Он айда 158 адам жол апатында қаза болды

(Дауыстар: 1)
Он айда 158 адам жол апатында қаза болдыАғымдағы жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 1287 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 158 адам қаза тапты және 1615 жол қозғалысына қатысушы жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 46,6% және жарақат алғандар саны 49,5% артқан, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасына көптеген факторлар – жолдың жағдайы, қоғалыстың қарқындылығы, автомобиль, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарының техникалық жарамдылығы, жарықтылығы, жүргізушінің психологиялық дайындығы және басқалары әсерін тигізеді. Олардың ішінде, әсіресе жол қабатының жағдайы маңызды орын алады. Өткен жылғы қыста облыста көктайғақтың салдарынан 2 автоапатқа жол берілгені белгілі.

Өткен қыс мерзіміндегі көлік қозғалыстарына талдау жасасақ, ауа райының қолайсыздығынан республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 350 сағаттан астам шектеу енгізіліпті. Полиция қызметкерлері таулы жерлерден өтетін облыс автожолдарында 100 автокөлікке, ондағы 150 жолаушыға көмек көрсеткен болатын.

Қазіргі кезде облыстың ішкі істер органы тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар қолға алынып жатыр. Мысалы, Казнаковка өткелінің жұмысы аяқталған соң, Күршім және Көкпекті аудандарының ішкі істер қызметкерлері мұз өткелі жабдықталғанға дейін Бұқтырма су қоймасы арқылы тұрғындардың жүруіне бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ, ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарында бақылау күшейтілген.

Қар көшкіні мен қар басып қалу мүмкіндіктерін жою және ақпаратты жедел тарату үшін негізгі бағыттарды қамтитын 5 стационарлық бақылау бекетінде және 11 бағытта тәулік бойы патрульдік кезекшілік ұйымдастырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: жол қауіпсіздігі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар