Мемлекеттік қызметке тәлімгерлер баулиды

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік қызметке тәлімгерлер баулидыТәлімгерлік соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласында кеңінен қанат жайып келе жатқан жақсы дәстүрдің бірі. Жоғары оқу орнын жаңа бітіріп келген жас маманды тәлімгер ұстаздың өз қанатының астына алып, жөн-жоба көрсетіп, тәрбиелеуі тәжірибелі мамандардың қалыптасуына ізгі ықпалын тигізуде. , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанынан құрылған тәлімгерлік мәселелер жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің кезекті мәжілісіне мемлекеттік органдар қызметкерлері мен тәлімгерлер қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық басқармасының тәртіптік кеңес жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің консультант-инспекторы Ә.Тайсариннің айтуынша, облыстық геологиялық және жер қойнауын
пайдалану аймақаралық департаментінде тәлімгерлік саласында оңды жұмыстар атқарылып келеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы – тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов тәлімгерліктің мемлекеттік органдардағы дамуы жайына тоқталып өтті.

– Тәлімгерлік – жастардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына ықпал етудің бір құралы. Аға ұрпақтың сан жылғы тәжірибесін жастарға аманаттаудың бұдан артық тиімді жолы да жоқ, – деп санайды облыстық өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы Талғат Сәтиев.

Департамент басшысының айтуынша, бұл ұжымда өмірде де, өндірісте де әлі тәжірибе жинақтап үлгермеген жастарға мамандықтың қыр-сырын үйрететін жеті тәлімгер бар екен. Әр тәлімгердің өзінің жұмыс жоспары бар. Олардың әрқайсысы жеке бақылау күнделігін де жүргізеді. Әр тәлімгер өзінің атқарған жұмысының жемісі туралы ұжым жиналысында есеп береді.

– Жастармен жұмыс істейтін тәлімгер ізденімпаз болуы керек. Алға қойған мақсатқа жету үшін талап қоя білумен қатар, өзара сенім мен сыйластық та маңызды, – деген департамент басшысы бірқатар тәлімгерлерге алғыс хат табыс етті.

Жиында департаменттің аға тәлімгері Серік Келеманов та сөз алды. Ұжымда Н.Давиденко, Я.Бучнев, К.Кравченко, К.Мұқашев, К.Тлекина сынды тәжірибелі тәлімгерлер бүгінгі күні көптеген жастардың жақсы адам, ағалы маман ретінде қалыптасып, өсуіне үлес қосуда. Геология бөлімінің жетекшісі Нина
Давиденко тәлімгерлікпен тіпті 2008 жылдан бері айналыса бастапты.

Өкінішке қарай, тәлімі мықты тәлімгердің алдын көрген кейбір жастар көп ұзамай басқа жұмысқа ауысып кететін жағдайлар да кездесетін көрінеді. Мұның себебі, мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының төмендігі.

Үйлестіру-әдістемелік кеңесі облыстық өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің тәлімгерлікті ұйымдастырудағы тәжірибесін басқа мемлекеттік органдарға тарату жөнінде шешім қабылдады.


Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар