Екінші деңгейлі банктер ШҚО-дағы кәсіпкерлікті дамытуға 45 млрд. теңге құйды

(Дауыстар: 1)
Екінші деңгейлі банктер ШҚО-дағы кәсіпкерлікті дамытуға 45 млрд. теңге құйдыАғымдағы жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 45 млрд. теңгеден астам қаржы бөлген. Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы субсидиялау мен кепілдендіру мақсатында кәсіпкерлерден келіп түскен 270 өтінім мақұлданып, екінші деңгейлі банктердің өз қаражаты есебінен несиелерді субсидиялауға 61,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде несие мөлшерлемесін субсидиялауға Тұран Әлем банкі – 47, Қазақстанның Халық банкі – 32, Цеснабанк 26 өтінімді мақұлдаған. Бұл жайындао блыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұтынушыларды несиелендіру мәселесіндегі басты түйткіл – несиелік кепілзат. Бүгінгі күні оның мөлшері алатын несие көлемінің 70-80 пайызын құрайды. Яғни, кепілдікке қоятын мүліктің құны алатын несиенің 70%-нан кем түспеуі керек. Егер қарыз алушының несие тарихы дұрыс болмаса, кепілзаттың құны екі есеге дейін өседі екен. Бұл шарт несие алуға ниетті көпшілік адамдардың қолын байлап отырғанға ұқсайды.

ШҚ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың айтуынша, 2012 жылы аграрлық секторда барлығы 920 млн. теңгенің 4 жобасы іске асырылған болса, биыл 6 млрд. теңгеге 9 жоба қолданысқа енген. Бүгінде «Агробизнес-2020» бағдарламасы бо-йынша барлық шеберлік-жоспарлары құрылып, Үкіметке бекітуге жіберілген. Алдағы уақытта Үкімет қаулысы шыққан соң, ауылшаруашылық секторындағы кез келген ғимарат (мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасы бар) құрылысы мемлекет тарапынан 30 пайыз мөлшерінде субсидияланатын болады. Ал технологиялық қондырғылар 50 пайызға дейін субсидияланбақ. Бұл нені білдіреді? Бұл – екінші деңгейлі банктердің тәуекелі азаяды деген сөз. Ауыл шаруашылығы саласына берілетін несиенің жартысына жуығы мемлекетпен субсидияланады. Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бағытында істеліп жатқан мұндай іс-шаралар бірінші кезекте екінші деңгейлі банктерге қолайлы екенін айтады ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. Сондықтан осы мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау үшін, банктер де тұтынушыларға түсіністікпен қарап, бизнесті несиелеуге белсенді атсалысқандары абзал.

– Банктер ең алдымен экономикаға жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де естен шығармаған дұрыс. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге, қамқорлық-қа алып, қайырымдылық көрсетуден банктердің табысы азайып қалмайды. Байқап отырсам, Халық банкінен басқа-лары мұндай қадамдарға бара қоймаған секілді, – деген облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қаржылық институттардың өкілдеріне бұл бағыттаәғы жұмысты келешекте ширата түсуді тапсырды.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Экономика | Кілт сөдер: кәсіпкерлік

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар