Шығыс өңіріндегі су қоймаларында қатер жоқ емес

(Дауыстар: 1)
Шығыс өңіріндегі  су қоймаларында қатер жоқ емесШығыс өңіріндегі су қоймаларында қатер жоқ емес. Биыл тамыз айында Катонқарағайда орын алған сел қаупі кез келген уақытта өзге жерде қайталануы ықтимал. Бұл жайында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қалихан Байғонысов баяндады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан су ресурстары жағынан елімізде алдыңғы орында. Тек Ертіс өзенінің бассейнінде 13200 тонна су ағыны, Балқаш-Алакөл бассейнінде 198 өзен бар.

Алайда шығысқазақстандықтарға Ертіс өзенінен келер қауіп жоқ екен. Қара Ертістің су ағыны Ертіс, Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймалары арқылы реттеледі.

Бұл ретте өңірдегі су қоймалары мен олардың меншік иелерін есепке алу бойынша іргелі жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, өңірде 203 гидротехникалық құрылым есепке алынған. Оның ішінде 102 су қоймасы «Шығыс су қоймалары» мемлекеттік мекемесінің, 70 су қоймасы республикалық меншіктің қарауына алынғаны анықталды. Жекеменшікке жиырмадан астам су қоймалары қарайды. Дегенмен, өз баланстарына берілген су қоймаларын қабылдау жауап-кершілігінен қашып отырғандар да бар.

Облыс басшысы барлық су қоймаларын есепке алып, құжаттау жұмыстарын толығымен аяқтау керектігін, осы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға тозығы жеткен су қоймаларына жөндеу жүргізу керектігін атап өтті.

– Қыс басталып келеді. Ертең кездейсоқ су деңгейі көтеріліп кетсе, суды қабылдайтын қоймаларымыз болуы керек. Сондықтан қай аудандарда қиындық бар, сол жердегі су қоймаларының жағдайын жіті тексеруіміз қажет, – деген облыс басшысы республикалық ведомстволардың кейбір ұстанымдарына сын айтып, олардың облыс мүддесіне жұмыс істеуін қатаң ескертті.

Думан Анаш
Мәлімет көзі:Altaynews.kz.
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: сел қаупі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар