Мектеп құрылысы Үржар ауданында аяқталмай тұр

(Дауыстар: 1)
Мектеп құрылысы Үржар ауданында аяқталмай тұрҮржар ауданындағы үш тірек ауылдың біріне енген Қабанбай елді мекеніндегі мектеп құрылысы былтыр ақпан айында басталған. Биыл жаңа оқу жылында тапсырылуы тиіс еді. Алайда, құрылыс қарқыны саябырсып, мердігерлер межелі уақыттан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мектеп құрылысының жалпы алаңы 3360 шаршы метрді құрайды. Екі қабаттан тұратын мектеп 320 орынға арналған. Мердігері – «ESK» жол-құрылыс компаниясы» ЖШС. Құрылыстың жалпы құны – 650 млн. теңге. Мердігерлердің айтуынша, қазіргі кезде мектеп құрылысына бөлінген қаржының 95 пайызы игерілді.

Ауылдың шығыс жағын ала шеткері орналасқан мектеп құрылысы әйдік. Алыстан көз тартады. Еңселі.

– Бұл мектеп жеті блоктан тұрады. Бүгінгі таңда мектептің А, Б, В, Г блоктарының іші-сырты қапталып, жылыланып жатыр. Сондай-ақ, қабырғаларды сылау, левкаспен ақтау, өрт қауіпсіздігіне арналған орын мен мәжіліс залын сырладық. Құрылыста 50 адам жұмыс істейді, – дейді құрылыс учаскесінің бастығы Оспан Өтепов.

Мектеп құрылысы Үржар ауданында аяқталмай тұрОның айтуынша, мектептің іргетасы таспен қапталмақ. Сондай-ақ, едені ағаштан салынады. Қазіргі таңда ғимараттың барлық есік-терезелері салынған. Желдеткіш жүйесі де әзір тұр. Жеті блоктан тұратын мектептің әр блогында дәретханалар болады. Мектептің бір қанатында құрылысы аяқталуға жақын қалған 120 орындық кең асхана, Үржар ауданындағы ең үлкен, жалпы ауданы – 540 шаршы метр, биіктігі – 7,15 метрді құрайтын спорт залы, оның жуыну, киіну бөлмелері, екінші қабатта 180 орындық мәжіліс залы көз тартады.

Құрылыс жұмысшылары Өскемен, Қалбатау, Үржар және жергілікті ауыл азаматтарынан құралған. Олардың еңбекақысы жұмыс өтіліне қарай беріледі. 40 мың теңгеден бастап, 150 мың теңгеге дейін табыс тауып жүргендері бар.

Мердігерлер мектеп сыныптары заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылатынын айтты. Сонымен қатар, мектеп ауласындағы футбол, баскетбол алаңдарының орнына құм төгіліп, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауыл әкімі Қалихан Нұрымбаевтың айтуынша, Қабанбай ауылының орта мектебінде оқитын 320 оқушы жаңа ғимаратқа ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанында ауысады. Оқушылар жаңа ғимаратта бір ауысыммен оқитын болады.

– Бұл мектеп сәулетімен, заманға сай жабдықталуымен ерекшеленеді. Өйткені, интерактивті тақта, лингофонды кабинет сынды қазіргі заманауи оқыту жүйесіне қажетті технологиямен қамтамасыз етілді. Жұмыс қарқыны жаман емес. Құрылыс материалдары жеткізілген. Су құбыры тартылды. Электр желісі, мектептің өз трансформаторы бар. Бірақ, жобалаушылардың есебі бойынша, ғимарат теплофонмен жылытылады. Негізі, қатты отынмен жылыту тиімді болар еді, – деді ауыл басшысы.

Алдағы уақытта Қабанбай ауылы орта мектебінің ескі ғимаратын 180 орындық бала-бақшаға айналдыру жоспарланып отыр.

Думан Анаш,
суреттер автордікі.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар