Демеушілер жетімдерге жақсылық жасауға асығар емес

(Дауыстар: 1)
Демеушілер жетімдерге жақсылық жасауға асығар емесШығысқазақстандық демеушілер жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы келісімшарт жасағанымен, бекітілген жарнаны есепшотқа аудармайды. Облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының көмегімен жұмыс біраз алға жылжығанымен, көптеген қала және аудан әкімдіктері тек қағаз жүзінде «жақсылық» жасаумен қалып қоятыны жасырын емес. Патронаттар туралы мәліметтер алу да қиын болып тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиевтің берген мәліметеріне жүгінсек , 2012-2013 жылдары 352 баланы Қазақстан азаматтары асырап алған екен. Оның басым бөлігі Өскемен (118), Семей (126) қалалары мен Зырян (13), Аягөз (10), Жарма (10), Үржар (17) аудандарына тиесілі. Бүгінде облыста 917 патронаттық ұйым бар, бірақ олардың 61,2 пайызы бюджеттік ұйымдарға жатады.

Басқарма басшысыатап өткендей, облыс көлемінде отбасылық типтегі балалар үйі жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыруға «Қазцинк» мекемесі ұсыныс білдіріп отыр. Аталған кәсіпорын басшылығы Риддер қаласындағы «Синегорье» демалыс базасын коммуналдық меншікке беруге ниет танытқан.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыста 1 326 балаға қызмет көрсетеді. Жалпы есебі 4 млрд. 560 млн. теңгеге келісім жасалған. Келісімшарттың орташа көлемі – 3 млн. 439 мың теңге. Аталған банктегі жеке есепшоты арқылы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар демеу-шілерден көмек ала алады. Бұл нәтижесіз де емес. Бүгінде 112 миллион теңгеден астам қаржы жинақталған. Бұл қаражат тәрбиеленушілердің балалар үйінен шыққан соң тұрғын үй сатып алуына пайдаланылады.

Дегенмен, банк филиалының директоры Нұрлан Күзембаевтың айтуынша, демеушілер әлеуметтік көмек көрсету туралы келісімшарт жасағанымен, бекітілген жарнаны есепшотқа құймайды.

Балалардың құқығын қорғау басқармасының көмегімен жұмыс біраз алға жылжығанымен, көптеген қала және аудан әкімдіктері тек қағаз жүзінде «жақсылық» жасаумен қалып қоятыны жасырын емес. Патронаттар туралы жекелеген мәліметтер алу да қиын болып тұр.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің орынбасары Жақсылық Омарға, облыстық білім беру және балалардың құқығын қорғау басқармаларына нақты тапсырмалар жүктеп, аталған жұмыстардың негізгі үйлестірушілері екендігін атап өтті.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар