Салымшылар теңгеден гөрі шетелдік валютаға сенім артады

(Дауыстар: 1)
Салымшылар теңгеден гөрі шетелдік валютаға сенім артадыДепозитке ақша салушылардың дені кейінгі кезде өзіміздің төл теңгемізді емес, шетелдік валютаны, яғни, АҚШ-тың долларын немесе Еуропаның еуросын қалайды. Айталық, жыл басынан бері теңгемен орналастырылған салымдардың өсімі бар-жоғы 7 пайызды құраса, шетелдік валютада бұл 27 пайызға жетіп жығылған. Шығыс Қазақстан депозиттегі ақша көлемі жағынан республика бойынша бесінші орында тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Салымшылар теңгеден гөрі шетелдік валютаға сенім артадыҰлттық банктің ШҚ облыстық филиалының директоры Марат Барлыбаевтың пікірінше, ел ішінде гулеп жүрген «теңгенің девальвацияға ұшырауы (құнсыздану) мүмкін» деген қауесет салымшылардың тәуекелге бармай, теңгеден гөрі доллар мен еуроға көбірек бүйрек бұрып, сенім артуына әкеліп соғуда.

Осыған орай, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлттық банк филиалын халық арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізбейді деп сынға алды.

– Түсіндіру шараларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұдайы жүргізіп отыру керек. Осыған дейін не бір қалалық, не бір облыстық басылым беттерінде Ұлттық банк тарапынан теңге немесе доллар бағамдарының өсуіне қатысты жазылған қандай да бір ақпараттық мақсаттағы материалдарды байқамадым. Сол сияқты жұртшылықтың алдына шығып жағдайды түсіндіріп, толық мағлұматтар беруге тырысқан бір де бір банктің басшысын көрмедім. Бұл дұрыс емес, депозиттің өзі салымшылардың ақшасының арқасында жұмыс істейтіндіктен, адамдармен үнемі байланыс орнатып, мән-жайды түсіндіріп отыру керек, – деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Өкінішке қарай, банктер алдындағы тұтынушылардың мерзімі өткен берешектері де көбейе түсіпті биыл. Нақты деректерге сүйенсек, ағымдағы он айда оның мөлшері 40 млрд. теңгеге (34% өскен) жуықтаған. Өз кезегінде аймақ басшысы мерзімі өткен қарыздардың үлесін азайту қажеттігін, оны бақылауға алмаса, ертеңгі күні өңірдегі кәсіпорындар мен өнеркәсіп орындарына, басқа да жұмыс көздеріне кесірін тигізетінін айтты.

Сонымен қатар, өңір басшысы банктік төлем карталарын жаппай қолданысқа енгізу мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, көпшілік жұмыс берушілер адамдарға еңбекақыны төлем картасы арқылы емес, қолға беретіндіктен, зейнетақы жарналары мен салықтық төлемдер аударылмай, көлеңкеде қалады. Ал қазіргі еңбеккер ертеңгі зейнеткер екенін ескерсек, жасы жеткенде зейнетақыны қалай алады? Сондықтан банк қызметкерлері салық органдарымен бірлесе отырып, өңірде қанша адам төлем картасын пайдаланатынын, қаншасы айлық жалақыны «конвертпен» алатынын тексеруді мықтап қолға алуы керек.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар