Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесі

(Дауыстар: 6)
Тұңғыш Президент күніне арналған  кітап көрмесіТұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесінің тұсаукесері Өскемендегі орталық қалалық кітапханада өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көрменің мақсаты – Елбасының жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін халыққа жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.

Шара барысында кітапхана библиографы Р.Исмурзина мен М.Давиденко көрмеге келушілерді Елбасының өмірі мен қызметіне арналған әдебиеттермен таныстырып, қысқаша шолу жасады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында әлемдік саясаткердің жаңа үлгісін қалыптастырған, еуропалық және азиялық ерекшеліктерді шебер үйлестіре білген Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ билікке келуі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатындағы түбегейлі өзгерістер кезеңінің бастамасы болды, деді олар.

Көрмеге Мемлекет басшысының әр жылдарда жарық көрген шығармашылық жұмыстары қойылып, әрқайсысына қысқаша түсініктемелер берілді. Айталық, «Қазақстан Республикасы» сериясының «Елмен сырласу» атты басылымына Президенттің ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, сыртқы саясатта жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды мұрат еткен сөздері мен сұхбаттары енгізілсе, 2007 жылы жарық көрген «Қазақ-стан жолы» кітабында Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттері баяндалады. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Кітап Президенттің ел жастарына арналған үндеуі түрінде ойластырылған.

Шара барысында Елбасының қызметтегі өсу жолы, отбасылық өмірі мен әріптестер пікірін арқау еткен «Хабар» агенттігі мен Президент телерадиокомпаниясы дайындаған «Беймәлім Назарбаев» атты деректі сериал көрсетілді. Шараға қатысқан қазақ-түрік лицейінің және Қазақстан-Ресей гимназия-сының оқушылары кітап көрмесімен жақынырақ танысты.

Көрме желтоқсанның алтыншы жұлдызына дейін жалғасады.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар