас үшін тамаша жағдай жасалып жатыр. Сондықтан сіздер, жастар жақсы білім, жақсы тәрбие алуларыңыз қажет. Бізді әсіресе, елдегі өзге ұлт жастарының қазақ тілін өзінің ана тіліндей меңгергені ерекше қуантады. Жалпы, біздің жастарымыздың бәрі осы Асылы Әлиқызынан үлгі-өнеге алуы керек. Біз бүгінгі бесінші форумды Шемонайхада өткізуіміз де бекерден-бекер емес. Біріншіден, бұл көпұлтты аудан, екіншіден, мұнда атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Сондықтан, құрметті жас достар, барлығы сіздердің қолдарыңызда. Тек қана еңбек ету, оқу және барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек, – дей келіп, бірнеше адамға марапат көрсетті.
Сонымен мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін Күршімдегі мектеп-гимназияның мұғалімі, қазақтың келіні Светлана Алдербаева, облыстық лингвистикалық орталықтың оқытушысы Елена Нәбиева облыс әкімінің Құрмет грамотасына, шемонайхалық Е.Рудакова, көкпектілік З.Смыкова, семейлік Ю.Соснина және глубокоелік О.Тюрина облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Шемонайхада мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумы өттіАлқалы форумға қатысушыларды ерекше тебіренткен Асылы Османованың өлеңге бергісіз сөздері еді. Қазақ тілінің сұлу, әсерлі қасиетін терең толғана жеткізген Асылы Әлиқызы:
– Мен қашан да қазақ халқының алдында басымды иемін. Себебі, мен қазақтың сұлу тілін, дариядай дархан көңілін, дос пейілін өміріме үлгі һәм серік етіп келе жатқан адаммын. Себебі, ол менің самалы маңдайыма тиген, дәмі таңдайыма тиген асылым! Сендер, асыл жас қауым, мынаны ұмытпаңдар, қазақ халқы өзге ұлтқа ана да, пана да болған! Елбасымыз келешегіміздің келісті болуы тек жастарға байланысты екенін үнемі айтып келеді. Мен де осы бір дана сөзді ерекше құптаймын. Дәл бүгінгі шараның Тұңғыш Президент күніне орай өткізілуінің өзі жаныма шуақ болып құйылып тұр менің. Әппақ пейілмен қазақ тілін үйреніп жатқан саналы қауым, саналы жастар, әманда аман болыңдар! – деп өзі тебірене, өзгені тебіренте аяқтады сөзін.
Шемонайхада мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумы өтті
Гафура Сарсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар