Салмағы 58 келі тартатын өте құнды кітап Абай мұражайында сақтаулы

(Дауыстар: 1)
Салмағы 58 келі тартатын өте құнды кітап Абай мұражайында сақтаулыСалмағы 58 келі тартатын өте құнды кітап Семейдегі мемлекеттік тарихи-мәдени, әдеби-мемориалдық Абай мұражайында сақтаулы. Қағазы ескі неміс рецептісі бойынша, ал түбі теріден жасалған кітап Германияның Нюрнберг қаласында шығарылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семейдегі мемлекеттік тарихи-мәдени, әдеби-мемориалдық Абай мұражайының ұжымы Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымызға әр кезеңде сыйға тартылған бағалы жәдігерлердің көрмесін ұйымдастырды.
– Тарихқа шегініс жасар болсақ, бұл мұражайдың жаңа ғимаратының құрылысы 1992 жылы басталған еді. Кейінірек ұлы ақынның туған күні ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін болып шешім қабылданды. 1995 жылы 23-ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Семей қаласына келіп, мұражайдың құрылысымен және мұражай залдарына қойылатын экспозициялық дүниелермен танысқан болатын, – дейді мұражай қызметкері Мейрамгүл Қайрамбаева.

1995 жылғы 10 тамызда мұражай келушілерге есігін айқара ашты. Жаңа ғимараттағы мұражайға алғашқы сыйлықтарды да Президенттің өзі тарту еткен. Алғашқы келушілердің қатарында Елбасы мен Татарстанның сол кездегі президенті Минтемір Шаймиев болған еді. Сондай-ақ, әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар мен елшілер болды. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай ел Президенті бірнеше сыйлықтарды тарту етеді. Оның ішіндегі ең бағалысы «Зерде кітабы» еді. Бұл монументалды фолиант Германияның Нюрнберг қаласында жасалған. Олар кітаптың қағазын ескі неміс рецептісі бойынша жасап шығарған. Кітаптың түбі теріден жасалған. Мұнда 200 бет бар. Кітап өлшемі 64х85 см., ал салмағы 58 келі тартады. Кітапты мұражайға кіргізу де оңай болмаған. Арнайы зембілге салып, алты азамат көтеріп келген. «Зерде кітабына» Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып қолтаңбасын қалдырған. Бұдан соң мәртебелі қонақтар да өздерінің игі тілектерін жазған. Бұл кітапқа екінің бірі қол қоя бермейтінін ескерсек, бүгінге дейін 20 жыл өтсе де, кітап тек 20 пайызға ғана толығыпты. Қол қойғандар арнайы алтын немесе күміс қауырсынды қаламмен жазады екен. Кітап бетінен Ұлыбритания, Жапония, Испания, Белоруссия, Үндістан мемлекеттері өкілдерінің қолдарын, жазған тілектерін көруге болады.

Дана Абайдың мерейтойы күні Мемлекет басшысы Абай туралы энциклопедияны сыйға тартқан. Энциклопедияның бастапқы бетіне «Абай шыңына шығу арқылы мен оның ұлылығына тағзым етемін» деген жазуды қалдырған еді Елбасы.

Мұражайға Президент тағы басқа да көптеген сыйлықтар тарту еткен. Мәселен, Торғай өңірінің тұрғындары Абай портретін кестелеп салып, Елбасыға сыйлаған екен. Бұл сый да бүгінде Абай мұражайынан орын алған. Сондай-ақ, иран суретшісі ақынның портретін акварельмен салған. Сол кездегі Иран Президенті Әли Рафсанджани Қазақстан Президентіне осы суретті сыйға тартады.
Бүгінде портрет мұражайда тұр. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, сыйлықтар өте көп болғандықтан, қосымша экспозиция залы да ашылған.


Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар